ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖЕМІСІ ТӘТТІ Избранное

Среда, 03 Ноябрь 2021 04:35 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1192 раз

Шымкенттегі №215 спорт мектебінің дзюдодан жаттықтырушысы Жеңісбек Досаровтың шәкірттері ел ішіндегі жауапты жарыстардан олжалы оралып жүр. Солардың бірегейі Әбибулла Ерасыл Түркістанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жарыста бас жүлде алса, елордада өткен республика біріншілігінде екінші орынға табан тіреді. Ерасылмен бірге тағы бір шәкірті Пердәлі Әбіш те жүлделі орыннан көрінген. Ал Чехияда өткен ардагерлер арасындағы халықаралық турнирде Данияр Тайыров сынды балуаны Қазақстан байрағын Еуропа төрінде желбіретті.

215

 

– Қай спортшы болса да ел абыройын биікке көтеруді армандайды, – дейді Жеңісбек Досаров. – Шәкірті татамиге шықса, тақымын қысып, жанын шүберекке түйіп отыратын бапкерлерді де осы қатарға қосыңыз.
Қазақстан – біздің Отанымыз. Осы қасиетті мемлекеттен басқа ардағымыз жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Тәуелсіздікті алумен қатар оны баянды ету жағын да көп айтады. Біздің міндетіміз – жаһан жарыстарында Қазақстанның намысын жықпай, байрағын жоғары көтеру. Осы жолда талмай еңбек етіп келеміз.
Бүгінде Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан бокс құрамасының он сайыпқыраны ширек финалға өтті. Дүние жүзі бойынша әлемде көш бастау алдында тұр. Біз өз саламыз үшін ғана емес Қазақстанның бар спорт түрлерінің тілекшіміз. Тәуелсіздіктің жемісі тәтті деген осы.
Халықаралық спорт шебері Ермек Байдуашев басқаратын спорт мектебінің жаттықтырушысы Жеңісбек Досаев осылай дейді. Ол өзімен бірге татамиде тер төгіп жүрген бапкер Бағдат Сейдуалымен бірлесіп дайындаған шәкірттерінің халықаралық сында қазақ байрағын биікке көтереріне сенеді.

Марғұлан ДАНИЯРОВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.