Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 714 жолаушы лифті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Оның ішінде, көпқабатты тұрғын үйлерде – 568, денсаулық сақтау мекемелерінде – 55, білім мекемелерінде – 37, қоғамдық ғимараттарда – 54 лифт бар.
Тұрғындарға күнделікті тоқтаусыз қызмет көрсететін жолаушылар мен жүк тасымалдаушы лифтілерге уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, лифтілер тұрғындардың ортақ мүлкі болып есептеледі. Сондықтан лифтінің бұзылуын алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу тұрғындардың міндеті болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысына сәйкес, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының «2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында лифт жабдығын жөндеу қайтарымдылығын қамтамасыз ету шартымен жүзеге асыра алады.
Биыл тұрғындардың шешімі негізінде Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлерде 16 жеделсаты ауыстыру көзделген. Осы орайда лифт жабдықтарын ауыстырғысы келетін көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары жергілікті аудан әкімдіктеріне егжей-тегжейлі кеңес және көмек алуға жүгіне алады.
Жеделсатыға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына (24-75-07) хабарласуға болады.