АЛТЫН ЖАУҒАН КҮН Избранное

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:18 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 2437 раз

Жазғы Азия ойындарында 5 қазан күні спортшыларымыз 3 бірдей алтын жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, күміс, қола жүлделер де ел қоржынына саудырлап түсті. Таңертең велоспортшыларымыз жеңісімен қуантса, түс әлетінде каратэ және джиу джитсу шеберлері ерледі.

251

 

Тас жолдағы велоспорттан 207.7 шақырымға созылған топтық сайыста Азия ойындарына бірінші рет қатысқан 23 жастағы Евгений Федоров топ жарды. Бұл сында Алексей Луценко күміс жүлдені олжалады.
Айта кетсек, Евгений Федоров 2018 жылы жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы атанып, 2019 жылы ересектер арасына өтті.
Джиу джитсудан 69 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері, 21 жастағы Нұржан Батырбеков Азия ойындарында топ жарды. Ол финалдық сайыста 2 дүркін Азия чемпионы Мохамед Алсувайдиден (БАӘ) соңғы секундта жеңісті жұлып алды. Сонымен қатар, 62 келіде Мансұр Хабибулла, 69 келіде Серік Алдияр 3-ші орын алды.
Каратэден Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) Непал, Қырғызстан, Малайзия өкілдерін жеңіп, финалға шыққан. Шешуші кезеңде Хасан Масарвехті (Иордания) 8:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Сондай-ақ, Лаура Әліқұл (68 келі) күміс жүлдеге иелік етті. Ол финалда қытай спортшысына ұпай санымен есе жіберді. Сонымен. каратэшілер 1 алтын, 1 күміс жүлдеге иелік етті.
Айта кетсек, еліміздің спортшылары жалпыкомандалық есепте 8 алтын, 15 күміс, 38 қола жүлдемен 11-ші орында тұр. Әзірге, үздік үштікте Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея спортшылары алда келеді. 19-шы Жазғы Азия ойындары 8 қазан күні мәресіне жетеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.