Биыл қала аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 млн түп дана қызғалдақ егілді. Отырғызылған гүлдердің жалпы аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды.
Шымкентте дәстүрге айналған «NAURYZ RUN» 5 шақырымдық бұқаралық жүгіру сайысы өтті. 18-29, 30-39, 40-49, 50+ категориялары бойынша әуесқой жүгірушілер, қала тұрғындары салауатты өмір салтын насихаттады.
Қаладағы Арбатта медицина қызметкерлері мен жастар «Денсаулық күнін» атап өтті.

Ғылыми жоба – ғылымға апарар жол

Пятница, 05 Апрель 2024 07:00 Автор
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Жастар ғылымының даму векторлары» тақырыбында республикалық студенттік ғылыми конференция аясында «SCIENCE KIDS – ғылымдағы балалар» атты көрме өтіп жатыр.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасының Чанджи-Хуэй автономды округ губернаторының орынбасары Су Сяоли ханым бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, өзара сауда-экономикалық байланыс, әлеуетті инвестициялық жобалар талқыланды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қаладағы волонтерлік ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Жиында қаладағы волонтерлік ұйымдардың дамуы, ерікті жастардың ұсыныстары мен бірқатар мәселелер талқыға түсті.

ОЙЫЛҒА ҚАРАЙ КӨМЕК КЕРУЕНІ КЕТТІ

Пятница, 05 Апрель 2024 06:50 Автор
Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығынан Ақтөбе облысына екі жүк көлігімен гуманитарлық көмек жолданды. Жүк көлігіне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қажетті азық-түліктер, киім-кешектер, санитарлық тұтыну құралдары, көрпе-төсек, жамылғылар тиелді. Акцияға қала жастары, кәсіпкерлер, тұрғындар қолда барымен бөлісіп атсалысуда.

CАУДА ОРЫНДАРЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА

Пятница, 05 Апрель 2024 06:45 Автор
Қала аумағындағы базарлар «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңында көрсетілген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіріліп, модернизациялаудан өтеді.
Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары кәсіпкерлемен бірігіп, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Керуен көлігінде көрпе-төсек, жылы киім, резеңке етік, рация мен құтқару жұмыстарына қажетті заттар, сонымен қатар азық-түлік, оның ішінде макарон өнімдері, май, шай, дәнді дақыл түрлері бар. Қаражат жинауды…

ҚҰС ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Среда, 03 Апрель 2024 04:43 Автор
Шымкентте ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді жоспар аясында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада 5500-ден астам шаруа қожалығы, 50-ге жуық қайта өңдеуші кәсіпорындар 50,0 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірді.