ӘДІЛ СОТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІҢГЕГІ Избранное

Среда, 01 Март 2023 05:02 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 763 раз

«Әділетті Қазақстан» құру тұжырымдамасының алғы шарты – дұрыс әрі әділ шешім шығаратын сот төрелігін қалыптастыру. Бұл ретте елімізде азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету жұмыстары жыл санап жетілдіріліп келеді. Әділ сот жүйесін жолға қою мақсатында елімізде ауқымды тірліктер атқарылып келеді. Жуырда Шымкент қаласының әртүрлі деңгейдегі соттары 2022 жылды қорытындылап, атқарылған жұмыстарын баяндады.

44

 

«Қарыз алдың...»

Шымкент қаласының төрт аудандық сотына 2022 жылы 28 240 талап-арыз келіп түскен. «2021 жылмен салыстырғанда арыз көлемі 8 пайызға артып отыр», дейді мамандар. Азаматтардың талап-аразы бойынша 19 277 іс сот талқылауынан өтіп, 9 796 іске шешім шығарылған. Осы көрсеткішті 2021 жылмен салыстырғанда 135 шешімге немесе 1,4 пайызға артқаны байқалады. Қалалық соттың алқа төрғасы Мұхтар Пәрменов сот төрелігіне жүгінудің артуын қала халқының өсуімен байланыстырды.
– Мұндай статистика мегаполис халқының жылдан-жылға көбеюімен тікелей байланысты. Әсіресе, қалада банктің қарыз шарттары мен отбасылық даулар жөнінде арызданғандар көбейген. 2022 жылы банк келісім шарттарынан туындаған дау 9 790 іске жетіп, бұл жалпы түскен арыздың 34,7 пайызын құрайды. Ал, неке дауы бойынша 6 801 талап-арыз жазылып, өткен жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға көбейді. Оның ішінде 70,3 пайызы
(4 781 іс) некені бұзу туралы іс болған, - деді Мұхтар Абайұлы.
Өткен жылы шаһардағы қылмыстық істерді қарау барысындағы сот төрелігін жүзеге асыру жайын қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Низамиддин Жамашов баяндады. Оның сөзінше, өткен жылы қалалық сотта 2 631 тұлғаға қатысты 2 275 іс тіркелген.
– 2021 жылмен салыстырғанда қылмыс 267 іске артқан. Ең көп қылмыс Әл-Фараби ауданында тіркелген. Өткен жылы осы ауданда 696 іс сот қаралса, Абай мен Қаратау аудандандарында 406 қылмыстық іс тіркелді. Ал, Қаңтар оқиғасына байланысты сот өндірісіне 46 іс келіп түсті. Істердің басым бөлі Әл-Фараби мен Еңбекші ауданында қаралды, - деді Н.Жамашов.

«Отбасылық сот» пилоттық жобасы іске қосылды

Ендігі ретте аудандық соттарда қаралған істерге тоқталсақ. Қаратау аудандық сотында азаматтық істер бойынша 5 687 талап қою арызы түссе, оның 3369-ы сот талқылауынан өтіп, 1 681 іс бойынша шешім,
861 іске сот шешімі шығарылған. Сонымен қоса, 780 іс қараусыз қалдырылып, арыздың 347-сі қысқартылған. Осы істердің 317-сі татуластыру, 299 іс медиатордың қатысуымен, 10-ы сотта тараптардың бітімгерлік келісімімен,
8 партисипативтік келісім арқылы аяқталған. Талап қою арыздың 3 296-сы «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде жолданыпты.
–Қылмыстық істер бойынша өткен жылы 521 тұлғаға қатысты 464 қылмыстық іс түсіп, оның 423-і сотта қаралған. 237 қылмыстық іске үкім шығарылып, 68 азамат бас бостандығынан айыру, 102 тұлғаның бас бостандығын шектеу, 61-і қоғамдық жұмысқа тарту, 4 адамға айыппұл төлеу жазасы тағайындалған. Ал, 128 іс бойынша қаулы шығарылған. Қылмыстық істің ең көбі ұрлық бойынша тіркелген. Бұл жалпы қылмыстық істердің 27 пайызын құрайды. Азаматтық істерге келсек, сот өндірісіне түскен арыздардың басым бөлігі несие және отбасылық қатынастардың дауы. Осы екі іс барлық даулардың 62,1 пайызын құрап отыр. Отбасылық дауларды татуластыру үшін өткен жылы ауданда «Отбасылық сот» пилоттық жобасы іске қосылды,-деді Қаратау аудандық соттың төрағасы Алпысбай Нәлібаев.
Сонымен қатар, интернет алаяқтық бойынша 85 іс қаралған. Жауапқа тартылғандардың алды 5 жыл бас бостандығынан айырылыпты.

