Шымкент қаласының 2019 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамуы Избранное

Пятница, 31 Январь 2020 03:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5317 раз

Мұрат Әйтенов

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 562,3 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға артқан.
Өнеркәсіп саласында үлесі 85,7 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 481,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 13,9 пайызға артты.
2018 жылмен салыстырғанда есепті жылы өңдеу өнеркәсібіндегі бірқатар салаларда өсім байқалады. Атап айтқанда, мұнай өнімдерінің өндірісі 20,6%-ға, сусындар - 26,8%-ға, тоқыма - 17,9%-ға, химия өнеркәсібі 36,5%-ға, металлургия өнеркәсібі 26,5%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 3,5%-ға өскен.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында екінші бес жылдықта 98,2 млрд теңгеге 2,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарымен 42 жоба іске қосылды.
2019 жылға құны 26,1 млрд теңгені құрайтын, 375 жаңа жұмыс орнымен 8 жоба іске қосылды.

1.«Бал Текстиль» ЖШС – кілем және кілем бұйымдар өндіретін 3-ші цех (1 113 млн теңге, 50 жұмыс орны);
2.«Bitumen Werk» ЖШС – битум өндірісі, (890 млн теңге, 5 жұмыс орны);
3. «Болашақ-7» ЖШС – жеміс және көкөніс шырындарын, алкогольсіз және энергетикалық сусындар өндіретін линия (1443 млн теңге, 37 жұмыс орны);
4. «Asia Trafo» ЖШС – кернеу класы 110-220 және 500 кВ трансформаторлар өндірісі (20 132 млн теңге, 220 жұмыс орны);
5. ЖК «Байтемирова» – Пластикалық ойыншықтар өндірісі (34 млн теңге, 10 жұмыс орны);
6. «ОПЧС-Строй» ЖШС – ұнтақты өрт сөндіргіш өндірісі (404 млн теңге, 10 жұмыс орны);
7. «Рахат-Шымкент» ЖШС (Lotte) – Мармелад өндіру желісі (1 800 млн теңге, 33 жұмыс орны);
8. «Нуралем» ЖШС – Әрлеу материалдарының өндірісі (319 млн теңге, 10 жұмыс орны)

Қала аумағында 2 индустриалды аймақ және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс жасауда.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық (жалпы аумағы 200 га) аймақта құны 29,6 млрд теңгені құрайтын, 1610 жұмыс орындармен 15 жоба жүзеге асырылған. Оның ішінде 2019 жылы 1,3 млрд теңгеге 80 жаңа жұмыс орнын құрайтын 3 жоба іске қосылды.

Аймақта 2010-2019 жылдары 57,6 млрд теңгеге өнім өндіріліп, 40,2 млрд теңгеге өнім экспортталды.
Жалпы аймақ құрылғалы мемлекеттік бюджетке 4,0 млрд теңге салық төленді.
2019 жылы әлеуетті инвесторлармен 56 кездесу өткізілді, оның 21-і шетелдік компаниялар.

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАР

Шымкент қаласында 2 индустриалды аймақ («Оңтүстік – 337 га және «Тассай» - 89 га) жұмыс жасайды. Аталған индустриалды аймақтардың жер көлемі 426 га құрайды.
Бұл индустриалды аймақтарда 110,8 млрд теңгеге 121 жобаны жүзеге асырып, 6,5 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. (2010-2021 жылдар аралығы).
2010-2019 жылдары аймақтарда 72 жоба іске асырылып, 63,8 млрд теңге инвестиция тартылған және 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

Жалпы индустриалды аймақтар құрылғалы бері бюджетке 13,4 млрд теңге салық түсімі түскен. Оның ішінде, 2019 жылы «Оңтүстік» индустриалды аймағы қатысушыларынан 3,3 млрд теңге, ал «Тассай» индустриалды аймағы қатысушыларынан 648,1 млн теңге салық түсті.

«Оңтүстік» индустриалды аймағында

2019 жылы құны 974 млн теңгеге 3 жоба іске қосылып, 20 жұмыс орны ашылды.
«Тассай» индустриалды аймағында 23,1 млрд теңгені құрайтын, 312 жаңа жұмыс орнын құрайтын 6 жоба іске қосылды.
Сонымен қатар, индустриалды аймақтардың жер учаскелері 100% жобаларға толып, әрі қарай дамыту мақсатында 306 гектар жерге жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда 306 га жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажға алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Индустриялық аймақтың инфрақұрылым жүйесі 2 кезеңде жүргізілетін болады. І кезең 76 га – 2020-2021 жж., ІІ кезең 230 га – 2021-2022 жж. Сонымен қатар, индустриялық аймақтың техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Аталған индустриалды аймақта негізінен құрылыс, металлургия және жиһаз өнеркәсібін дамыту көзделген.

КӨЛІКТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ АЙМАҚ

Шымкент қаласының Қазақстанның Еуразия аумағында көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптасуы мақсатында арнайы логистика аймағы жобасы жүзеге асырылуда. Аймақтың жалпы ауданы 92 га құрайды. Жалпы құны 33 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Атап айтқанда:

1. «Kazakhstan Logistic group» ЖШС;
2. «Continental Logistics Shymkent» ЖШС;
3. «НПО «Зерде» ЖШС;
4. «Waimea Group KZ» ЖШС;
5. «Евротранзит Терминал» ЖШС;
6. «Арман Юг Групп» ЖШС

Көліктік-логистикалық аймақта қоймалар, жалпы алаңы 200 мың шаршы метр жеміс-жидек, көкөніс және дәрі-дәрмек тауарларын сақтауға арналған мұздатқыш және құрғақ газ камералары салынған. 60,1 мың шаршы метрді құрайтын қойма іске қосылды.
Бүгінгі күнге 2 жоба («Continental Logistics Shymkent» ЖШС жұмыс жүктемесі - 70%, «Kazakhstan Logistic group» ЖШС жұмыс жүктемесі - 30%) жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, көліктік-логистикалық аймақта қоймалау, сақтау, кедендік тексерумен айналысатын Орталық ашылған.

Кәсіпкерлік

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2020 жылғы 1 қаңтарға 69,4 мың бірлікті немесе 119,6% құрады.
ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2019 жылғы 1 қазанға 147,8 мың адамды немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 104% құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2019 жылдың 1 қазанына 630,5 млрд теңгенің өнімін шығарып, 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 8,9% артты.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2 557,5 млн теңгеге 245 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде:
- Банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 155 жобаға 2 155,5 млн теңгеге;
- Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 35 жобаға 250 млн теңгеге;
- Мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 55 жобаға 152,0 млн теңгеге.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын несиелендіру бойынша 1 114,9 млн теңгеге 92 шағын несиелер берілді.
- Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 50,0 млн теңгеге 42 жобаға қолдау көрсетілді.

Сауда

Жыл қорытындысымен бөлшек тауар айналымының көлемі 381,6 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 7,1% артты.
Қала аумағында бағаны тұрақтандыру мақсатында апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылып, жыл басынан қала бойынша 208 жәрмеңке өткізілді.
«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жанынан тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін 300 млн теңге қаралған. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорына қаралған қаржы есебінен (100 млн тг.) қала аумағындағы наубайханалар ұнмен қамтамасыз етілуде.

Шымкент қаласының аумағында базарларды белгіленген нормаларға сәйкестендіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы, қала аумағында 37 сауда базарлары жұмыс істеуде, оның ішінде 24-і әмбебап,13-і мамандандырылған.
Шымкент қаласында «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Акбар», «Исатай» («Алатау» СҮ) және «Күлтай ана» («Север» СҮ) сауда базарларында қайта құрылымдау жұмыстары толығымен аяқталған.

Бүгінде, «Көктем», «Көмеш-бұлақ», «Қырғы базар», «Қапланбек», «Авто Нұр», «Дархан» және «Айна» базарларда қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде.
Ал, «Жібек», «Алаш», «Самал» және «Жаңа шахар» базарларында құрылыс жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, мал базары және «Бахыт» базардың құрылыс жұмыстары аяқталуда.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

33

Ауылшаруашылық өнімінің көлемі 29,5 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 6,3 пайызға артты. Оның ішінде, мал шаруашылығы - 19,4 млрд теңге, егін шаруашылығы - 9,4 млрд теңгені құрады.
Мал шаруашылығында ет өнімінің көлемі 24,6%-ға, сүт - 1,3%-ға артты.

Егін шаруашылығы

2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылға қарағанда 1,0 мың га артып, 26,8 мың га құрады (2018ж.-25,8 мың га), 78,7 мың тонна өнім жиналды.Оның ішінде:
- Дәнді дақылдар - 10 850,8 га, оның ішінде: бидай 9 875,7 га, арпа – 659,6 га, сұлы – 12 га, дәндік жүгері – 294,1 га, масақты дақылдар – 9,4 га. Жиналғаны – 16 204 тн., өнімділігі –14,9 цн/га;
- Майлы дақылдар - 3 633,0 га, оның ішінде: күнбағыс – 553,1 га, мақсары – 3079,9 га. Жиналғаны – 2532,0 тн. (күнбағыс – 6,8 цн/га, мақсары – 7,0 цн/га).;
-Көкөніс пен бақша - 3 664,4 га. Жиналғаны – 38 476,2 тн, өнімділігі - 105 цн/га.;
- Картоп – 649,9 га. Жиналғаны – 7 864,0 тн, өнімділігі - 121 цн/га.;
- Мал азықтық дақылдар 7 952,7 га, оның ішінде: сүрлем жүгері – 51,4 га, жоңышқа – 7901,3 га. Жиналғаны – 13 391,1тн , өнімділігі - 16,8 цн/га.

Сонымен қатар, күзгі дала мен жиын терім жұмыстарын жүргізуге 1 000 тонна дизель отыны бөлініп, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдеріне сәйкес 330 тоннасы беріліп, қала аумағындағы шаруашылықтардың қазіргі таңда сұраныстары толық көлемде қамтамасыз етілді.

Цифрландыру мақсатында қала бойынша 18 186,7 га егістік жер, 118,9 га жайылым, 91,5 га көпжылдық екпелер цифрландырылды.
Озық технологияны қолдану мақсатында жаңадан 13,9 га жылыжай салынып, жалпы көлемі 183,5 га жетті.

Су шаруашылығы

2019 жылғы жоспарға сәйкес 82,1 шақырым каналдар механикалық тазалаудан өткізілді.
Сонымен қатар, 5 каналға күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтуге жолданды («Көк», «Шымкент», «Чумчак», «Жаңа Сайрам-су Оңжағалау» және «Сай ниже водопада» каналдары).

Одан бөлек, қосымша 5 каналдың («БМК» каналы, «Сасық-1» каналы, «Чинат-1», «Улух» және «Ханка» каналдары) күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамалар дайындалуда.
«Жаңа Оңжағалау Сайрамсу» каналының 150 метр жері бетонмен қапталды.
Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, каналдарда ағын суды жеткізу 80-85%-ға артты.

«Сыбаға» бағдарламасымен 224,0 бас ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен 520 бас ұсақ мал алынды.
Сонымен қатар, 40 мал бордақылау алаңы, 34 жанұялық сүт фермасы, 1 құс фермасы жаңадан ашылды.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында барлығы 4 483,6 млн теңге бөлініп, оның 2 985,0 млн теңгесі 8 бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау мақсатында таратылды. Атап айтсақ:

- Тұқым шаруашылығын қолдауға 3,5 млн теңге;
- Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына 54,1 млн теңге;
- Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен - 1 589,5 млн теңге;
- Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасына - 1 114,0 млн теңге;
- Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасына 100,0 млн теңге;
- Мал шаруашылығы саласында терең қайта өңдеуден өткізілетін өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау бағдарламасына 110,5 млн теңге;
- Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау бағдарламасына 13,4 млн теңге.

Ветеринария «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» мақсатында жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді (2018ж. аса қауіпті-25, жұқпалы-15 түрлі ауруға жүргізілген).

Сарып (бруцеллез) ауруына тексеру барысында 24 бас ІҚМ және 7 бас уақ мал «оң» нәтиже берген ауыл шаруашылығы жануарлары арнайы санитарлық мал сою бекетіне қайта өңдеуге тапсырылып, мал иелеріне 3 498,8 мың теңге өтемақы төленді (2018ж. 8 бас ІҚМ және 23 бас уақ мал иелеріне 889,6 мың теңге төленді).

ИНВЕСТИЦИЯ

2019 жылдың қорытындысымен қалаға 194,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен 45,9 млрд теңге, меншікті қаражат есебінен 113,0 млрд теңге, банктердің кредиттері – 11,7 млрд теңге, басқа да қарыз қаражат - 23,8 млрд теңге.
Қалада Польшалық «Polpharmagroup», Оңтүстік Кореялық «LОТТЕ», неміс «Heidelberg Cement Group» компаниясы, қытайлық «SinYuanSteel», түркиялық «Картал Хали» және басқа да ірі шетелдік компаниялар белсенді жұмыс істеуде.

Қала аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, қала әкімдігі 40-тан астам шетелдік инвесторлармен кездесулер өткізіп, нәтижесінде Ресей, Сингапур, Қытай және Нидерланды елдерінен келген инвесторлармен келісімге келді.
Атап айтқанда:

1. Ресейдің «Авелар Солар Технолоджи» компаниясымен құны 7,8 млрд теңгені құрайтын күн электр станциясының құрылысы жобасы. Аталған жобаға 50 гектар жер телімі берілді, 2020 жылдың төртінші тоқсанында іске асыру жоспарлануда.
2. Сингапурлық «Kinder World International» компаниясымен жалпы құны 7,8 млрд теңгені құрайтын білім беру кластерінің құрылысы жобасы (балабақша, орта білім беру, жоғары оқу орын). Аталған жобаға 20 гектар жер қаралды, 2022 жылы іске асыру жоспарлануда.
3. Отандық «Оңтүстік Корпорация» есебінен жалпы құны 117 млрд теңгені құрайтын заманауи 1 000 орындық клиникасының құрылысы жобасы. Бүгінгі күнге қытайлық «Шанхай Констракшн Групп» компаниясымен құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша келісімге тұрып, нидерландық «Филлипс» компаниясымен құрал-жабдықтарды жеткізуге меморандум түзілген. Жобаны 2022 жылы іске асыру жоспарлануда.

