Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті қала тұрғындарының тамақ өнімдерін тұтынуы бойынша мәліметті оқырман назарына ұсынып отыр.
2023 жылдың 1 қаңтарында Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 192 120 адамды құрады. Шымкенттіктердің 70,9 пайызы, яғни 845 228 адам — қазақ. Ал, 15,9 пайызы немесе 189 271 адам өзбек ұлтының, 6,3 пайызы немесе 75186 адам орыс ұлтының өкілі.
Еліміздің үшінші мегаполисі мәртебесін иемденген Шымкент қаласына әртүлі мақсатта келушілер саны жылдан жылға артып отыр.

ФУТБОЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Среда, 17 Май 2023 04:45 Автор
Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған республикалық футбол фестивалі өтті. Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-ның футбол және әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында футбол фестивалін өткізуді қолға алған болатын.
«Ақарыс» спорт кешенінде банк қызметкерлері арасында футболдан турнир басталды. Ұлттық валюта — Төл теңгеміздің 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан мерекелік іс-шараны қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов ашып, қала әкімінің құттықтауын жеткізді.
Шымкентте «Ана тілі және отбасы – 2023» байқауы мәресіне жетті. Қаладағы он білім ұясынан 800-ден астам оқушы бақ сынаған байқауда бас жүлдені З.Хусанов атындағы №110 жалпы орта білім беретін мектебі жеңіп алды.
Ресми деректерге сүйенсек, Шымкентте 20 мыңнан астам оқушы тегін үйірмелер мен спорттық секцияларға жазылған. Соның ішінде шаһардағы оқушылар сарайында 5 мыңға жуық бала өз таңдаулары бойынша шығармашылығын шыңдайды, білімін жетілдіреді, шынығады. Жас балғындардың рухани және мәдени дамуының маңызды орталығына айналған мекемеде жан-жақты салалар қамтылған. Балаға…

ҚЫРАН ҒҰМЫРЛЫ ДАЛА ПЕРЗЕНТІ

Пятница, 12 Май 2023 05:19 Автор
А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Қыран ғұмырлы Дала перзенті» атты тарихи көрме ұйымдастырды. Көрме Алаш қозғалысының қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, дәрігер, ұстаз Халел Досмұхамедұлының 140 жылдығына орай жасақталды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Жастарға сапалы білім беру, ғылыми бағытын айқындау, жаңашыл идеяларын қолдау, оларды жұмыспен қамту мәселесі жолға қойылған.
Азаматтардың БЖЗҚ бөлімшелеріне өздері келіп өтініш білдіруін талап етпейтін электрондық қызметтер еліміз бойынша барынша танымал болуда. Олар қол жетімді әрі ыңғайлы. Көптеген салымшылар осы қызмет түрлерін enpf.kz. сайтындағы Жеке кабинетте немесе ұялы қосымшада 24/7 режимінде пайдалануды жөн көреді.