Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Среда, 28 Июль 2021 12:37 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2568 раз

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы  №67 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №67), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №13), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №68), «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №26), «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №28), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдесіндегі №31 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №31), Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 27 шілдедегі хаттамасы, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы» Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 1 шілдесіндегі № 20 қаулысына (әрі қарай - Шымкент қаласының БМСД № 20 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) Шымкент қаласының БМСД № 20 қаулысына 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

3.Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

4.Осы Қаулы 2021 жылғы 2 тамыз 00.00 сағаттан бастап қолданысқа еніп, 2021 жылғы 16 тамызды қоса алғанда заңды күшінде болады.          

Шымкент қаласыныңБас мемлекеттіксанитариялық дәрігері А.Тулебаев


 

Әлеуметтік - экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар

Жұмыс тәртібі

«Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібі

Өнеркәсіп

Қалыпты режимде

-

Коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметі

Қалыпты режимде

-

АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері

Қалыпты режимде

-

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

Қалыпты режимде

-

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қалыпты режимде

-

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.)

Қалыпты режимде

-

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, заң консультантары, адвокат, нотариус, бухгалтер, және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

Қалыпты режимде

-

Гүл дүкендері, фотосалондар

Қалыпты режимде

-

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

Қалыпты режимде

-

Музейлер, кітапханалар

Тыйым салу

-

Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

Тыйым салу

-

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

Тыйым салу

Уақытын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар сағат 22:00 дейін шектеумен,

алдын ала жазылу бойынша, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

Қалыпты режимде

-

Супермаркеттер, гипермаркеттер

Қалыпты режимде

-

Азық-түлік емес дүкендер

Тыйым салу (жеткізу қызметі қалыпты режімде)

-

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер

Тыйым салу

-

Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес),

Тыйым салу

-

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және тағы басқалар).

Тыйым салу

Қонақ үйлер, отельдер қалыпты режимде

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

Қалыпты режимде,

алдын ала жазылу бойынша

-

Қоғамдық көлік

Қалыпты режимде

(бетперделердің киілуі, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, толымдылық отыратын орындар саны бойынша) сенбі және жексенбі күні қоғамдық көліктің қозғалуына тыйым салынады

-

Банктер, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері

Тыйым салынады, тек онлайн режимде рұқсат

Уақытын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Алдын-ала брондау міндетті.

Мектепке дейінгі мекемелер

Тыйым салу

-

Ұйымдар, офистер

Қызметкерлерге COVID -19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген Ұйымдар, офистерді қоспағанда,

80 - қашықтықтан,

20- күндізгі режимде, бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде                     COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі

-

Діни объектілер

Тыйым салу

-

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

Тыйым салу

Тек сору-сыртқа шығару желдеткіші мен ауаның рецеркуляциясы жұмыс істеген кезде, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай уақытын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар сағат 22:00 дейін шектеумен жұмыс істеуге рұқсат, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Жазғы алаңдар

Тыйым салу

Уақытын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері

Тыйым салу

-

Піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын орындарды қоса алғанда, Стрит-фудтар (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек), жеткізумен және әкетуге жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерімен фудкорттар

Әкету мен жеткізу қалыпты режимде. Фудкорттар тек әкетумен және жеткізумен жұмыс жасайды

«Ashyq» жобасына қатысатын Фудкорттарға тек сору-сыртқа шығару желдеткіші мен ауаның рецеркуляциясы жұмыс істеген кезде,толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай уақытын сағат 10:00-нан 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Моншалар

Тыйым салу

-

Сауналар

Тыйым салу

Уақытын сағат 06:00 ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

СПА-орталықтар, бассейндер

Тыйым салу

Уақытын сағат 06:00 ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

Тыйым салу

-

Спорт кешендері, спорттық нысандар, спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

Тыйым салу

Уақытын сағат 06:00 ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

Тыйым салу

Уақытын сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін шектеумен, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Мәдениет объектілері (дайындық)

Тыйым салу

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдардың қатысуына рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

Тыйым салу

Уақытын сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 30%-дан асырмай, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Облысаралық тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Тыйым салу

Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес

Қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Тыйым салу

Толтырылуы 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес

Бильярд

Тыйым салу

Уақытын сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін шектеумен, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 30%-дан артық емес, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

Тыйым салу

Уақыты сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 30%-дан артық емес, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

Букмекерлік конторларының, оның ішінде онлайн режимінде өткізілетін лотерея ұтыс ойынын жүргізуді қоспағанда, лотерея ұтыс ойынын жүргізуге

Тыйым салу

Уақытын сағат 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындарға бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде жұмыс істеуге руқсат, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Боулинг

Тыйым салу

Уақытын сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 30%-дан артық емес, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Цирктер

Тыйым салу

Уақытын сағат 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, толтырылуы 30%-дан артық емес, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары, аттракциондар)

Тыйым салу

Алаңы 1000 ш.м-ге дейін бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай уақытын сағат 17:00-20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Алаңы 1000 ш.м-ден жоғары бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай уақытын сағат 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Ашық ауадағы аттракциондар

Тыйым салу

-

Балаларды сауықтыру ұйымдары

Тыйым салу

-

Жалпы білім беру мектептерінде мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңшаларды) ұйымдастыруға

Тыйым салу

-

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

Тыйым салу

Тыйым салу

Ас беру (еске алу)

Тыйым салу

-

Банкет залдары

Тыйым салу

Тек сору-сыртқа шығару желдеткіші мен ауаның рецеркуляциясы жұмыс істеген кезде уақытын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, бір адамға кемінде               4 ш.м. шектеумен ас беруді өткізу үшін толтырылуы 30%, бірақ 30 адамнан асырмай, мейрамханалар және дәмхана типі бойынша толтырылуы 50%, бірақ 50 адамнан асырмай жұмыс істеуге рұқсат, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Түнгі және ойын клубтары

Тыйым салу

-

Караоке

Тыйым салу

Толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай уақытын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уықытын сағат 22:00 дейін шектеумен.

Зоосаябақ

Тыйым салу

-

Аквасаяжайлар, жағажайлар

Тыйым салу

-

Жабық аквасаяжайлар, жағажайлар

Тыйым салу

-

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар

Тыйым салу

-

Көрмелер

Тыйым салу

Толтырылуы 70%-дан асырмай, бір адамға 6 ш. м.кем емес алаңмен қамтамасыз етілген , бірақ бір уақытта 150 келушілерден аспайтын, уақытын сағат 20:00-ге дейін, ал «Лидер» деген статусы бар қатысушылар уақытын сағат 22:00 дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады

Марафондар (ашық ауада)

Тыйым салу

Тыйым салу

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.