Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы

Пятница, 26 Март 2021 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 6866 раз

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі)96-бабына және 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес шығарылған хабарламаны салық төлеушілер қалай орындайды

Салық кодексінің 96-бабының 2-тармагына сәйкес Сіз осы хабарламаны ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындауыңыз қажет. Салық төлеушінің (салық агентінің):

хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда:

мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне қою;

анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін хабарлама бойынша салық есептілігін табыс ету;

салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ, салық төлеушіге осындай соманы аударған күннен бастап әрбір күн үшін Салық кодексінің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды жоюы;

2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – Салық кодексінің 96-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген мемлекеттік кірістер органына анықталған бұзушылықтар бойынша қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктемені табыс етуі камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы танылады.

96-бабының 3-тармағында Салық төлеуші осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген түсінікті камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған мынадай: 1) мыналар: жазып берілуі бойынша әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде; заңды күшіне енген сот шешімің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және қосылған құн салығын есепке жатқызу кезіндегі;

      2) заңды күшіне енген сот шешімінде белгіленген, басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) мұндай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу кезіндегі;

      3) мыналар: заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен және (немесе) дара кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша; заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу кезіндегі бұзушылықтар бойынша ұсынуға құқылы емес.

Осы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Салық кодексінің 118-бабына сәйкес

салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады. Мемлекеттік кірістер органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолданылады.

Салық кодексінің 96-бабының 5-тармағына сәйкес осы хабарламамен келіспеген жағдайда, салық төлеуші немесе оның уәкілетті өкілі мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ ЖАДЫНАМА »