2019 жылдың 15-17 наурызында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ташкент қаласында Қазақстан – Өзбекстан бизнес форумы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара аясында «Қазақстанда жасалған» атты отандық тауарлардың көрмесі өтті, Шымкент қаласынан 20-ға жуық кәсіпорындар қатысты.
18 сәуірде Шымкент қаласында «Керуендер оралады» атты инвестициялық-кәсіпкерлік бизнес-форумы өтті. Шараның басты мақсаты – жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін қаланың экспорттық әлеуетін, инвестициялық тартымдылығы мен мәртебесін арттыру болып табылады. Форумға жалпы саны 400-ден астам адам, оның ішінде әлемге әйгілі бизнесмендер мен Шымкент қаласының кәсіпкерлері қатысты.

19 сәуірде «Тенгизшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер бастаған делегация іс-сапармен Шымкент қаласына келді. Іс-сапардың негізгі мақсаты отандық тауар өндірушілердің тауарларын сатып алу, жергілікті қамту үлесін арттыру және жергілікті тауар өндірушілердің өндірістерімен танысу. «Тенгизшевройл» ЖШС өкілдері қала аумағындағы «Hill Corporation» ЖШС (мотор майын өндіретін), «Шымкентцемент» АҚ, «Стандарт Цемент» ЖШС (цемент зауыттары), «Asia Trafo» ЖШС (трансформатор зауыты), «Karlskrona LC AB» ЖШС (машина жасау) жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, 40-тан аса жергілікті тауар өндірушілермен сатып алу, жергілікті қамту перспективалары бойынша кездесу өткізілді.

25-27 маусымда Шымкент қаласында «Норт Каспиан Оперейтинг» компаниясы делегациясы келді. Компания Солтүстік –Каспий мұнай-газ жобасының операторы болып табылады. Визит аясында жергілікті қамту бойынша меморандумға қол қойды. Сонымен қатар «Karlskrona LC AB» ЖШС, «Asia Trafo» ЖШС кәсіпорындарын аралады.
12 шілдеде Шымкент қаласында көрме орталығында Шымкент қаласының Кәсіпкерлер Палатасы Шымкент қаласының кәсіпкерлік басқармасымен бірге «Қазақстанның үздік тауары-2019» өңірлік конкурсын өткізді. Оған 89 отандық тауар өндірушілер қатысты.

Конкурс 3 номинация бойынша өткізілді: «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары».
Конкурстағы сарапшылардың номинация бойынша берген бағасына қарай келесі кәсіпорындар үздік деп танылғандар:
«Халық тұтынатын үздік тауарлар»:

1. «Asia Trafo» ЖШС;
2.«АРТ Сапалы Құрылыс» ЖШС;
3.«Транс Полимер» ЖШС.
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»:
1. «Әлем-БТ» ЖШС;
2. «ПК «АГФ Групп» ЖШС;
3. «КазИталКожа» ЖШС.

«Үздік азық-түлік тауарлары»:
1. «Завод безалкогольных напитков ВИЗиТ» ЖШС;
2. «Кондитерская фабрика «ПИОНЕР» ЖШС;
3. ИП «Убайдуллаев».

Қазан айында Чех Республикасының Парламенті депутаттары палатасының төрағасы мен делегациясының Шымкент қаласына ресми сапары аясында ұйымдастырылған Қазақстан-Чехия кәсіпкерлік Форумы мен В2В кездесуі ұйымдастырылды.
Чех компаниялары өңдеу, химия, мұнай-химия, тағам, ауылшаруашылық, аграрлық, құрылыс, логистика және туристік секторлардағы қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

12-13 қарашада Орталық Азияда бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру, сауда және жұмыс орындарын құру бойынша USAID жобасының бастамасымен «Rixos Khadisha» қонақ үйінде «IX Орталық-Азиялық сауда Форумы» өткізілді.
Форумға компаниялардың басшылары, мемлекеттік сектор өкілдері және Орталық және Оңтүстік Азия, Еуропа және АҚШ салалық сарапшылары қатысты. Форумның тақырыбы «Жеміс-көкөніс сектордағы инновациялық және инвестициялық тәсілдер».

Форумның қатысушылары Орталық Азиядағы және оның аумағынан тыс жердегі жеміс-көкөніс секторындағы түрлі инновациялық және инвестициялық тәсілдермен танысты. Еуропалық қалпына келтіру және даму банкі жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру бойынша өнімділікті жоғарылату, инвестициялар және қаржы, технологиялық үрдістері туралы сессия өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мамандары аймақтағы органикалық өнімді өндіру барысымен таныстырды. Сонымен қатар, «CERTAcademy» Халықаралық тренингтік компаниясы «ISO 9001:2015, ISO 22000:2018 және ISO 45001:2018 жаңа стандарттарымен басқару жүйелерінде ойлауды өзгерту» тақырыбында халықаралық-тәжірибелік конференциясын өткізді.

25 қарашасында Өзбекстанда Қазақстанның жылы аясында Ташкент қаласында Шымкент қаласының «Шымкент-шырайлы Шаһарым» атты іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шара асында «Шымкент өнімдері» көрмесі өткізіліп, көрмеге Шымкент қаласының бірқатар кәсіпорындарының өнімдері қойылды. Атап айтқанда, «Бал текстиль» ЖШС, «ПК АГФ Групп» ЖШС, «Әлем БТ» ЖШС, «Рахат» ЖШС, «Айкан» ЖШС, «Эмнур» ЖШС, «Юникс» ЖШС, «Визит» ЖШС, «Мадлен» ЖШС және «Алтын дән» ЖШС.
Сонымен қатар, Өзбек инвесторларының қатысуымен есепті жылдың 5 желтоқсанында қаламызда бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған «Альянс» ЖШС (бұрынғы «Ютекс» АҚ) жіп иіру фабрикасы іске қосылды.

ҚҰРЫЛЫС

DSC 3672

Құрылыс жұмыстарының көлемі 87,1 млрд теңгені құрады.
Қалада 2019 жылы мемлекеттік бюджет есебінен жалпы 40,3 млрд теңгеге 113 нысанның құрылысы жүргізілді, оның ішінде:

- 83 тұрғын үй (4594 пәтер, 387,5 мың ш.м.)
- 16 әлеуметтік нысан (14 білім, 1 абаттандыру, 1 мәдениет нысандары);
- 13 инженерлік инфрақұрылым нысандары;
- 1 мемлекеттік орган нысаны (Тәукехан,3).
2019 жылдың қорытындысымен 53 тұрғын үй (2836 пәтер, 246,4 мың ш.м.) пайдалануға берілді:
-16 арендалық (898 пәтер, 71,5 мың ш.м);
- 11 кредиттік (656 пәтер, 48,7 мың ш.м);
- 26 жеке салушылар (1282 пәтер, 126,2 мың ш.м).

