ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРАЛАРҒА ТОЛЫ АЙ БОЛМАҚ Избранное

Среда, 13 Март 2024 05:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 159 раз

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов қасиетті Рамазан айының ережелері мен тәртіптері, қасиетті Қадір кешін өткізу, мешіттерде тарауих намазын оқу, ауызашар рәсімдері, т.б жағдайларды баяндап берді. Биылғы Рамазан айы 11 наурызда басталды. Сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – Қадір түні, 10 сәуір – Ораза айт мерекесі. Пітір садақа мөлшері 640 теңге болып белгіленді.

orasa

 

– Өткен жылы 33 мың отбасыға азық-түлік себеті үлестірілген еді. Жомарт жандардың қолдауымен биыл да осы бағыттағы қайырымдылық жұмыстары жалғасын табады. Қасиетті айда «Рамазан қоржыны», «Рамазан тәттісі» және тағы басқа қайырымдылық істер, рухани кештер мен іс-шаралар өткізіледі. 60-тан астам мешітте санитарлық талапқа сәйкес, ауызашар рәсімдері ұйымдастырылады. Қасиетті Рамазан айында «Табиғатты аяла» іс-шарасы аясында «Рамазанда бір тал ек» акциясын өткізу жоспарланып отыр, – деді қаланың бас имамы.
Биылғы Рамазанның ерекшелігі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен қатар келуінде. Мұндай сәйкестік 33 жылда бір қайталанады екен.
Мерекеде 6 қайырымдылық орталығы арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріледі. Және әз-Наурыз мерекесінде ауызашар, ұлттық ойындарға кезек беріліп, жамағатқа наурыз көже, бауырсақ т.б. таратылады.
Сондай-ақ, бас имам
Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауы мен үндеуін таныстырды. Брифинг барысында қайырымдылық шаралар, ауызашар өткізу жайы, діни дәрістер, Құран курстары, тарауих намазында Хатым Құран оқу мәселелері және тағы басқа сұрақтарға жауап берді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.