Шымкенттіктер әлеуметтік төлемдерді ХҚО немесе eGov порталы арқылы рәсімдей алады

Пятница, 15 Октябрь 2021 05:13 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1695 раз

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға кім өтініш бере алады? Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері атап өтті. Мұны екі жолмен жүзеге асыруға болады: eGov порталы немесе ХҚО-ға жүгіну арқылы.

 

tson

 

Мемлекеттен төлемдерге өтінішті 20-ға жуық арнайы санатқа жататын азаматтар бере алады. Бүгінде бұл жәрдемақыны төмендегі санаттағы азаматтар алуда:

- ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
- қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері;
- Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан әскерилердің отбасылары;
- қоршауда қалған Ленинград тұрғындары;
- кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары;
- Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға
қатысушылардың отбасылары және басқалары.

Жәрдемақыны ХҚО немесе eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы алуға өтініш беру үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:

* белгіленген үлгі бойынша өтініш;
* жеке басын куәландыратын құжат;
* банк шоты бойынша мәліметтер;
* жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат.

Еске сала кетейік, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жәрдемақы алу үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда ХҚО қызметкерін үйге шақыру қызметі бар. Ол үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалып, сұраныс қалдыру қажет. ХҚО қызметкері өтініш берушімен байланысады және клиентке бару үшін қолайлы уақытын келіседі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.