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 523,7 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдан 19,2 пайызға артты. Оның ішінде жеке тұрғын үйлердің құрылысы 246,1 мың ш.м. құрады.
Көпбалалы отбасылар 450 пәтермен (98-сатып алу, 352-құрылыс) және жұмыс істейтін 904 жас (600-сатып алу, 304-құрылыс) арендалық пәтермен қамтылды.
Сонымен қатар, «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тарапынан «7-20-25» бағдарламасы аясында жалпы құны 11,4 млрд теңгеге 75,9 мың шаршы метр құрайтын 1 016 пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Арыс қаласын қалпына келтіру

Түркістан облысының Арыс қаласында 2019 жылдың 24 маусымда болған техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында Арыс қаласы 17 секторға бөлініп, Шымкент қаласы әкімдігіне 10-сектор бекітілді.
Бекітілген секторға қарасты 652 тұрғын үйдің 636-ы жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігі анықталды. Бұл нысандардың құрылысына 2019 жылы 2,1 млрд теңге қаралып, толығымен игерілді. Атап айтқанда;
- 580 үй ағымды жөндеуден өтті (1,3 млрд.теңге);
- 56 үй бұзылып, жаңадан тұрғызылды (739,9 млн.теңге);
- 20 үй күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылды (демеушілердің көмегі есебінен жаңадан құрылыс жұмыстары).

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ

2019 жылы қалада қала құрылысын бақылау басқармасымен тексеру негізінде 615 хаттама толтырылды. Оның 408 жеке құрылыс объектілерге қатысты болса, қалған 47 бюджет есебінен салынып жатқан объектілер, 12 лицензияға, 148 пайдаланылмай жатқан ауыл-шаруашылық мақсатындағы жерлерге қатысты.

Тексеру нәтижесінде, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес 605 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 133,8 млн теңгеге айыппұл салынды. Оның ішінде: 472 тұлға (120,5 млн теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 133 тұлғаға қатысты хаттамалар толтырылып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, сот шешімімен 13,3 млн теңге айыппұл салынды.

Өз бетімен құрылыс жүргізгені үшін жеке және заңды тұлғаларға Азаматтық кодекстің 244 бабына сәйкес 35 құрылыс нысанына қатысты шаралар қабылданды және сот органдарына қарау үшін талап арыздар жолданды. Олардың сотпен бұзу бойынша шешім қанағаттандырылғандары - 17. Сотпен қанағаттандырусыз қалдырылғаны - 11. Сот қарауында - 7.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу барысында Заң бұзушылықтарды жою бойынша 301 нұсқама енгізілді. Оның 28 нұсқамасы орындалды, 248 нұсқама орындалу үстінде, ал қалған 25 нұсқама орындамағаны үшін заңбұзушылық жасаған тұлғаларға 5,9 млн теңге айыппұл салынды.

Сыртқы жарнама нысандары

2019 жылы қаланың 4 ауданы бойынша 425 рұқсатсыз орналасқан жарнамалық қалқандар алынып, орталық көше бойында орналасқан жарнама құрылғыларды заманауи талаптарға сәйкес LED-экрандар орналастыру жұмыстары жүргізілді.
Сыртқы жарнама нысандары бойынша 314,7 млн теңге өндірілді.

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 977 шақырымды құрайды.
Оның ішінде:

- асфальт-бетонды – 1 758,1 шқ. (59,1%)
- шағал тас – 1107 шқ. (37,2%)
- топырақ – 111,5 шқ. (3,7%)

2019 жылы автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатында 221 нысан немесе 223,7 шқ жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның 125 шқ немесе 170 нысаны пайдалануға тапсырылды.

Нәтижесінде, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі жыл қорытындысымен 56,5%-ға жетті.
Қазіргі таңда, қаланың магистралды жолдарының 75 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Қонаев даңғылының жалғасының құрылысы мен айналма жолының қайта құру жұмыстары қамтылған.

Ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып отыр. Оның ішінде Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі құрылыс жұмыстарымен қамтылып, заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары автомобиль жолдары 2023 жылға дейін пайдалануға тапсырылатын болады.
Қалада жалпы 2 601,6 шқ ішкі орам көшелер бар. 2019 жылы осы көшелерді күрделі және орташа жөндеу, шағал тас төсеу жұмыстарына 3 264,4 млн теңге бөлінді.

Қала аумағында жалпы 36 көпір бар. Оның 5-і апатты жағдайда болып анықталып, 3-інде қайта құру жұмыстары жүргізілуде (Ет комбинаты маңындағы, Ленгер тас және А-2 жолындағы).
2-іне жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда (Маятас пен Тоғыс ш/а көпірлер).

Қоғамдық көлік саласы

562222

Шымкент қаласында 78 бағытта 25 көлік компаниясы жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді.
Қалада күнделікті 1 166 кесте бойынша (886 автобус және 280 шағын автобус), 1 621 автобус жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетеді.
Бүгінгі таңда, бағыттардағы 1 621 автокөліктің 708 (44%) көлігі пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан, тозығы жеткен көліктер.

ҚР Үкіметі бекіткен «Автобустық тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешендік бағдарламаcы» негізінде, 2019 жылы «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы орта сыйымдылықты, дизель отынымен жүретін (Евро V), отандық 300 автобусты лизингке алды. Автобустар «Shymkent Bus» ЖШС-не жалға берілді. Нәтижесінде, қаладағы жаңа автобустардың үлесі 7%-дан 25%-ға дейін артты.

2020 жылы сыйымдылығы үлкен (10-12 метр), газ отынымен жүретін, отандық 590 автобус алу жоспарлануда. Ол кезде қалалық бағыттардағы жаңа автобустардың үлесі 25%-дан 55%-ға артатын болады.
2019 жылы жолаушылар көлігімен 1 667,6 млн жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға артты. 111,2 млн тонна жүк тасымалданып, 2018 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға артты.

Бүгінгі таңда, «Диспетчерлік қызмет орталығы» қаладағы маршруттарға диспетчерлік сүйемелдеу жұмыстарын атқаруда. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының және әлем қалаларының қоғамдық көлік саласындағы озық тәжірибелерін ендіру мақсатында, алдағы 2020 жылы аталған Орталықты кадр және материалдық жағынан нығайту жоспарлануда.
Жолаушылар көлігінің қозғалысын бақылау үшін қоғамдық көлік порталы іске қосылды. Портал Open API қағидатына негізделген және Яндекс сервисімен біріктірілген, деректер «Яндекс.Көлік» қосымшасы арқылы беріледі. Портал - нақты уақытта қоғамдық көліктің жұмылдырылған саны, белсенділік уақыты, автокөліктің ағымдағы орналасқан жері, нақты аялдамаға келудің алдын ала уақыты туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Әуежайдың жаңа терминалын салу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 қарашадағы №747 қаулысымен «Шымкент әуежайы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен Шымкент қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілді.

