Спорт – қозғалыс, спорт – денсаулық Избранное

Среда, 14 Июнь 2023 04:49 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 2449 раз

лого марафон 2023

 

Шымкентте 2023 жылдың 17 қыркүйегінде өтетін жеңіл атлетика марафонына қатысушыларды shymkent-marathon.kz сайтында тіркеу жалғасып жатыр. Талап бойынша спортшылар алты қашықтықты таңдай алады, атап айтқанда, олар – Beginner (5 шақырым ), Runner (10 шақырым), Half Marathon (21 шақырым), Marathon (42 шақырым), Scandi (5 шақырым скандинавиялық жаяу жүру), Ekiden (42 шақырым).

700

 

Ұзақ қашықтыққа жүгіруді мақсат еткендер дайындықтан өткен әуесқойлар болса, жүгіруді енді бастағандар Beginner, Runner и Scandi қашықтығын таңдауға мүмкіндігі бар. Соның ішінде, 5 шақырымдағы Scandi жаяу жүрісі туралы маңызды мәлімет ұсынсақ.

Скандинавиялық жүріс – арнайы дайындалған таяқты пайдалана отырып жүретін спорттың бір түрі. Мұны кейде «солтүстік жүріс», «норд жүрісі», «фин жүрісі» деп те атайды. Таяқпен серуендеудің тарихы ежелгі дәуірден басталады, оны бақташылар мен дін өкілдері қиын жерлерде жаяу жүргенде оңай еңсеру үшін таяқтарды көмекші ретінде пайдаланған. Ал 40-жылдардан кейін финляндиялық кәсіби шаңғышылар шаңғы маусымында жаттығуларына қолданған. Олар шаңғы таяқшаларымен жерде жүгіруді пайдаланып, шаңғысыз жаттығатын болды.
1990 жылдардың аяғында Scandi көптеген мемлекеттерде кеңінен танылып, бұл спорт түрлерінің қатарына жатқызылды. Кейін бұқаралық бұл спорт түріне Германия мен Австрияда «скандинавиялық жүріс» деп атау беріліп, 2000 жылдары штаб-пәтері Финляндияның Вантаа қаласында орналасқан Халықаралық солтүстік серуендеу қауымдастығы құрылды. «Скандинавиялық жүріс адамның денсаулығына өте пайдалы. Онымен айналысқанда дененің бүкіл бұлшықеттері қозғалысқа түседі. Жүрек пен өкпенің жұмысы жақсарып, жүрек соғысы минутына 10-150 минутқа артады», дейді Royal Fitness & SPA фитнес-директоры Анастасия Толкачева.

702
Жеңіл атлетика марафоны Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп келеді. Негізгі ұйымдастырушысы – Royal Club Fitness & Spa, ал демеушілері мен серіктестері – EVRIKA, Alem Socks, Fitnes club Kasiet, Тараз металлургия зауыты және 1xBet компаниялары.
Аталған спорт түрінде арнайы таяқшаны пайдаланатыны белгілі. Мамандар скандинавиялық таяқтың стандартты, бекітілген ұзындықта және телескопиялық түрлері бар екенін айтады. Жаяу жүретін таяқтардың ерекшелігі – олардың тұтқалары белдікпен бекітілген, бұл таяқтың тұтқасын қыспай итеруге көмектеседі. «Таяқтардың ұшындағы резеңке ауыстырмалы. Сондықтан таяқ мұзда, қарда, жолда пайдалануға да төзімді. Таяқшалар әдетте жеңіл материалдардан – көміртекті талшықтардан, композиттік материалдардан жасалады. Арнайы аяқ киім қажет емес. Кез келген кроссовка жарамды. Жыл сайын Scandi-ді ұнататын Шымкент марафонына қатысушылардың саны артып келеді»- деді Анастасия Владимировна.
Айтпақшы, Shymkent-marathon.kz сайтында қыркүйектегі марафонға қатысушыларды тіркеу жалғасуда. Оған 6 мыңнан астам қатысушы болады деп күтілуде. Жүлде қоры 14 миллион теңгені құрайды. Бұл — өңірдегі ең ірі спорттық шара. Марафонға қатысу үшін тіркелу құны ай сайын өсіп келеді, сондықтан дәл қазір тіркеліңіз!

Хадиша ЖАНЗАҚОВА

Последнее изменение Среда, 14 Июнь 2023 05:33
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.