ҚҰТҚАРУШЫЛАР БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҮЙРЕТТІ Избранное

Среда, 05 Июнь 2024 05:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 85 раз

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Наурыз» алаңында «Балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Балалар Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен мүдделі мемлекеттік органдардың күш құралдарымен танысып, мамандардың жұмысын көрді. Ата-аналар мен балаларға төтенше жағдайларда қажетті алғашқы қадамдар түсіндірілді.

Kutkaru

 

Сондай-ақ, өрт сөндіру және судағы қауіпсіздікке қатысты сурет салудан конкурс өтті. Бала бойындағы шығармашылық қасиетті дамытудың бірден-бір жолы сурет өнері екені даусыз. Олар көрген дүниені дәл солай қағазға бейнелейді. Түрлі тақырыптарда қаламмен суретті сөйлеткен балаларға, бұл жолы ерекше тапсырма берілді. Төтенше жағдайларға қатысты оқиғалар мен техникаларды бейнелеп салу қатысушыларға ойлы әрі қызықты болды. Үздік сурет авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жиын соңында жасөспірімдер арасында эстафета ұйымдастырылды. Топтық жұмысқа баулитын сайыста қатысушылар тапсырманы белгіленген мерзімде және сапалы түрде орындады. Ал бүлдіршіндер арасында «Кім тапқыр?» сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Балалардың бір сәттік қуанышы өміріне азық болатын ең жақсы қадамдардың бірі болуы мүмкін. Бұл мереке көңілді әрі шығармашылық қабілетті жандандыруға бағытталған жиындарға толы болды.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.