Талапты сақтау аурудың алдын алады Избранное

Среда, 20 Март 2024 05:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 331 раз

«Мереке күндері және қасиетті Рамазан айында тамақтан улану мен ботулизмнің алдын алу» тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов қасиетті Рамазан айында, сонымен қатар Наурыз мейрамы қарсаңында тағамнан уланудың алдын-алу жолдарын баяндады.

brifTalapti

 

Қасиетті айда қоғамдық тамақтану орындары мен мешіттерде, үй жағдайында күнделікті ауызашар өтуде. Наурыз мерекесіне байланысты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мерекелерде үй жағдайында дұрыс консервіленбеген өнімдерді тұтыну мен санитариялық талаптарды сақтамай әзірленген тағамдардың салдары ботулизм, тағамдық токсико-инфекция және өткір ішек жұқпалы ауруларының тіркелуіне себепкер болуы мүмкін.
Алдарқұл Райымқұлұлы азық-түлік өнімдерін тасымалдау, әзірлеу, дайындау, сақтау мен жеке бас гигиенасы талаптарының сақталмауы ботулизм, тамақтан улану мен өткір ішек жұқпалы ауруларының бірден-бір негізгі себептері екенін еске салады.
– Қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде түрлі деңгейдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін келушілер мен персоналға арналған раковиналар, қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақталуы қажет. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдарды қабылдау, сақтау, тасымалдаудың қадағалануы және тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуы керек екенін естеріңізге саламыз, – деді А.Ахметов.
Сондай-ақ, брифингте Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова туберкулез ауруының алдын алу бойынша іс-шаралардың барысын баяндады. 24 ақпан - 24 наурыз аралығында республика бойынша «Иә, біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен туберкулезге қарсы іс-шаралар айлығы өтуде.
Шымкент қаласында туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы салыстырмалы тұрақты. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. 2024 жылдың 2 айында қала бойынша туберкулездің 77 жағдайы тіркелген, оның 70-і – өкпе туберкулезі.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.