КЕЛІСІМ БҰЗЫЛДЫ: инфрақұрылым жүргізілмей, тарифті көтерген Избранное

Пятница, 31 Май 2024 05:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 290 раз

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында индустриалды аймақтардағы электр энергиясы бағасының қымбаттау мәселесі, табиғи монополияларды реттеу департаменті, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаларының есебі тыңдалды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

Kogam

 

Алдымен қоғамдық кеңес мүшесі Нұргүл Қобланова «Жұлдыз», «Оңтүстік» индустриалды аймақтарында орналасқан кәсіпорындар басшыларының шағымдарын жеткізді. Атап айтқанда, электр энергиясы тарифтерінің көтерілуі, «Жұлдыз» индустриалды аймағында инфрақұрылым желілерінің тартылмауы және жер телімдерін жалға алу тарифінің бірнеше есе қымбаттауы кәсіпкерлерге бірқатар қиындықтар тудыруда. Құрылыс бастауға жер телімін жалға алу шартын жасау кезінде инфрақұрылым жүйесін жүргізіп беруге келісім жасалған. Кәсіпкерлердің шағымына қарағанда, қазіргі уақытта инфрақұрылым жүйелері тартылмаған. Және де биыл жыл басында «Жұлдыз» индустриалды аймағында жер телімдерін жалға алу тарифі қымбаттаған.
Н.Қобыланова бұл мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында кәсіпкерлермен кездесу өткізген. Кәсіпкерлердің уәждерін ескеріп, арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. Қоғамдық кеңес төрағасы Бауыржан Әлтеев осы өзекті мәселеге қатысты берілген ұсыныстар тиісті орындарға жолданатынын мәлімдеді. Қоғамдық кеңес мүшелері барлық инфрақұрылым жүргізілмейінше, тарифті көтеруді тоқтатуды ұсынды.
Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Кенжеболат Көшекбаев қазіргі таңда қаладағы табиғи монополиялар субьектілері тарифтері және тарифтерді ұстап тұру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысынан хабардар етті. Қазіргі таңда 5 ірі табиғи монополия субьектісінің заң талабына сәйкес, 5 жылдық тариф бекітілген. Желілердің тозу деңгейі жоғары «қызыл аймақтағы» кәсіпорындар үшін инвестицияларды тарту басым тәртіппен жүзеге асырылады. Ал, «сары» және «жасыл» аймақтардағы кәсіпорындар үшін 2023 жылы жөндеу жұмыстары бекітілген инвест бағдарламалар шеңберінде жоспарлы түрде жүргізілді.
Биыл жылу өндіру кәсіпорнының тозу деңгейі 57,7 пайыздан 55,2-ға дейін төмендеуі күтілуде. Қоғамдық кеңес мүшелері қалада сапалы жылумен қамтамасыз етуде бірқатар мәселе бар екенін, тұтынушылардың жағдайы әрдайым ескеріле бермейтінін алға тартты.
Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев биыл жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларын таныстырды.
Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұлттық өнерді дамыту, оған тұрақты қаражат бөлу, сонымен қатар мәдениет саласында басшылыққа жас кадрларды тарту мәселесі талқыға түсті.
Қала әкімінің орынбасары ұлттық өнерді дамытуда іс-шаралар өткізу, мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегіне қарай жалақы төлеу, шығармашылық үйірмелер жұмысына зерделеу жүргізу қажет екенін айтып, өз ұсыныстарын қосты.
Сондай-ақ, жиында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мөлдір Кеуенова атқырылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері салаға қатысты сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.