Әдеп жөніндегі уәкіл – мемлекеттің сенімді қызметшісі

Вторник, 13 Август 2024 07:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1676 раз

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес қызмет атқаруы -қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде қала, аудан әкімі аппараттары мен жергілікті атқарушы органдары қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша 34 түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, 21 мемлекеттік қызметшіге түсінік берілсе, жеке және заңды тұлғаларға 12 азаматқа түсінік берілді.

Мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында - мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлемі, жұмыс уақытынан артық қызмет жасаған жағдайда үстемақы төлеу мәселелері, еңбек заңнамасы аясындағы құқықтары, сонымен қатар аталған кездесулер аясында әдеп кодексі талаптарын сақтау, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде кеңестер берілді.

Жеке және заңды тұлғалармен кездесу барысында мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік органдарға жүгінгенде орын алатын кедергілер жайлы, мемлекеттік қызметшілерінің көпшілік алдында сөйлеуі мен мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде ақпараттар мен оларға қолданыстағы заңнамалар аясында тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңестер берілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жоспарын бекітті. Агенттік тарапынан бекітіліген жоспар Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын одан әрі жетілдіруге өз әсерін беруде. Өйткені Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұзушылықтарды болдырмау, оларды алдын алуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады. Бекітілген жоспар бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген 46 мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, мүлікті сенімгерлікке басқаруға беру туралы жұмыстары ұйымдастырылды. Мемлекеттік органда іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша қаладағы аудан әкімі аппаратында діни өкілдерінің қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда, тиісті қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау немесе профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша шара қолдану бойынша тиісті мемлекеттік органға ұсынылады. Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері мен мемлекеттік қызмет туралы бойынша баспа басылымдарында мақалалар ай сайын жергілікті «Шымкент келбеті» газеті беттерінде жарияланып тұрады.

Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан азаматтарды көтермелеу мақсатында мерекелік күндер қарсаңында 51 мемлекеттік қызметші қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидасы талаптарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып жұмыстан тыс уақытта үстеме жұмысқа негізсіз тартқан жергілікті атқарушы органдарына рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейд барысында жұмыстан тыс уақытта жұмысқа тартылған мемлекеттік органдар басшыларына түсінідірме жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды болдырмау және бұзушылықтарға жол берген қызметшілерді алдағы уақытта жауапқа тартылатыны қатаң ескертілді. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымда моральдық-психологиялық ахуалдың жағдайына талдау жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында жүргізілген анонимді сауалнамаға 624 мемлекеттік қызметшілер қатысты, нәтижесінде мемлекеттік органдарда моральдық-психологиялық ахуал өз деңгейінде, тұрақты екендігі анықталды. Мемлекеттік қызметшілермен заңмен белгіленген шектеулер мен тыйым салуды сақтауды қамтамасыз етуге, оның ішінде мүдделер қақтығысын болдырмау мен алдын алуға бағытталған талдау жүргізіліп, кемшіліктер орын алмады.

Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, салауатты әлеуметтік психологиялық еңбек ахуалын нығайту, халықпен сындарлы диалог орнату және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бөлігінде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс екендігін көрсету керек.

 

Мұратжан АКИШЕВ,
Шымкент қаласы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкіліa

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.