Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының ұсынымы бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Департамент басшысы лауазымына Қанат Турсымбайұлы Сулейменов тағайындалды. Осы мақсатта қалаға Агенттік төрағасының орынбасары Мақсат Жебегенов арнайы келді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Қазіргі заманғы технологиялар мен инвестициялар. Қазақстан Республикасының аумақтық экономикаларын дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Талқылауға алты шетел мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшілері мен дипломаттары да үлес қосты.
Шымкент қалалық «Amanat» партиясының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері «Мадина» макарон фабрикасының қызметкерлерімен кездесті. Жұмысшы топтың қатарында қалалық мәслихат депутаттары, бірнеше саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.
СТУДЕНТТЕР РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ҚАТЫСУҒА ДАЙЫН
Среда, 18 Сентябрь 2024 05:10 Автор Тағабай ҚАСЫМ
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Энергетика – адамзаттың болашағы» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жиында АЭС салу мәселесі талқыға түсті. Оқу ордасының шәкірттері белсенділік танытып, көкейдегі сауалдарын қойды.
Шымкентте 4 кәсіпорынның жұмысы сотпен тоқтатылып, 4 кәсіпорынның жұмысы сотта қаралуда. Бұл жөнінде 2024 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша Департаменттің атқарған жұмыстарына тоқталған Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев баяндады.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдері және басқарма басшыларымен бірге қаланы жаяу аралап, көше мен аулалардың санитарлық жағдайын тексерді. Атап айтқанда, Темірлан тас жолы, Жандосов, Адырбеков, Рысқұлов, Жібек Жолы көшелері және БМК каналы, Түркістан (БАМ) шағын ауданы, 18-ші шағын аудан, Мирас және Шапағат шағын ауданындағы…
ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Пятница, 13 Сентябрь 2024 05:07 Автор Редакция
Шымкент қаласы бойынша Халықтық штаб мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті.
биыл 86 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков баспасөз конференциясын өткізді. Брифингте Қайрат Мейірханұлы Шымкентте бүгінгі таңға дейін 26,5 мың мың гектар жерге дәнді-дақылдар егіліп, одан 86 мың тонна өнім…
ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮШІНШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
Пятница, 13 Сентябрь 2024 05:05 Автор Редакция
Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде тұрақты өсім бар. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайызды құрап, республика бойынша үшінші орынға көтерілген (2023 жылдың тиісті кезеңінде – 6-шы орында болатын).
70-ТЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН КӨРСЕТУДЕ
Пятница, 13 Сентябрь 2024 05:00 Автор Редакция
Шымкентте бүгінгі таңда 72 медициналық ұйым науқастарға медициналық оңалту шараларын көрсетуде. Емдеу мекемелері кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары мен травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша ем-дом жасайды.