Шымкентте... тұңғыш рет!

Среда, 24 Февраль 2016 05:40 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3919 раз

Жас муай-тай шеберлерінің қарқыны қуантарлық. Шымкент қалалық №11 шығыс жекпе-жек спорты мектебінде жасөспірім және жастар арасында қала чемпионаты өтті. 1998-1999, 2000-2001 және 2002-2003 жылғы жас өрендердің арасынан үздіктер анықталды.

12744636 1700244270221933 1489851938948576823 nБұл – қаланың тұңғыш чемпионаты. Сол себепті Шымкент қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырды. Естеріңізде болса, ақпан айында облыстық муай-тай федерациясы құрылған. Оның басшысы болып Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалған еді.
Жүзден астам балғындардың басын қосқан жарыстың ашылу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы,
қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Қатаев арнайы келді.
– Спорт – денсаулық кепілі, ел абыройы, ұлт мақтанышы. Осы жастардың арасынан келешекте еліміздің ғана емес әлемнің чемпиондары шығатынына сенімдімін, – деді шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов.
Жас өрендердің тартысты жекпе-жегіне Қуандық Сұлтанғали бастаған 20 төреші қазылық етті. Қалада муай-тай спорты дами түскеніне көпшілік куә болды. Тұңғыш біріншілікте 110 спортшы жүлдеге таласты. Әсіресе, №11 мектептің оқушылары тыңғылықты дайындықпен келіпті. Жасөспірімдер арасында (2004-2005) 27 келіде Мұса
Матай, 30 келіде Бәйтен Мұрат топ жарды. 2002-2003 жылғы өрендер арасында Заңғар Оразбек (36 келі), Диас Кеңесбай (45 келі) үздік шықты. Жастар арасында Еркін Мырзахмет (+75 келі), Сәкен Тәжібаев (63 келі) чемпион атанды.
Жарыстың үздік спортшылары болып танылғандар – Бағдат Сағындық, Сәкен Тәжібаев және Бәйтен Мұрат. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.


12744265 1700244500221910 6403962978179223419 n

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.