Джиу-джитсуға қызығушылық артуда Избранное

Среда, 24 Апрель 2024 04:31 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 486 раз

Шымкент қаласында джиу-джитсу спорт түрінен «AJP Shymkent International» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Бұл турнир Шымкент қаласында тұңғыш рет өтіп отыр. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ресей мемлекеттерінен жалпы саны 250-ден астам спортшы қатысты.

DLOU

 

— Халықаралық турнирге 6 жастан 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Бұл спорт түрі Азия ойындары бағдарламасында бар. Бұған дейін мұндай турнир Астана қаласында өткен. Жалпы еліміздің бес қаласында өтіп, соңғы турнир Абу-Даби қаласында өтеді, — деді Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маратбек Мықтыбеков.
Джиу-джитсу балаларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, шыдамдылық, қарсыластарын құрметтеуге және достық қатынасты нығайтуға зор септігін тигізеді. Бүгінде Шымкент қаласында джиу-джитсумен 200-ден астам спортшы айналысады. Бапкерлердің айтуынша, бұл спорт түріне қызығушылығы бар балалар қатары жылдан-жылға артып келеді.

Г.БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.