Заманауи жобалар таныстырылды

Среда, 18 Май 2016 06:05 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 2229 раз

Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент - Қазақстандағы үшінші мегаполис» атты инвестициялық кездесу өтті. Кездесуде шаһардың инвестициялық мүмкіндіктері сөз болып, үшінші қаланың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы заманауи жобалар таныстырылды.

rixos

Қазіргі таңда қаланың агломерациясына оң әсер ететін жобалардың бірегейі «Тұран» шағын ауданында бой көтеретін «Shymkent City» қалашығының жобасы әзірленіп, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл реттегі инвестициялық пікірлесудің мақсаты – климаты жанға жайлы, инфрақұрылымы дамыған Шымқалаға инвесторларды тарту. Сол арқылы қаламызды Оңтүстіктегі кәсіпкерлер қызыға келіп, қимай кететін инвестициялық мегаорталыққа айналдыру көзделген. Айта кетерлігі, осы жылғы бюджеттен инженерлік-коммуникациялық жүйелердің құрылысына 1,9 млрд. теңге бөлініп, жалпы инвестиция көлемі 274,6 млрд.теңге, оның ішінде жеке инвестициялар 172,3 млрд.теңгені құрады.
Бұл дегеніміз қалада кәсіпкерліктің уақыт өткен сайын дамып келе жатқандығын түсіндіреді. Презентация барысында «Shymkent City» жобасының іске асуы мен Шымкент қаласының индус-триялық және мәдени дамуы бойынша іс-шараға қатысушылар тарапынан ұсыныстар білдірілді.

Последнее изменение Среда, 18 Май 2016 06:12
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.