Жас каратэшiлер жарады

Среда, 17 Февраль 2016 06:04 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 5005 раз

Шымкент қаласының №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі биылғы жылды толағай табыстармен бастауда. Мектеп директоры Данияр Исабаевтың қамқорлығымен спорт мектебінің каратэ бөлімінің шеберлері Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен халықаралық турнирден жүлдемен оралды.

11mektepЖарыс 5-7 ақпан аралығында өткен болатын. Мектептің спортшылары өздерінің мықты әрі тыңғылықты дайындықпен келгенін көрсетті. Бойларында жеңіске деген құштарлықтары басым спортшылар намысты қолдан бермеу үшін тер төкті.
Атап айтсақ, 54 келіде Әсел Қанай (14-15 жас), 53 келіде Үсенова Гүлмира (16-17 жас), абсолютті салмақта Дина Бауыржанқызы (+18 жас) және 75 келіде Мейрамбек Төлеев (+18 жас) барлық қарсыластарына айқын басымдық танытып, чемпион атанды. 64 келіде бақ сынаған Шыңтас Қалхаман (16-17 жас) мен 75 келідегі Медеу Райымқұлов (+18 жас) та үздіктер қатарынан көрініп, 2 орынды иеленді. Сондай-ақ, 61 келіде ел намысын қорғаған Уәлихан Нұрғанов (16-17 жас) пен абсолютті салмақта өнер көрсеткен Айжан Анарбай (+18 жас) қола медальді қоржындарына салды.
Еске сала кетсек, қырғыз еліне спортшыларды аталмыш мектептің аға жаттықтырушысы Нұржан Мамешов бастап барды.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.

Другие материалы в этой категории: « Жанбота – жүлдегер! Шымкентте... тұңғыш рет! »