×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Мүлiктi жария ету – ел экономикасына құйылған табыс

Пятница, 11 Декабрь 2015 06:51 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4834 раз

Жер – қай кезеңде де халық үшін қадірлі. Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов жер телімдерін пайдалануға қатысты мәселелер қатаң бақылауға алынатынын мәлімдеген болатын. Оған себеп те жоқ емес. Облыс орталығы аумағындағы аудан тұрғындарымен кездесуінде жер телімдеріне қатысты мәселе жиі көтерілген-ді. Демек, жер телімдерін рәсімдеуге жауапкершілікпен қарау, мемлекет мұқтажына қайтаруда мүмкіндігінше жерді иелерінен сатып алмай, орнына басқа жер телімдерін ұсынып, қазына қаржысын үнемдеу маңызды.

8da7e800de91a3326f5003b3e95Осы және өзге де мәселелер қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен қала әкімдігінің мәжілісінде кеңінен талқыланды. Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қасымбек Сайлауов «қала аумағындағы білім нысандарына қарастырылған жерлерді мемлекет мұқтажы үшін қайтару және рәсімдеу жұмыстарының жағдайы туралы» баяндама жасады. Баяндамадан белгілі болғандай, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында орналасқан бірқатар жер телімдерін білім нысандарының құрылысы үшін рәсімдеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда, жалпы аумағы 50,95 гектарды құрайтын 18 мектептің және 8,7 гектарды құрайтын 7 балабақша үшін жер телімдері рәсімделуде. Жалпы, білім саласы нысандарының құрылысы үшін жер телімдерін бөлу мәселесі келесі жылдың 1 ақпанына дейін толық шешілетін болады.
Күн тәртібінде қаралған келесі мәселе, мүлікті жария ету жұмыстарының барысы бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Асқар Қайыпов аудандарда құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның өтініш қабылдау жағдайына тоқталып өтті. Шымкентте бүгінгі таңда барлығы 1720 азаматтың өтініші қаралған. Жария етілген мүліктің жалпы құны 12 миллиард 126 миллион теңгені құрады. Айта кетейік, қазіргі таңда құны 561 миллион 122 мың теңгенің мүлкі арнайы комиссияның талқылауына ұсынылған. Ондағы мүліктің 892-сі тұрғын үй нысаны, 13-і тұрғын емес нысан, 71-і коммерциялық нысанға жатады.
– Мүлікті заңдастыру – бұл әлемдік тәжірибеде бұрыннан бар үрдіс, көлеңкелі экономикамен күрес. Яғни, мемлекет үшін де, азаматтар үшін де тиімді. Сол себептен де, ел үкіметі азаматтардың бүгінгі белсенділігі мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылып отыр, – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, атқарылған жұмыстар бойынша бөлім басшыларына бірқатар сын-ескертпелерін айтқан қала әкімі жауапты сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.