Бүгінгі күні, іргетасты себу, топырақты тегістеу, сейсмикалық плита орнату жұмыстары аяқталды, сондай-ақ ғимараттың қаңқасы мен бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жолаушылар терминалының ауданы - 35 000 шаршы метр, өткізу қабілеті сағатына 2 000 жолаушы, телескопиялық 4 трап. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2020 жылдың соңына жоспарланған.
Сонымен қатар, жобада 495 автокөлік сыйымдылығы бар көлік тұрағын абаттандыру жұмыстары қаралған.
Шымкент теміржол вокзалының қайта құру жұмыстарын жүргізу мақсатында ЖСҚ-ы әзірленуде, бүгінгі күнге вокзал аумағын абаттандыру, автотұрақ ұйымдастыру орындарын белгілеп, жер телімдерін рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Әлеуметтік сала

2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 41 465 азамат (2018 ж. – 29 341) әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Оның ішінде:
1 бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша:

- Техникалық және кәсіптік білімі бар қадрларды даярлауға 1 196 адам жолданды (2018 ж. – 1784);
- Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 4 005 азамат жолданды (2018 ж. – 1 807).

2 бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында:
- 83 азаматқа екінші деңгейлі банктер мен кредиттік серіктестіктер тарапынан несие берілді (2018 ж. – 154);
- 3 480 азаматқа жаңа бизнес идея үшін мемлекеттік гранттар берілді;
- Кәсіпкерлікке оқығандарға арналған «Бастау-бизнеске» 2 955 адам қатысты.

3 бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 2019 жылы 28 339 азамат қамтылды (2018 ж. – 26 207). Оның ішінде:
- тұрақты жұмысқа - 19 580 адам (2018 ж. – 19 363).
- Мемлекеттік және аймақтық дамыту бағдарламасы бойынша жаңа ашылған жұмыс орындарына - 2 513 азамат (2018 ж. – 2 187).
- Әлеуметтік жұмыс орындарына - 484 азамат (2018 ж. – 482).
- «Жастар практикасына» - 3 503 азамат (2018 ж. – 2 598).
- Ақылы қоғамдық жұмыстарға - 2 259 азамат (2018 ж. – 1577).

4-бағыт: «Жастар-ел тірегі» жалпыұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру бойынша жас кәсіпкерлікке оқытуға 1 407 азамат жолданды.
Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау.
4 793 азамат - Ұлы Отан соғыс ардагерлері, тыл ардагерлері, зейнеткерлер, батыр аналар «Денсаулық», «Ақсу Жабағылы», «Ақсу демі», «Салма Караван», «Керуен» шипажайларына жолдама алды.

8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күніне» орай, 9 500 көп балалы аналарға (12 625 теңгеден) 119,9 млн теңге, ал 9 мамыр – «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай 52 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне (252 500 теңгеден) 13,1 млн теңге әлеуметтік көмек төленді.

8 маусымда қарттарға және белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға арналған «Белсенді өмір сүру ұзақтығы» ғимараты іске қосылды. Арнайы емдеу-сауықтыру бөлімдер мен құралдармен жабықталған орталық 70-ке жуық қарттар үшін тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында арнаулы әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсетеді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек 59 284 отбасыға тағайындалды.
Сонымен қатар, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға бір реттік 12 625 теңгеден 5 656 балаға 71,4 млн теңге әлеуметтік көмектер төленді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету

Қазіргі таңда, Шымкент қаласында 36 536 мүмкіндігі шектеулі азамат (2018 ж. – 35 599) тіркелген.
2019 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша төмендегі жұмыстар жүргізілді:

- 3 200 азамат протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етілді;
- 7 787 азаматқа сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдар және есту аппараттары таратылды;
- 711 мүгедекке қол арба құралдары таратылды;
- 1 926 азаматқа жеке көмекші, ымдау тілі мамандарымен қызмет көрсетілді;
- 5 376 азаматқа шипажай орындарына емделуге жолдама берілді;
- мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 19 көлікке 683 өтініш қабылданып, қызмет көрсетуде;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 40 автокөлікке 669 өтініш қабылданып, қызмет көрсетуде;
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 377 жолдамаға өтініш қабылданып, қызмет көрсетуде;
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 333 жолдама берілді.

ЕҢБЕК ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН

8

Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау бойынша 2019 жылы мемлекеттік және жеке мекемелерде 332 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 328 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары туралы – 298, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 27, халықты жұмыспен қамту – 3.
Анықталған бұзушылықтардың ішінде 300-і жойылды немесе заңға сәйкестендірілді. Бұзушылықтардың негізінде 177 нұсқама беріліп, 5,3 млн теңге көлемінде 66 айыппұл өндірілді. 3,6 млн теңге көлемінде 20 айыппұл мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жолданды.

2019 жылдың қорытындысымен 7 кәсіпорында 73 жұмыскердің жалақы қарызы 13,8 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, оңалту және банкроттық рәсімі қозғалған 2 кәсіпорында 72 жұмыскердің жалақы қарызы 11,6 млн теңге болды.
Аталған кәсіпорындарға қатысты тиісті шаралар көріліп, нұсқамада көрсетілген жалақы мәселесін мәжбүрлі түрде орындату жөнінде талап арыздар беріліп, шешімдер шығарылып, жеке сот орындаушыларына жолданған.

Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге – 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру тапсырмасын іске асыру мақсатында 70-тен астам ірі және орта кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ірі және орта 318 кәсіпорында 20 756 жұмыскердің жалақысы орташа есеппен 65,2% өскен.
2019 жылы Шымкент қаласында 722 отбасы немесе 1160 адам оралман мәртебесін алды.

Елбасының 2019 жылғы 16 наурыздағы қауіпсіздік кеңесіндегі этникалық қазақтардың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмасымен бір реттік акциясы ретінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу мақсатында 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Осының негізінде бір реттік жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу үшін 298 отбасы немесе 467 адамға оралман мәртебесі ұзартылды.

Қоныс аударған оралмандар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендердің үлесінде.
Шымкент қаласы әкімдігінің «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 42 отбасы немесе 88 адам қоныстанып, бейімдеуден өтуде.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Шымкент қаласында 521 мектепке дейінгі мекемелерде 75 386 бала қамтылған (о.і. 82 мемлекеттік, 439 жекеменшік).
Қазіргі таңда, қаладағы балабақшамен қамтуды қажет ететін 3-6 жас аралығындағы 68 543 баланың 67 989-ы немесе 99,1%-ы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған.
Мектепке дейінгі білім беру саласында 2019 жылдың ақпан айында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жекеменшік «Асыл бала» арнаулы балабақша-мектеп кешені іске қосылды. Балабақша ерекше білім беру қажет ететін балаларды бейімдеу, Халықаралық «UCMAS» (УСИМАС) ментальді арифметика әдістемесін үйрету бағытындағы жұмыстарды атқарады. Бүгінгі таңда аталған балабақшада 40 бала тәрбиеленуде.

