«Локомотив» стадионында футболдан 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Шымкент қалалық мәслихатының жүлдесіне арналған дәстүрлі халықаралық турнир басталды.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатында қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Мінекей, керемет ауа райында қалалық мәслихаттың дәстүрлі турнирі бастау алғалы тұр. Осы жарысқа қатысып жатқан түрлі облыстан, өзге елдерден келген футболшыларға, жаттықтырушыларына алғысымызды айтамыз. Ешқандай жарақатсыз, жеңімпаз командалармен жабылу салтанатында кездесейік, – деді Н.Бекназаров.
Бас-аяғы бір аптаға жоспарланған жарыста Ақтөбе, Астана, Талдықорған, Қызылорда, Тараз өңірлерінен сондай-ақ, көршілес елдерден келген футболшылар бақ сынауда.
Айта кетейік, турнир 1-8 қараша аралығында, «Локомотив» және Сайрам ауданының екі алаңында өтеді.