ҚАУІПСІЗ СҮТ ӨНІМДЕРІН ТАҢДАЙ БІЛЕЙІК!

Понедельник, 26 Июнь 2023 05:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1254 раз

Сүт өнімі – бұл теңдесі жоқ аса құнды тамақ өнімі. Сүт өнімдерінің құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Сүт өнімінің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, тағамның биологиялық құндылығын көтереді.

 

Сүт өнімдерін қалай таңдау керек?
Құрметті тұтынушылар!
 сауда орындарынан сүт өнімдерін сатып алмас бұрын шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз;
 сүт өнімдерін кездейсоқ сатушылардан сатып алмаңыз;
 өнімді таңдағанда әрқашан қаптаманың тұтастығына назар аударыңыз;
 егер қаптама тұтас болмаса, тауарды сатып алуға болмайды;
 өнімнің таңбалануын мұқият оқып шығыңыз, құрамына мән беріңіз;
 өнімнің сыртқы түрін мұқият тексеріңіз;
 сүт өнімдері тоңазытқышта сақталмаса, оларды сатып алмаңыз;
 егер өнім туралы ақпарат болмаған жағдайда немесе оқылмайтын, тым ұсақ шрифтпен жазылған болса, өнімді сатып алмағаныңыз дұрыс.
Әрбір тұтынушы техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздік анықталған өнімдер туралы ақпаратты сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінен http://reestr-np.kz/kaz/ сілтемесі арқылы көре алады.
Сапалы және табиғи, ең бастысы денсаулығымызға қауіпсіз сүт өнімдерін таңдай білейік!


Г. ЖОЛЫМБЕКОВА,

Шымкент қ. СЭБД бөлім басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.