Қазіргі таңда жеке кәсіпкер тарапынан Сайрам су өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы аяқталды. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, көпір ені – 7 метр (жолдың жүріс бөлігі – 5,87 метр, аяқ жол – 0,85 метр) және екі жақтама жаяу жүргінші жолы, қарама-қарсы көлік қозғалысы қаралған. Жобаның жалпы құны – 30 млн теңге.
Сонымен қатар, мердігер мекеме «Мэри компани» ЖШС тарапынан көпір аумағына орташа жөндеу (400 метр) жұмысы жүргізілді.
Айта кетсек, аудан бойынша берілген 48 хаттамалық тапсырманың бүгінде 30-ы орындалды. 18-і орындалу барысында.