Одан бөлек, 36 мемлекеттік балабақшада мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің тілдік, танымдық, шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған арнайы интеллектуалды-дамытушы ойын кешенімен жабдықталған «Интеллектум» кабинеттері ашылды.

2019 жылы жалпыға міндетті білім қорына 1 152,2 млн теңге қаралған (2018 ж.- 1 113, млн тг.). Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 13 841 оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 7 241 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалыспен қамтылды, 9 272 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларына «Мектепке жол» акциясы барысында көмек көрсетілді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында 2016-2019 жылдар аралығында 14 761, оның ішінде 2019 жылы 4536 (2016ж.-2847, 2017ж.-3304, 2018ж.-4074, 2019ж.-4536) педагог қызметерлер біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді.

2019 жылы күрделі жөндеуді қажет ететін 6 мектеп (№4,12,18,36,122,120 жом) және 5 балабақшаға (№13, 28, 45, 49, 95 б/б бб) жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Жөндеу жұмыстарын 2020 жылы жүргізу жоспарлануда.

Шымкент қаласында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешілген. Жыл басында үш ауысымды мектептің саны 19 болатын.
2019 жылы бюджеттен 13 мектептің құрылысын жүргізу үшін 6,5 млрд теңге қаржы бөлініп (о.і. 9 мектептің құрылысына РБ - 5,6 млрд. теңге, 4 мектеп ЖБ - 850,1 млн. теңге), 4200 орынға арналған 5 жаңа мектептің (ӘІО-1200 орын, Қызылжар ш/а – 900 орын, Шыңырақ ш/а - 600 орын., Таскен т/а (№115 мектеп) - 300 орын, Тұран м/а - 1200 орын.) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Нәтижесінде, 3 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді.

Қазіргі таңда, үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында Шымкент қаласының орта білім беру саласында жан басына қаржыландыру жүйесін ендіру арқылы жекеменшік мектептер желісін арттыру және бюджет есебінен мектеп құрылысын салу жұмыстары атқарылуда.
2019 жылы 18 жекеменшік мектепке 9630 оқушы мемлекеттік тапсырыс арқылы орналастырылды және қыркүйек айынан бастап 133 мемлекеттік мектептерде жан басына қаржыландыру жүйесі ендірілуде.

Қазіргі таңда, қаладағы оқушы орнына тапшылық мәселесін шешу мақсатында 6 жаңа мектеп (Самал-3 ш.а. №1 – 1200, Самал-3 ш.а. №2 – 1200, Абдулабад т.а. (№101) – 300, Сайрам т.а. – 300, Асар-2 ш.а. – 1200, Тұран ш.а. – 1200) және 3 қосымша ғимарат (№23 – 300, №63 – қос. ғимарат, №120 – 300) құрылыстары жүргізілуде.

2019 жылы мектеп бітірушілер саны – 8 063, оның ішінде ҰБТ-ға қатысуға 5 474 оқушы өтініш білдірді (оның ішінде 4 454 оқушы - қазақ тілінде, 998 оқушы – орыс тілінде, 22 оқушы – ағылшын тілінде). Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша Шымкент қаласының орта балы 85,3-ті құрады.
Сонымен қатар, 401 оқушы «Алтын белгі», 360 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.

Техникалық және кәсіптік білім беру.

Шымкент қаласындағы 30 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында (11 мемлекеттік, 19 жеке меншік) 27 217 студент білім алуда (мемлекеттік тапсырыс аясында - 11 883, ақылы негізде - 15 334). Мемлекеттік 11 колледжде 13 831 студент, 19 жекеменшік колледжде 13 386 студент білім алады.

2018-2019 оқу жылында колледж бітірушілерінің саны – 8 794 (11 мемлекеттік - 4 434 студент, 19 жекеменшік - 4 360 студент), жұмысқа орналасқандарының жалпы үлесі 90% құрайды.
Қалада 106 636 студент жастар білім алуда. Оның ішінде, 6 614 студент жатақханамен қамтылса, 7 800 орынға қажеттілік туындауда (ЖОО – 6 150 орын, ТжКБ – 1 650 орын).
Қазіргі таңда, қаладағы жатақхана орнының қажеттілігін жою мақсатында әкімдік тарапынан «Шымкент сити» шағынауданынан 2,5 га жер учаскесі белгіленіп, «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның инвестициясы есебінен 2 500 орындық жатақхана салу үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.
Сонымен қатар, «Тұран» шағынауданында жатақхана құрылысы үшін 4 га жер учаскесі бөлінді. 

2018 жылы жеке кәсіпкерлер мен «Қаржы орталығы» АҚ арасында 350 және 241 орындық жатақхана құрылысын салуға келісім-шарттар түзіліп, 2019 жылы осы жатақаналардың құрылысы аяқталып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан медициналық академисының студенттеріне арналған 250 орындық жатақхана реконструкциядан өткізіліп, іске қосылды.
Қазақстан Республикасының «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Шымкент қаласының білім саласында цифрлық білім беру ресурстарын дамыту арқылы оқытудың мазмұндылығына, көрсетілетін қызметтерді оңтайландыруға және сыбайлас жемқорылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.
Білім саласындағы жемқорлыққа баратын тәуекелді төмендету, ашықтық, әділдік қағидаларын сақтау, қызметтердің халыққа қолжетімділік мүмкіндігін ұсыну, көптеген комиссиялар мен қағазбастылықтың алдын алу, адами факторларды мүмкіндігінше азайту мақсатында қызметтер автоматтандырылған жүйеге енгізілді.

Отбасы саясаты

10

Қалада отбасы мәселелері ажырасу деңгейін төмендету, отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау мақсатында «Отбасы кеңесі» жұмыс тобы құрылды. Аталған топ белсенділері аптаның әр сейсенбісінде Абай аудандық сотының сот-медиаторымен бірлесе пилоттық деңгейде өз жұмысын жүргізіп келеді. Есепті кезеңде өткізген 30 отырыста 250 іс қаралып, оның ішінде 80 іс медиация әдісі бойынша шешімін тапса, 28 азаматтың неке бұзу бойынша ұсынған талап арызы кері қайтарылды. Сонымен бірге, қиын жағдайға ұшыраған, қолайсыз және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балаларымен әңгімелесу жүргізу, отбасыларға, жасөспірімдер арасындағы қылмыстық, құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу бойынша талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында 4 ауданда арнайы аутрич бөлімі ашылып, өз жұмысын жүргізуде.

«Самғау сенім орталығы» КММ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетумен қатар, адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Шымкент қаласында денсаулық сақтау басқармасы жанынан 20 төсек орынды «Медико-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жұмыс жүргізуде. Тәулік бойы жұмыс жүргізетін стационарлық мекеме құзырлы органдардың жолдамасы арқылы келушілерді қабылдайды.

Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу және профилактикасы бойынша іс-әрекеттердің ведомствоаралық іс-шаралар жоспарының Жол картасы қала әкімі, қала прокуроры, қалалық полиция департаменті басшылығы тарапынан үш жақты бекітіліп, жауапты мекемелерге жүзеге асыру жүктелді. Жол картасының жүзеге асырылуы 2019-2021 жылдарға арналған.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Жастар жылы аясында Шымкент қаласы жастарының қаланың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық дамуына қатыстыру, ұсыныстар енгізуге мүмкіндіктер беруді ұйымдастыру мақсатында «Жастар мәслихаты» құрылды.
Шымкент қаласы әкімі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің 2 отырысы өткізіліп, жастардың ұсыныстары қабылданды.
2019 жылдың басынан 150 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар тұрғын үймен қамтылды.
Сонымен қатар, 2019 жыл жастар жылы аясында жұмысшы жастарға сатып алу құқығынсыз 904 пәтер табысталды.

Қала жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қалалық Жастар ресурстық орталықта арнайы 11 үйірме мен 4 диалогтық алаңшалар ұйымдастырылған. Орталықтың қызметімен 15 мыңнан астам жастар қамтылуда.

Жастардың қатысуымен 270 астам шаралар ұйымдастырылып, 60 мыңнан астам жастар қамтылды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан жастарды қоғамға бейімдеуге «Жаңа өмір» жобасы ұйымдастырылады. Жоба аясында бас бостандығынан айыру орындарындағы және жазасын өтеп шыққан 250 жасқа құқықтық, психологиялық кеңес беру, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру, жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған шаралар мен «Дүйсенбілік футбол» жобасы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беру, білім беру, талантты жастарды қолдау бойынша «Shymkent Innovation», «IT CAMP» инновациялық жобасы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы құрылды.

Бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында студенттер, мектеп оқушылары арасында лигалар құрылып, «Былғары доп», «Жастар» баскетбол лигасының ойындары тұрақты өткізілді.
Дарынды жастардың шығармашылығын шыңдау және қолдау мақсатында республикалық «Жас ақындар айтысы» өткізіліп, «Көңілді тапқырлар алаңы», «Шабыт» жобалары ұйымдастырылды.
Жастарға отбасы құндылықтарын дәріптеу бойынша «Отбасы – жанұя жарасымы», «Мерейлі отбасы» жобалары ұйымдастырылды.
Жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру бойынша «Аяла» жобасы ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау саласы

DSC 0205

Қала меншігінде 36 денсаулық сақтау нысандары халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Олардың ішінде: 15 – ауруханалық ұйымдар, 13 – амбулаторлық-емханалық ұйымдар, 8 - басқалары. Халыққа амбулаторлық-емханалық көмекті қамтамасыз ету және қадамдық қол жетімділікке қол жеткізу үшін қала бойынша 709 учаске жұмыс істейді, оның ішінде 543 жалпы практика дәрігері (бұдан әрі - ЖТД), 33 терапевтік, 133 педиатриялық аймақ. Бір дәрігерге жүктемені төмендету жыл басынан бері 203 ЖТД учаскесі ашылды.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде, ЖТД жүктемесі 2019 жылғы 1905 адамнан 1631 адамға дейін төмендеді.

Саладағы өзекті мәселені шешу мақсатында денсаулық сақтау нысандарын дамытудың 3 жылдық жоспары қабылданды.
№2-ші қалалық аурухана (Фосфоршылар), қалалық перзентхана ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылы басталып, биылғы жылы аяқталатын болады.
Жедел жердем қызметінің сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен автокөлік паркіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 100 жаңа арнайы автокөліктер берілді. Ол жерде бірінғай «Колл-центрді» іске қосу жоспарлануда, қызмет сапасы және бригаданың қысқа мерзімде жетуіне ықпал етеді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2 ірі жоба іске асырылды.
Атап айтқанда «Медикер» заманауи медициналық орталығы ашылды. Бұл, қаладағы екі мемлекеттік емханалардағы жүктемені 20-30 мың адамға жеңілдетеді.
Қайтпас-1 шағынауданында 500 орындық емхана құрылысы аяқталуда.

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жарақтандыру көрсеткіші - 77,1% (ҚР - 70,2%) құрайды. Ана мен бала өлімін төмендету мақсатында бала босандыру ұйымдарының материалдық –техникалық базасын жақсарту үшін 204 млн теңгеге 22 бірлік жабдық сатып алынды.

Барлық мемлекеттік медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйелер енгізілді. Қағазсыз құжат айналымы жүргізілуде, медициналық құжаттаманың 231 нысаны электрондық форматқа ауыстырылды. Қала бойынша мемлекеттік медициналық ұйымдарда 1021,6 мың тұрғын тіркеліп, олардың 97%-на электрондық денсаулық паспорты толтырылды.
Есепті жылы жүрекке 2825 (2018ж.-2300) операция жасалды. Сонымен қатар, 15 бүйрек (2018ж.-18), 3 бауыр (2018ж.-4) алмастыру оталары жасалынды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру бойынша ақпараттық түсіндіру мақсатында 12 000 кездесу өткізіліп, БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы 5 800 іс-шаралары өткізіліп, 239 мың ақпараттық материалдар таратылды.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

2019 жылы ұйымдастырылған 11 ресми (Халықаралық әйелдер күні, Наурыз, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Нұр-Сұлтан қаласы күні, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасы Конституциясы күні, Қазақстан Республикасы Түңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл) және 6150-ден аса мәдени көпшілік іс-шара өткізіліп, 600 мыңға жуық адам қатысты.

Есепті жылы 5 кәсіби театрда 27 премьера, 1 459 репертуарлық қойылым сахналанып, 303,4 мың көрермен қамтылды. 3 468 қайырымдылық іс-шара өткізілді.
«Шымкент-Цирк» мекемесінде 3 жаңа қойылым,146 қойылымдар көрсетіліп, келушілер саны 63 мың адамды құрады. 100 гастрольдік қойылымда 23,8 мың көрермен қамтылды. 10 қайырымдылық іс-шара өткізілді.

Театрлар отандық, шетелдік шығармашылық ұжымдармен меморандум түзіп, гастрольдік сапарлар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Шымкент цирк» Үндістан мемлекетінде өткен джаз фестиваліне, Нұр-Сұлтан, Тараз, Түркістан қалаларына, Өзбекстан Республикасында Қазақстан жылына орай ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында Шымкент қалалық Өзбек драма театр ұжымы Өзбекстан Республикасына және Тараз, Ресей Федерациясының Қырым қалаларына, Өзбекстанда өтетін Шымкент қаласының күніне орай, театрлардың гастрольдік іс-сапарлары ұйымдастырылып, Қостанай қаласында Ұлттық театрлар фестиваліне қатысты.

Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде 21 лекция оқылды, 19 тақырыптық көрме, фотокөрме, кинолекциялар іс-шаралары, 240 эскурсия, 18 тұрақты көрме, 19 көшпелі көрме өткізілді.

