БӘРІ ДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН Избранное

Среда, 24 Июль 2024 05:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 414 раз

Мемлекет басшысы 2022 жылы қаңтар айында Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде «Халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту – мемлекеттің басты міндеті. Бұл сөздерді нақты істер тұрғысында дәлелдеуіміз керек» деген болатын. Ел Президенті жергілікті әкімдіктердің жұмысы тап осы мәселелермен, яғни, тұрғындардың өмір сүруіне, еңбек етуіне, жүріп-тұруына, өзін қауіпсіз сезінуіне және демалуына қаншалықты қолайлы жағдай жасалғандығымен бағаланатынын да үнемі айтып келеді.

5 халықтың игілігі үшін

 

Осы орайда Шымкент қаласында соңғы жылдары өте ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Жол-көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша көптеген жобалар қолға алынып, халықтың жол, ауыз су, сапалы электр жарығы мен газдандыруға қатысты мәселелері шешіліп жатыр. Бұл бағытта, әсіресе, қаланың орталығынан шалғайда орналасқан тұрғын алаптар мен жаңадан бой көтеріп келе жатқан шағынаудандарға айрықша назар аударылып отыр. Түптеп келгенде, осының барлығы сүйікті Шымкентіміздің 1 миллион 200 мыңға жуық халқының игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар екенін ұмытпауымыз керек.
Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұловтың айтуынша Шымкент қаласы аумағында 838,6 шақырым жылу құбырлары бар. Жылумен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында 2024 жылы бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінді. 2,4 млрд. теңгеге 30 шақырым жыл жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Осы жұмыстардың нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі төмендейді.

Ауыз сумен қамту деңгейі 100 пайызға жетпек

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту саласында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Басқарма басшысының мәліметінше, маусым айында Сайрам елді мекені тұрғындарының сапалы ауыз суға қолы жетті. Қазіргі таңда, 81 елді мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе,
1 елді мекен (Құрсай) кестемен қамтылған. 2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд. теңге бөлініп, жыл қорытындысында Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған еді. Нәтижесінде, 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5 пайыздан 99 пайызға өсті. 2024 жылы Құрсай, Қайтпас-1 және Бозарық тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен толық қамту жоспарлануда. Осы жұмыстардың нәтижесінде елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100 пайызға жетпек.
81 шағынауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағынаудан қамтылмаған. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының, 7 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жыл қорытындысында 4 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, көпқабатты тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60 пайыздан 65 пайызға өсті.
Биыл 2 магистралды кәріз коллекторының және 6 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 12,8 млрд. теңге жоспарланған отыр. Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталды.
Шаһарда 81 елді мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған. 2023 жылы 6 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан, Асар-2, «Ақжар» 110/35/10кВ) құрылыс жұмыстарына 1,6 млрд. теңге бөлініп, жыл қорытындысында 4 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан) құрылыс жұмыстары аяқталған болатын. Нәтижесінде 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98 пайыздан 99 пайыз ға өсті. Тағы 4 елді мекеннің (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай) жаңа құрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары атқару жоспарлануда. Сәуір айында Абай ауданы аумағындағы Асар-2 шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды. Нәтижесінде 1 150 абонент сапалы электр қуатын тұтынуға мүмкіндік алды. Шағынаудан тұрғындары осыған дейін жекеменшік электр жүйесін тұтынып келген болатын. Енді оларға мемлекеттік жүйеге қосылуға жағдай жасалды.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ел игілігіне тапсырылған нысанның мүмкіндіктерімен танысып, тұрғындарды инженерлік жүйелермен қамту кезең-кезеңімен іске асатынын атап өткен-тін.
Құрылысты бас мердігер «А.Мерей и К» ЖШС жүргізіп, 5 айда аяқтады. Құрылыс барысында ұзындығы 105,2 шақырым электр желілері жүргізілді. Қалада бірқатар трансформаторлардың тозығы жеткен. Рзабек Балтабекұлы биыл 50 трансформатор ауыстырылатынын айтады.
Қалада бүгінде табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес, халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 94 пайыздан 96 пайызға дейін ұлғайды. 6 нысан бойынша жұмыстар аяқталды (Тұран, Асар-2, Солтүстік Саяжай, Сәуле, Бозарық, Нұртас). Басқарма басшысы биыл 3 нысанның (Қаратөбе) Тәуелсіздікке 20 жыл, Қайтпас-1) құрылыс жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Қазіргі танда 15 % жұмыстың 15 пайызы атқарылды. Және де 3 нысан (Қарабастау, Жұлдыз-Жалын, Еламан) бойынша конкурс нәтижесі анықталды. Мердігер мекеме шілде айында құрылыс жұмыстарын бастады. 2024 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Жылу жүйелерінің тозу деңгейі 34 пайызға төмендейді

Қазіргі уақытта қала аумағында 838,6 шақырым жылу құбырлары бар. Желілердің тозу деңгейі – 37 пайыз. Сондай ақ, 23 қазандық және 17 сорғы стансасы бар.
23 қазандықтың тозу деңгейі – 30,5 пайыз болса, 17 сорғы стансаларының тозу деңгейі – 41 пайыз екен.
2023 жылы жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 5,0 млрд. теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда, 3,2 млрд. теңгеге 8,7 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1,8 млрд. теңгеге 4,5 шақырым жылу жүйелеріне (Адырбеков, Нұрсәт) қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 нысанның (Нұрсәт) құрылыс жұмыстары аяқталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үй және 464 бюджеттік мекеме тұрақты жылумен қамтамасыз етілді.
2024 жылы жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 4,0 млрд. теңге бөлінді. 2,4 млрд. теңгеге 30,0 шақырымға жуық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ал 1,4 млрд. теңгеге 4 нысанның құрылыс жұмыстары атқарылады. Оның ішінде, 2 нысанның жылу қазандығын жаңғырту жұмыстары басталады және 7,2 шақырым жылу жүйелеріне (2 жоба) қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Басқарма басшысының айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл жылу жүйелерінің тозу деңгейі 34 пайызға төмендейді.

Мыңға жуық көше жарықтандырылады

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522-і жарықтандырылған. Оның ішінде, 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 пайыздан 47 пайызға өсті. 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріртестік аясында 105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 пайыздан 69 пайызға өсті.
2023 жылы 90 көше жарықтандырылып, көрсеткіш 69 пайыздан 70 пайызға өсті. 2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы магистралды 13 көше жарықтандырылады. Сондай-ақ, аудан әкімдіктері тарапынан жалпы 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.