БҰҚАРАНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТЫП КЕЛЕДІ Избранное

Среда, 05 Июнь 2024 05:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 93 раз

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Дендросаябақта Aulet Run жүгіру сайысы өтті. 5 шақырымдық бұқаралық жүгіру жарысына 18 жастан асқан азаматтар, жалпы 100-ге жуық қала тұрғыны қатысты.

bukara

 

Іс-шараға демеушілік еткен – Aulet devolepment group құрылыс компаниясы. Shymkent run club жүгіру клубының жетекшісі Айдана Түлкібектің айтуынша, қалада бұқаралық жүгіру сайысына жылдан-жылға қызығушылық артып келеді. Бұл жолғы сайыста ерлер мен әйелдер 18-29, 30 + категориясы бойынша бақ сынады.
Әуесқой жүгірушілер, қала тұрғындары осылайша саламатты өмір салтын насихаттады. Құрылыс компаниясы тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.