Келісімге келгендер көбейді

Еңбекші аудандық сотына 2022 жылы 440 қылмыстық іс түсіпті. Соның ішінде 525 тұлғаға қатысты 407 қылмыстық іс аяқталып, 407 іс бойынша айыптау үкімі, 89 тұлғаға қатысты 85 қылмыстық іс қысқартылған. Медиациялық келісімге келуіне байланысты 2 қылмыстық іс өндірістен қысқартылып, 7 іс біріктірілген. Одан бөлек, 29 адамға қатысты 28 қылмыстық іс сотталушыға қатысты іздеу шараларын ұйымдастыру үшін прокурорға кері қайтарылса, 14 қылмыстық іс соттылығы бойынша басқа сотқа жолданыпты.
Аудандық сотта ең көп қаралған қылмыстық іс – ұрлық пен алаяқтық. ҚР Қылмыстық Кодекстің 188 бабы, яғни ұрлық бойынша 111 қылмыстық іс тіркелсе, Қылмыстық Кодекстің 190 бабы бойынша 91 алаяқтық ісі қаралыпты.
–Еңбекші аудандық сотына сыбайлас жемқорлыққа қатысты 21 тұлғаға қатысты 4 қылмыстық іс түсіп, 5 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығып, ол бойынша сотталушыларға 71 517 508 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған. Бүгінде аталған қаржы толығымен өтеліп, республикалық бюджетке төленіп отыр. Сонымен бірге, 1 тұлғаға қатысты қылмыстық іс соттылығы бойынша өзге соттарға жолданып, қалған 15 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық іс соттың қарауында жатыр. Ал қаңтар оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 272 бабы бойынша 28 адамға қатысты 21 қылмыстық іс түскен. Барлық қылмыстық істер бойынша айыптау үкімдері шығарылды, - деді аудандық соттың төрағасы С.Тоқбергенов.
Бүгінде аудандық соттарда ең көп түсетін талап арыздың – бірі отбасы даулары. Осы мәселені екі тарапқа оңтайлы шешу мақстында «Отбасылық сот» жобасы жолға қойылған. Десе де, сот арқылы дауласып келгендер саны азаймай тұр. Мәселен, Еңбекші ауданында неке бұзу жөнінде 1429 талап-арызы түссе, оның ішінде 614 арызға шешім шығыпты.
263 арыз кері қайтарылса, 250 іс тоқтатылған. Қуанарлығы, тоқтатылған істің 159-ы медиация тәртібімен, 88 іс бойынша тараптар өзара келісімге келген. Екі іс бойынша талап қою арызын қайтарып алынған, партисипативтік рәсімді қолданумен 1 арыз тоқтатылыпты.

3 мыңнан аса арыз сотқа өткен

Ал, Әл-Фараби ауданында азаматтық істер бойынша 4 731 талап қою арызы түскен. Арыз саны 2021 жылмен салыстырғанда 161 іске артып отыр. Осы арыздардың 3052-сі сот қарауынан өтіп, 1704 іске шешім шыққан. Шешімі шыққан азаматтық істер ішінде 11 шешімнің күші апелляциялық алқада жойылған, 22 сот шешімі өзгеріпті.
Өткен жылы аудандық сотқа 696 қылмыстық іс түсіп, 659 іс сот өндірісінде болған. Жұмыс нәтижесінде 380 іс бойынша үкім оқылып,
178 қылмыстық істі жүргізу тоқтатылған екен. 77 іс прокурорға қайта жолданып, 24 қылмыстық іс бағытына қарай өзге соттарға жолданыпты. Қылмыстық істер бойынша статистикаға сүйенсек, 2022 жылы 422 адам сотталған, 11 тұлға ақталып, 180 адамға қатысты іс жүргізу тоқтатылған.
–Ал 35 адам шартты түрде сотталса, 4 тұлғаның жазасы кейінге қалдырылып, 28 адам («Рақымшылық туралы» заңға және тараптардың татуласуына байланысты) қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін атқару сапасына келсек, 2022 жылы 19 тұлғаға қатысты 15 үкім өзгертілген және 1 адамға қатысты үкімнің күші жойылған. 2021 жылы Апелляциялық алқада 4 үкімнің күші жойылып, 21 үкім өзгертілген, - дейді аудандық соттың төрағасынің міндетін атқаушы Сәбит Төреханов.

