ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ – АШЫҚТЫҚ ПЕН ЖАРИЯЛЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН ҚАДАМ Избранное

Среда, 24 Июль 2024 05:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 455 раз

Жалпыға бірдей декларациялау - бұл біздің қоғамымыздағы ашықтық пен жауапкершіліктің маңызды қадамы. Бұл рәсім арқылы әрбір азамат кірістерін, мүлікі және міндеттемелерін мемлекетке жария етеді.

4 taxes

 

Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты – жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру, көленкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу салық салуды әкімшілендіру бойынша едәуір көп бөлігін қамтып, салық төлеуді толық қамтамасыз ету.
Декларацияны қайда және қалай тапсырамын деген азаматтарға айтарымыз, электрондық үкімет порталы арқылы немесе мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы онлайн формада және қағаз нұсқасын пошта арқылы немесе тікелей тапсыруға болады.
Бұл процесс әр азаматтың әділетті салық төлеуге және экономикалық тұрақтылыққа үлес қосуға мүмкіндік береді. Сіздің ашықтығыңыз – біздің ортақ болашағымызға жасалған инвестиция.
Олай болса, 250.00 салық есептілік нысанын және 270.00 салық есептілік нысанын 2024 жылдың 15 қыркүйек айына дейін тапсыруды ұмытпаңыздар.

***

Салық декларациясы салық төлеушінің салық агентінің салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша мәлімдемесі немесе электрондық құжаты. Онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс.

***

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты кұкық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ак оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.