Зейнетақы жарналарының міндетті сипаты

Понедельник, 17 Июль 2023 05:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 510 раз

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - бұл агент (жұмыс беруші) БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына төлейтін ақшалай мәндегі еңбекақы мен өзге де кірістердің барлық түрлерінің 10% бөлігі. Бұл ереже еңбек шарты бойынша да, заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша да қызметкерлерге қолданылады.

 

2023 жылғы 1 шілдеге дейін азаматтардың мынадай санаттары БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге құқылы, бірақ міндетті емес болды:

- салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;

- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап жоғарыда аталған барлық тұлғаларБЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге міндетті болады. МЗЖ төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Ол өз кезегінде оны пайдасына осы жарналар аударылатын жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес БЖЗҚ-ға аударады.

Бұл шара халықты болашақта лайықты төлемдермен қамтамасыз етуді көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту аясын ұлғайтуға ықпал етеді.

Зейнетақы жарналарын төлеуге кімдердің міндетті немесе құқылы екендігі туралы Қордың сайтындағы "Салымшыларға" бөлімінен оқыңыз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.