×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

2 мың адам жұмысқа орналасқан

Среда, 31 Май 2017 07:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3865 раз

Биыл Шымкент қаласы бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген 6 мыңға таяу азамат бос жұмыс орындарына жолданбақ. Өткен 4 ай мерзімінде 2 мың адам жұмысқа орналасқан.

IMG 0200

Қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаровтың төрағалығымен өткен Қоғамдық кеңес мәжілісінде саланың бүгінгі ахуалы сараланды. Қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Қуанышбековтің айтуынша, жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші 5,3 пайызды құрайды. Бұл бағытта азаматтарды кәсіптік негізде оқыту, шағын несиемен қамту, қоғамдық жұмыстарға жолдауға негізгі басымдық берілмек.

IMG 0188Сондай-ақ, күн тәртібінде қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КМК-нің директоры Абзалбек Убелтаев мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысын баяндады. Нақты дерек бойынша, қаладағы 14 пен 29 жас аралығында азаматтардың саны 240 мыңнан асады. Бұл – жалпы қала тұрғындарының 27 пайызы. Осы орайда, жас отбасыларды тұрғын үймен қамту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоғамдық белсенділігін арттыру, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болуда.

Өз кезегінде, сала басшысы жастар арасында WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы арнайы чат ашылып, «Шымкент – қауіпсіз қала» акциясына қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, өз жобаларын жүзеге асыру үшін де жастардың жеке ғимаратқа зәру болып отырғаны Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқылауына ұсынылды.