ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫНДА ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ Избранное

Среда, 22 Февраль 2023 04:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1221 раз

Шымкент қаласының 2023 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қортындылары жарияланды. Мәліметтерге сүйенсек, осы кезеңде қалада 70.3 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл 2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 8.2 пайызға жоғары.

32

 

Биыл экономиканың осы саласы бойынша Шымкент қаласында 9 жоба жүзеге асырылып, оған жалпы соммасы 9 миллиард теңге инвестиция құйылады деп жоспарланған. Бұл өз кезегінде 285 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Биылғы жылдың қаңтар айында Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6.9 пайызға ұлғайып, 3.1 миллиард теңгеге жетті.
Есепті мерзімде қаладағы құрылыс жұмыстарының жиынтық көлемі 1.7 миллиард теңгені құраған. Соның ішінде 37.8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар қаңтар айында негізгі капиталға 23.5 миллиард теңге тікелей инвестиция бағытталған. 2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда нақты көлем индексі 118.6 пайызды құрап отыр.
Бүгінде Шымкент қаласында еңбекке қабілетті адамдардың 4.9 пайызы жұмыссыз ретінде тіркелген. Ал, жастар арасындағы жұмыссыздық 3.9 пайызға тең. Мұнан бөлек шаһардағы еңбекке қабілетті азаматтардың 29.5 пайызы немесе 132.4 мың адам өзін өзі жұмыспен қамтыған.
Айта кетейік, 2023 жылы Шымкент қаласында азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту шараларына 7 миллиард 667.1 миллион теңге қаржы бөлінді.