«ЖАҢА ӨМІР» – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕКТІҢ БАСТАУЫ Избранное

Среда, 04 Октябрь 2023 04:31 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1533 раз

Шымкентте шағын футболдан жастар арасында турнир өтті

Шымкент қаласында «Жаңа өмір» жобасы аясында өткен шағын футболдан пробация есебіндегі жастар арасындағы турнир мәресіне жетті.

503

 

Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат және жастар істері басқармасының қолдауымен өткен турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімінде аталған басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілхайыров сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға алғыс айтып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады. Оның айтуынша, бүгінде Шымкент қаласында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінгі жарыс соның бір көрініс деуга болады.
«Аламан» спорт алаңында өткен жарыста Әл-Фараби ауданының командасы үшінші, Қаратау ауданының командасы екінші орынды иеленді. Ал, Абай ауданы командасы турнирдің жеңімпазы атанды.
Турнирде көзге түскен үздік ойыншылар мен командаларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.