Кәсіпкерлер санағы басталды Избранное

Пятница, 11 Январь 2019 05:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2067 раз

Шымкентте еліміздегі кәсіпкерлердің жалпы ұлттық санағы басталды. Арнайы оқу курсынан өткен мамандар қалада тіркелген 73 мыңға жуық кәсіпкер азаматтың мекенжайларын аралап, бастаған ісін тастап кеткен-кетпегенін, кәсібі қаншалықты жүріп-тұрғанын, нендей қиыншылықтарға кезігетінін сұрастырып, тіркейді. Соның қорытындысында отандық бизнесмендердің ортақ электронды базасы жасалмақ.

0003 0

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалы директорының орынбасары Данияр Дарменнің айтуынша, бұл науқан бизнесті қаржыландырудағы және өнімдерді өткізудегі проблемаларды шешуге көмек болмақ.
Осы мақсатта палатаның құрылымы клиентке бағдарлану қағидаттары мен жобалық басқару тәсілдері негізінде қайта құрылмақ. Сонымен қатар, кәсіп ашуда кедергілерге тап болған бизнесмендердің жағдайымен танысып, оларды тегін оқытуға жағдай жасау жоспарланып отыр.
– Бұл санақ үш кезеңмен жүреді. Бірінші кезең 2019 жылғы қаңтардың басынан мамыр айының басына дейін созылады. Біз оның аясында 73 мыңға жуық кәсіпкерді аралап, әрқайсысына жеке-жеке барамыз. Бұл бірыңғай цифрландырылған базаны құруға мүмкіндік береді, – деді Д.Мұсаұлы.
Ал екінші кезең аясында кәсіпкерлер арасында электронды сауалнама жүргізіледі. Осы зерттеу нәтижесінде бизнес өкілдерін мазалап жүрген түйткілді проблемалардың тізімі жасалып, талдау жүргізіледі. Қорытынды, үшінші кезеңде кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдармен және үкіметпен бірлескен іс-қимылдарының жоспары пысықталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.