Дауласушылар мәмілеге келді

Абай аудының соты 2022 жылды қорытындылаған баспасөз мәслихатында жағымды жаңалықтарымен де бөлісті. Алдымен аудандық соттың төрағасы Дидар Мұратбекұлы (суретте) қылмыстық істерге тоқталды.
Өткен жылы 582 адамға қатысты 526 қылмыстық іс түскен. Сонымен қоса, 255 іс 2021 жылдан өтпелі. 612 адамға қатысты 529 қылмыстық іс сот талқылауынан өткен. Нәтижесінде 437 тұлғаға айыптау үкімі шығып, 10 адам ақталған. Одан бөлек, 76 адамның ісі қысқартылған, 61 тұлғаның ісі прокурорға қайтарылыпты.
–Қылмыстық істер 2021 жылмен салыстырғанда 30 пайызға, электронды түрде қаралған істер 65 пайызға өсіп отыр. 2021 жылы электронды түрде 153 қаралса, өткен жылы 433 іс қаралған. Жылдан жылға қала халқының көбеюіне байланысты қылмыстық істердің саны да артып отыр. Ал азаматтық істерге келсек, 2022 жылы 6 772 талап қою арызы түскен.Соның ішінде аяқталғаны – 4 926, кері қайтарылғаны 1333 іс. 145 арыз қабылдаудан бас тартылып, 2004 іс бойынша шешім шығарылған. 741 арыз қараусыз қалдырылған және 1050 іс тоқтатылды, - деді аудандық соттың төрағасы.
2022 жылы Абай аудандық сотында судьялар тарапынан шығарылған 39 шешімнің күші аппеляциялық сотта жойылып, 22 шешімге өзгеріс енгізілген.

43


–Күші жойылған шешім 15 пайызға, өзгергені 37 пайызға төмендеді. Мұндай көрсеткіш сот актісінің сапасы артқанын білдіреді, - деп түсіндірді Дидар Мұратбекұлы. Татуласу рәсімдері жөнінде татуластырушы соттың судьясы Ләззат Әуелбекова баяндады. Оның сөзінше, аудандық сотта 2022 жылдың 12 айында 1050 іс қысқартылып, оның 1001-і татуласу рәсімімен аяқталған.
–Бүгінде қала халқы татуласу, медиация жайында көбірек ақпараттанған. Жер дауы, еңбек дауы, неке бұзу істері бойынша сотқа жүгінген азаматтарға алдымен татуласу рәсімі жүргізіледі. Бұрын татуласу ісіне 5 жұмыс күні берілсе, қазір 10 күнге ұзарды. Нәтижесінде тараптарды мәмілеге келтіруге де мүмкіндік артты. Мәселен, 2021 жылы 457 дау татуласумен аяқталса, былтыр 1001-ге жетті. Оның ішінде 21 іс өзара бітімге келіп, 980 іс сот медиациясымен қаралды, - деді Л.Әуелбекова.
Абай ауданының сотында арнайы екі медиатор-сот күнделікті сотқа арызданған азаматтардың дауын сотқа жеткізбей, келісіммен аяқтауға үгіттейді. Даудың сотқа дейін шешілуі тараптардың уақыты мен қаржысын және туыстық және дос-жарандар арасындағы қатынастарға да сызат түспейді.

Салық дауы алғаш рет медиация арқылы шешілген

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданарлық сот ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде азаматтар, заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер арасында туындаған даулы істерді қарайды.
Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, сотқа 1892 (189 іс 2021 жылдан қалған) әкімшілік талап-арыз түскен. Істердің санаты бойынша ең көп арыз жер, жеке сот орындаушыларына қатысты мәселелер, салық, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу және кеден даулары болған.
–Бұрын азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік мекемелердің үстінен сотқа арызданса көбіне жеңілу жағдайы көп кездесетін. Өйткені азаматтардың мүмкіндігі мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді. Осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде ҚР Президентінің 2021 жылғы 1 шілдесіндегі «Мамандандырылған әкімшілік соттар туралы» Жарлығына сәйкес, еліміздің барлық өңірінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құрылды. Нәтижесінде, мамандандырылған әкімшілік соттар талап қоюшылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп, азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттік мекемелер арасындағы теңсіздікті болдырмау бағытында қызмет атқарып келеді, - деді мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Нұрдәулет Рахынбаев.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің «Сот бақылауы» деген арнайы тарауда судья өзі қабылдаған шешімнің орындалуына тікелей бақылау жасайды. 2022 жылдың 12 айында 55 әкімшілік іс бойынша ақшалай өндіріп алуға процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылған. Өндірілген 4 млн 76 мың 130 теңге толықтай республикалық бюджетке төленіпті.
–Мұндай мәжбүрлеу шарасы 25 мемлекеттік мекеменің басшысына, 3 мемлекеттік мекемеге, 15 мекеменің бөлім басшылары мен мамандарына, 4 талап қоюшы мен 7 сот орындаушыға және 1 басқа тұлғаға қолданылды, - деді соттың төрағасы.
Сонымен қатар, өткен жылы 172 іс татуласумен аяқталған. Татуласу бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мен Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы және қаланың жеке сот орындаушылар палатасы арасында меморандум бекітілген. Нәтижесінде, 2022 жылы алғаш рет салық пен кеден дауларына қатысты істер татуласу тәртібімен шешілген. Мәселен, өткен жылы салыққа қатысты 3 әкімшілік іс медиация келісімімен аяқталыпты.