ҚАРТТАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА Избранное

Пятница, 23 Июнь 2023 05:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 908 раз

Қараусыз қалған қарияларды мемлекеттің қамқорлығына алу мақсатында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты қарттар үйі жұмысын бастады. Қала аумағында орналасқан қарттар үйі кезінде Түркістан облысының балансында қалған болатын. Жаңадан ашылған №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан қазіргі таңда 30-ға жуық қария, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін 5 мүгедектігі бар қарт пана тапқан.

251

 

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық филиалының төрағасы Кенжехан Төлебаев, Тұран ауданының бас имамы Ақтөре Тұрапбай, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Абдезов орталықты аралап, ондағы қарттардың жай-күйін көріп қайтты. Сала мамандары оларға мемлекет қамқорлығына алынған қариялардың ерекше күтімі мен әлеуметтік-медициналық қызмет түрлерін таныстырды.
—Бүгін біз үшін жауапкершілігі мол күн болып тұр. Қалай дегенмен бұл өмір. Осындағы әр қарияға ерекше мейірімділік және қамқорлық көрсету міндетіміз. Әлеуметтік саланың қызметін жүрекпен қабылдау керек. Сондықтан орталық мамандарына кең пейіл, адал қызмет тілеймін. Қарияларымыздың жағдайы үнемі басқарманың назарында болады, — деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.
Жалпы, 50 адамға арналған толық стационарлы мекемеде қариялардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тұрмыстық, медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, мәдени және еңбек терапиясы сынды 7 бағыт бойынша әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Ғимарат асхана, массаж бөлмесі, бассейн, емдік оңалту құрал-жабдықтары және монша, кір жуу бөлмелерімен жабдықталған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.