Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұсынысымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 тамызды, яғни, ұлы Абай Құнанбайұлының туған күнін «Абай күні» деп атауды ұйғарды. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленді.
Хакімнің 175 жылдығына орай бұл күн биылдан бастап тойланбақ.
Қазақтың ұлттық ақыл-ойының ең асқар шыңына бұл құрмет әбден лайық. Президентіміздің бұл шешімі ұлттық руханияттың үлкен қуанышы. Ұлт қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының «өткенге анық көңілмен, болашаққа ашық көзбен қарайық» дегені рас-ау. Абай күні – өткенге анық көңіліміздің, болашаққа ашық көзіміздің бір мысалы.