ЕКІ КӨШЕДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ Избранное

Среда, 12 Июль 2023 04:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 363 раз

Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабында Сатқанбаев және Ырсымбетов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысандарда болып, құрылыс қарқынын тексерді.

556

 

Жобаға сәйкес асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 1,4 шақырымды құрайды. М.Дүйсенбекұлы жұмыстарды сапалы жүргізіп, өндірістік кестеге сай шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жалпы, қаламыздың жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға іс-шара жоспары бекітілген. Бұл жұмыстар аталған жоспар аясында іске асырылуда.
Аталған аумақтағы 11 көшенің алтауы асфальтталған болса, 5-не шағал тас төселген. Келесі жылы елді мекендегі Жастар, Бердібай, Өтебаев көшелерін асфальттау жоспарлануда. Осылайша 2024 жылы тұрғын алаптың жол мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады. Бас жоспарға сәйкес, қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне басымдық берілген.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.