Ел қуатты болмай, қуаныш тұрақты болмайды
Пятница, 04 Февраль 2022 03:44Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформаларды сәтті жүзеге асырып, Қазақстанда жаңа сипатты әрі әділетті қоғам құруда кәсіпкерлер үлкен рөл атқарады. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, жергілікті ірі бизнес өкілдерімен кездескен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай тұжырды.
13 мыңнан аса жеткіншек тегін жаттығады
Пятница, 04 Февраль 2022 03:25Бүгінде Шымкент қаласында 65 спорт кешенінде 13 059 бала мемлекеттік тапсырыстың аясында спорт секцияларында жаттығып жатыр. Әрі бұл көрсеткіш күннен күнге көбейіп келеді.
СТАНЦИЯ КӨКТЕМДЕ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Среда, 02 Февраль 2022 03:15Шымкент қаласындағы №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы биыл жылыту маусымы аяқталған соң, яғни, көктем айларында іске қосылады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов мәлімдеді.
КҮЙЛІ МАЛДАН КҮЙКІ ТӨЛ ТУМАЙДЫ
Пятница, 28 Январь 2022 03:55Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсетуге бюджеттен 1 миллиард 49 миллион теңге қаржы бөлінген.
УТИЛИЗАЦИЯЛЫҚ АЛЫМ МЕН ВАУЧЕР: отандық автокөлік нарығында қандай өзгеріс болмақ?
Среда, 26 Январь 2022 04:29Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтар күні Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде айтылып, елді елең еткізген, қалың бұқараға жылт еткен үміт сыйлаған мәселенің бірі – автокөліктердің утилизациялық алымдары. Президент бұл жөнінде «Кәсіпкерлер, жалпы қоғамда «Оператор РОП» деп аталатын компанияның жұмысына қатысты көптеген сұрақ туындап отыр. Тіпті, осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Үкіметке РОП операторының утиль алымына иелік етуін тоқтату бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырамын. Мұнымен шетелдегідей мемлекеттік ұйым айналасу керек. Ал алымның ставкасын қайта қарау керек» деген болатын.
АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР – ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ
Пятница, 21 Январь 2022 04:38Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында бүгінде 30 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оған қоса қазіргі таңда бұл аймақта тағы 22 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Оның кейбірі әзірге құжаттарын әзірлеумен айналысып жатса, енді бірі зауыт-фабрикалардың құрылысын жүргізуде. Демек, алдағы бір-екі жылда арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпорындар саны еселей түспек. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ-қа арналған баспасөз туры барысында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы» басқарушы компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Сариев мәлім етті.
ҰҚШҰ – егемендікке нұқсан келтіретін емес, қауіпсіздікті нығайтатын ұйым
Пятница, 21 Январь 2022 04:33Осы күндері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлік күштері Қазақстан аумағынан шығарылып жатыр. Сөйтіп «бұл әрекет еліміздің егемендігіне нұқсан келтіреді» деген пікір жаңсақ екенін көріп отырмыз. Есесіне, Қазақстанға қарсы жасалған террористік шабуылдарға дер кезінде тойтарыс берілді. Елдегі саяси тұрақтылық пен тыныштық және конституциялық заңдылық қалпына келтіріліп, республиканың аумақтық тұтастығын сақтап қалдық.
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Среда, 19 Январь 2022 04:09Шымкент қаласындағы Азаматтық ресурстық орталықта үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен азаматтық қоғам мүшелері «Жаңа Қазақстан» интелектуалды идеялар алаңында жұмылу» тақырыбында арнайы жиын өткізді.