ӘР АЗАМАТ ӨЗІНЕН БАСТАУЫ ТИІС

Среда, 05 Июнь 2024 05:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 158 раз

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында Әскерилендірілген теміржол мекемесінің қызметкерлері арнайы дәріс өтті. Онда мемлекеттік тілдің дамуына назар аудару, әсіресе өңірлерде тиісті дәрежеде қолға алу мәселелері талқыланды.

 

Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы. Мұндағы «Сөйлеу тілі» ауызекі сөйлеу деген мағынада емес, керісінше, жалпы адамзатгың сөйлесу құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды береді. Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін, біз «Сөйлесім тілі» деген тіркесті де қолданамыз. Себебі, «Сөйлесім», «Сөйлеу» түбірі арқылы жасала келіп, сөйлеу процесінің тек адамзатқа тән екенін дәлелдейді. «Сөйлеу» деген сөздің өзі адамның ойын жарыққа шығару қасиетін білдіретіндіктен, көбіне біржақты әрекет ретінде қабылданады.
Қоғамда азаматтардың бір-бірін тыңдай алмайтын күйге түскенін байқаймыз. Сондықтан, алдымен, дұрыс тыңдай алу, дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу, дұрыс оқуды сабақ барысында дағдыға айналдырып, қарым-қатынас әдебін қалыптастыру мақсатында жұмыс істеліп жатыр.
Бірнеше тараудан тұратын дәрістің толық курсы аяқталған соң, Әскерилендірілген теміржол мекемесінің қызметкерлері мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін әрбір азамат өзінен бастауы керек екенін ұғынып, орталық оқытушыларына алғысын білдірді.

Гүлшахар ӨТЕБАЙҚЫЗЫ,
Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.