Жауын суынан қауіп жоқ Избранное

Среда, 09 Ноябрь 2022 05:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 546 раз

Шымкентте апта жаңбырлы басталды. Тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелері мен аулаларды су басып жатыр. Дегенмен, жаңбыр суын тазарту жұмыстары жауапты мекемелер тарапынан дер кезінде жүргізілуде.

687

 

Қала тұрғындарынан соңғы екі күн ішінде 15-ке жуық хабарлама түскен. Оның бәрі ауласына кіріп кеткен жаңбыр суын тазарту туралы айтқан.
Жауапты мамандар Республика даңғылы бойындағы «Колос» тоннелінде, Арғынбеков пен Өтегенов көшелерінің қиылысында, Желтоқсан көшесінде және Көксай-3, Нұртас, Тұран шағынаудандарында аулаға кірген суды сорып, Назарбаев даңғылындағы айналма жолдың қасындағы сайда жиналған жауын суының жолын қосымша бітеу жұмысын жүргізді.
Жаңбырдың салдарын жоюға ТЖД-нің 61 қызметкері мен 17 техникасы және 9 дана мотопомпа жұмылдырылып, шамамен 336 текше метр су шығарылды. Тұран шағынауданындағы Жаңақұрылыс көшесінің бойындағы тұрғын үйді су алып кету қаупінің алдын алу мақсатында құмдалған 300 дана қап қойылды. Қазіргі танда жеке үйлерді су басу қаупі жоқ, дейді Шымкент қаласы ТЖД мамандары.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.