Жасыл белдеудің қауіпсіздігі маңызды

Вторник, 01 Октябрь 2024 12:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 94 раз

​Жасыл аймақтар өзіне жақын жердегі қаланың демалатын өкпесі іспетті. Қазіргі таңдағы басты мәселе қала халқының жайлы демалуы мен тынығуына қолайлы жағдай жасау.⁣⁣⠀
​Осы мақсатта Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі №133 қаулысымен «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Қала ішінде орналасқан мемлекеттік орман қорының 752 га жер учаскесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №41 қаулысымен «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орман иелену құқығымен берілді. Қазіргі уақытта мекеме атына рәсімделген жер учаскелерінің жалпы аумағы 3220 га құрайды.⁣⁣⠀
​Мекемеде орман тұқымбағын дамыту қолға алынып өткен жылы күзде және биыл көктемде себілген 8,22 га сеппелерде күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.⁣⁣⠀
​⁣⁣⠀
Ғалымдардың деректері бойынша жасыл белдеудің екпелері 30 пайызға дейін шаң-тозаңды, сондай-ақ ауадағы көптеген зиянды химиялық заттарды өз бойында сіңіріп, қоршаған ортаны сауықтыруға үлкен әсерін тигізеді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сондықтан да, орман алқаптарын түрлі қауіп қатерден, әсіресе, өрт қауіпінен аман сақтауды «Жасыл белдеу» мемлекеттік мекемесі орман күзетінің қызметшілері қашан да басты назарда ұстайды. Әсіресе, жаздың ыстық маусымында орман күзетшілері мен мамандары жергілікті тұрғындар арасында, жеке азаматтар мен орманды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде үнпарақтар, нұсқаулықтар таратып, әңгімелер өткізуде, баспасөзде 1 мақала, 4 телеарнада жарияланды. Орман алқаптарының аумағында өрттің таралып кетуін болдырмау мақсатында 157 шақырым көлемде минералдық жолақтарды күтіп-баптау, жаңалау жүргізілді.⁣⁣⠀
​Бұл күндері ауа райының өте ыстық болуынан жасыл белдеу аумақтарында өрттің болу қауіпі өте жоғары болды.⁣⁣⠀
​⁣⁣⠀
Десе де өрт – тілсіз жау. Сондықтан да қаламыздың саясы – жасыл аймақтарды заңсыз ағаштарын кесуден, өрттен сақтауға баршамыз атсалысайық. Ол үшін аумақта болған азамат қолындағы шырпысын, темекінің оты мен шоғын мұқият сөндіріп барып тастағаны жөн. Ағаштың түбінде отырып, от жағуға болмайтындығы туралы қағида талаптарын естен шығармайық.⁣⁣


«Жасыл белдеу» КММ-нің орман өрт сөндіру станциясының басшысы Ахметов Асқар

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.