Абай облысындағы алапат орман өртінен 14 отандасымыз көз жұмды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына шұғыл ұшып барып, өртке оранған орман алқабын аралап шықты. Президент орманшылардың отбасы мүшелерімен кездесіп, жақындарына көңіл айтты. 12 маусым – елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Мамандар орман өртінің шығу себептерін сараптай келе көбінесе өрт адами фактордың салдарынан болатынын алға тартып отыр. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мен үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық мекемелер де жүргізгені абзал.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптар Әдеп кодексі арқылы күшейтілген. Әдеп кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байналысты мінез-құлық стандарттары деп аталған бес бөлімнен…

Құндылықтар ұлықталды

Среда, 14 Июнь 2023 04:45 Автор
Өткен аптада Абай саябағында татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сабантой» дәстүрі атап өтілді. Бұл — түркі халықтарында, әсіресе, татар-башқұрт ұлттарының дәстүрлі басқосуы.
Зерттеу мақала Ресей мемлекеттік әскери тарих архивінен және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен Шымкент өңіріне қатысты әкелінген (картографиялы) деректері мен құжаттары негізінде жазылған. Мақалада 1866-1900 жылдардағы Шымкент бекінісінің карта-сызбалары, аумағы, құрылыстарының тізімі, ескі қалашықтың тарихы туралы қамтылады.
Нашақорлық – қазіргі қоғамның өзекті проблемаларының бірі. Соның ішінде есірткіден гөрі мас қылатын жасанды препараттардың, әсіресе, жастардың арасында кеңінен таралуы адамзатты алаңдатып отыр. Шымкентте бұл бағытта құқық қорғау, жоғары оқу орындары, білім және медицина мамандары бірлесе жұмыс істеп жатыр. Дәл қазіргі уақытта нашақорлықтың алдын алу…
Қырық жылға жуық тарихы бар «Қазына» би ансамблі — Шымкентті республикада ғана емес, төрткүл дүниеге танытып жүрген шығармашылық ұжым. Оған дәлел, ансамбль күні кеше ТҮРІКСОЙ-дың ұйымдастыруымен Әзербайжан елінде өткен «Харибюльбюль» фестивалінен оралды.

Қабылдау

Пятница, 09 Июнь 2023 04:57 Автор
Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев 2023 жылдың 14 және 28 маусым күндері сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін мемлекеттік қызметшілер мен өзге де азаматтарға қабылдау өткізеді.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарының алдын ала қорытындылары мен су қоймаларындағы қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.
Шаһарда микроклиматты жақсарту бойынша төрт кезеңнен тұратын ауқымды жұмыс жоспары жасалған. 5 маусым – қоршаған ортаны қорғау күні аясында аталмыш жоба бастау алып, қаладағы үш көшенің бойында орналасқан арықтарда су жүре бастады. Бұған қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ұйымдастырған баспасөз турында көз жеткіздік. Басқарма басшысы…