ҚР Конституциясының 26-бабы 1-3 бөліктерінде сатып алынған кез келген сусын, тамақ тұтынушының жеке меншігі боп есептеледі. Оны шектеу – заң бұзу. Ал ҚР Азаматтық кодексінде кез келген азамат билет сатып алса немесе демалыс аумағына кіру ақысын төлесе, өз заттарымен еркін кіруге құқылы.
–Қазіргі таңда қаладағы ірі демалыс аумақтарының, кинотеатр менеджерлерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Оларға заң аясында, заңның баптарын түсіндірілуде. Елімізде тұтынушылардың құқығы толық қорғалған. Ал оны бұзатын кәсіпкерлер көп. Біздің мақсат – оларды жауапкершілікке тарту немесе сотқа беру емес. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру әрі кәсіпкерлердің қала тұрғындарының құқығын бұзбауға шақыру», - дейді Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрасыл Төлеев.
Демалыс аймақтарының ұйымдастырушылары тарапынан осындай құқық бұзушылық байқасаңыз, полицияға хабар беруге болады. Сонымен қатар, құқығыңыз тапталып жатса, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша Шымкент қалалық департаментіне жүгінсеңіз болады. Әрі ведомствомен бірге жұмыс істейтін тұтынушылар құқығын қорғаумен айналысатын қоғамдық бірлестікке 8(701)357 4263 байланыс нөмірі арқылы хабар беруге болады.
Шымкент қаласының сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті