ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ Избранное

Среда, 15 Май 2024 06:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 204 раз

Қазіргі білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, біліктілік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік-жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.

Shigarma

 

Осыған орай қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы шаңырағында «Оқытудағы инновациялық әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында халықаралық семинар-практикум өтті.
Бұл жолғы семинар «Көркем еңбек» және «Бейнелеу өнері» пәнінің ұстаздарына арналған.
Халықаралық практикалық семинарға Қырғызстан мемлекеті және еліміздің білім беру ұйымдарының «Көркем еңбек» және «Бейнелеу өнері» пәндерінің мұғалімдері, ЖОО-ның оқытушылары, әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатысты.
– Семинардың мақсаты жеке тұлғаның қалыптасуын және кеңістіктік-образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімін визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамыту, ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру, өнердің түрлері мен жанрлары туралы білімдерін және шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгерту бойынша тәжірибе алмасу, – дейді Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының директоры міндетін уақытша атқарушы Бикен Умарова.
Семинарда электронды білім беру ресурстарын пайдалана отырып, замануи сабақты ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдерді қолданудағы көркем еңбек, бейнелеу өнері және технология мұғалімдерінің тәжірибелері туралы баяндамалар тыңдалып, түрлі көрмелер, қырғыз-қазақ ұлттық киім көрсетілімдері ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар алдағы уақытта Ы.Алтынсарин атындағы мектеп осындай әдіс-тәсілдерді тарататын базалық мектеп ретінде жұмыс істейтінін жеткізді.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.