Шымкент қаласына мамыр айында 35 жаңа автобус әкелу жоспарлануда. Қалғандары маусым айының соңына дейін жеткізіледі, деп хабарлайды "Shymkent" ӘКК баспасөз қызметі.
Корпорация өкілдері Хэфэй қаласындағы Қытайда өндіруші зауытта болып қайтты.
2018 жылдың желтоқсан айында "Shymkent" ӘКК және "ҚДБ-Лизинг" АҚ 300 дана автобус сатып алуға жалпы құны 9 млрд 315 млн теңге қаржы лизингі шартын жасасты.
Автобустардың бөлшектері Қытайда дайындалып, Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауытында құрастырылады.
– Бұл автобустар мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен арбадағы балаларға арналған пандустармен, жолаушылар ағынын есепке алу жүйелерімен, қолма-қол ақшасыз төлемдермен, LED-экрандармен жабдықталады.
Бірінші лек 2019 жылдың мамыр айында Шымкентке келеді деп жоспарлануда, – деді "Shymkent "ӘКК" АҚ департаментінің директоры Қадыржан Әбілов.