«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында» 2019 жылы 24 іс-шара өткізілді (көрмелер, экскурсиялар мен дәрістер, көпшілік мәдени іс-шаралар, ғалым-этнографтармен түрлі деңгейдегі шығармашылық кездесулер, танымдық кештер), 230 экскурсия жүргізіліп, 8200 келушілермен қамтылды (2018 жылы іс-шара саны - 38, экскурсия - 210, келушілер саны - 9450).
Рухани жаңғыру мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Дәстүрім – асыл қазынам» кітабы мен «Ұлттық киімдер» альбомының тұсау кесер рәсімі өтті.
Көрме орталығында 39 мәдени іс-шара, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. 13 көрме жәрмеңкесі өтіп, 40 061 көрермен қамтылды. (2018 жылы 43 іс-шара, 21 көрме, 38675 адаммен қамтылды).

5 кітапхана мекемелерінде (36 филиалы бар) 2372 танымдық, тақырыптық, әдеби, кездесу және өнер кештері өткізілді.
2020 жылы атқарылатын ауқымды халықаралық, республикалық дәрежедегі іс-шаралардың бағдарламасы ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бекітіліп, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қорымен келісілді.

2019 жылдың 9 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Ресей елшісі мен Гуманитарлық Ынтымақтастығының Мемлекетаралық қорының басшысы, Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен жиын өтіп, жиында 2020 жылы Шымкент қаласында іске асырылатын іс-шаралар бағдарламасы талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.
2019 жылдың 7-8 қарашада Мәскеу қаласынан Гуманитарлық Ынтымақтастығының Мемлекетаралық қорының өкілдері Шымкент қаласына ресми іссапарымен келіп, қаладағы мәдениет объектілерімен танысты.

2020 жылы Шымкент үлкен мәдени бағдарлама мен кездесулердің алаңына айналады.
«Шымкент - Достастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» жобасы аясында 2020 жылы ТМД елдері арасындағы байланыстар мен достықты нығайту, мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында 40-қа жуық түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Ескі қаланың» («Цитадель») қайта жаңарту жобасы бойынша қалалық бюджеттен барлығы 847,2 млн теңге қаралған. (2017-2018ж. - 345,2 млн.теңге, 2019ж. - 502 млн.теңге). Ғылыми реставрация және мұражайға айналдыру жұмыстарын «Археологиялық экспертиза», «Архрест», «Археологиялық зерттеулер», «Маңғыстау реставрация» ЖШС-і жүргізіп, 5 жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.
«Ескі қала» (Цитадель) қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 1 кезекте 42 жер учаскесі мемлекет мұқтажына қайтарылды, 2 және 3 кезектегі жерлерді сатып алу үшін бағалау жұмыстары жүргізілуде.

Тілдерді дамыту саласы

2019 жылы Шымкент қаласындағы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 92,3%, орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 85,8%, ағылшын тілін меңгерген халық үлесі – 21,9% құрады.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның маңызы мен мәртебесін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, үш тілді жетік меңгерген жастарды ынталандыру мақсатында 6 байқау, 2 семинар, 1 форум, 1 ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 2 күндік дәрістер ұйымдастырылып, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың мемлекетттік тілге жауапты 65 маманы арнайы сертификатқа ие болды.

Сонымен қатар, түрлі салада қызмет жасайтын 462 азамат латын әліпбиін оқыту курсы бойынша біліктілігін арттырды. Шымкент қаласының 676 мемлекеттік және коммуналдық мекемелер қызметкерлері латын графикасындағы клавиатураны апробациядан өткізді.

Ономастика

Бүгінгі таңда қала аумағында 2349 көше болса, оның атауы қайталанатын 56 көше, атауы жоқ 359 көше бар.
Атауы жоқ 359 көшеге атау беру ұсынысы заңнама талаптарына сәйкес, Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қаралып, Шымкент қаласы мәслихаты мен қалалық әкімдіктің бірлескен қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ономастика комиссиясының қарауына келісім алуға жолданды.

Тіл мерекесіне орай Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен қалалық №4 колледжінің студенттерінің қатысуымен «Латын әліпбиінің тарихы – архив құжаттарында» атты іс-шара өткізіліп, архив құжаттары негізінде көрме ұйымдастырылды.

СПОРТ

2019 жылдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294,4 мың адамды, қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 28,6% құрады. 2020 жылға 30% жеткізу жоспарлануда.

2019 жылы қалада 252 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 45 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтқанда, мектеп оқушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындары спартакиадалары, мемлекеттік қызметкерлері, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы спартакиадалар, спорт түрлерінен қала біріншіліктері мен чемпионаттары, қала тұрғындарының қатысуымен бұқаралық жүгіру жарыстары, ардагерлер арасындағы жарыстар ұйымдастырылып, өткізілді.

Шымкент қаласында мемлекеттік меншіктегі 31 спорт мекемелері жұмыс жасайды.Осы мекемелерде 1152 жаттықтырушы 18796 спортшымен жұмыс жүргізуде.

Анықтама:

2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 18 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, 1 олимпиада резервін даярлау орталығы, 5 спорт клубы, «Жеңіл атлетикалық спорт кешені», «Орталық су-спорт кешені», «Қажымұқан атындағы орталық стадион»,дәрігерлік-дене шынықтыру диспансер, «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғамы

Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді.
2019 жылдың қорытындысымен қалада 856 спорттық нысан тіркелген.

Анықтама:

3 стадион, 1 спорт сарайы, 1 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 6 спорттық құрылғылар кешені, 12 спорт кешені, 32 спорттық манеж (жеңіл атлетикалық-3, футбол-1, ат манежі-1), 1 есу базасы, 5 тир, 1 ату алаңы, 1 хоккей корты, 436 жазықтықты құрылғылар, 23 теннис корты, 1 ипподром, 8 бассейн, 255 спорт залы, 70 орнатылған спорт залдар.

2019 жылы қала спортшылары спорттың 61 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 362 алтын, 342 күміс, 377 қола медаль жеңіп алды.
Азия чемпионаттары мен кубоктарында 63 алтын, 34 күміс және 44 қола медальге қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 22 алтын, 13 күміс және 24 қола медальге ие болды.
2019 жыл 1 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 26 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 132 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 443 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының сапына Шымкент қаласынан 1072 спортшы енген, оның ішінде, 433-і ересектер, 413-і жастар, 226-ы жасөспірімдер.
Қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен шұғылдануы үшін спорт клубы жұмыс жасауда. Клубта 18 спорт түрі бойынша 348 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жаттығу жасайды.
Ағымдағы жылғы ХХХІІ-Жазғы Олимпиада Ойындарына дайындық жүргізілуде. Қазіргі таңда Олимпиада Ойындарына қатысу үшін оқ ату спорт түрінен Юрий Юрков және стенд атудан Рысбекова Сәрсенкүл жолдаманы жеңіп алды.

ТУРИЗМ САЛАСЫ

2019 жылы Шымкент қаласының туризмін дамытуда бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Жыл сайын Шымкент қаласына келетін туристер саны өсуде. Мысалы 2018 жылы туристер саны 178 000 адамды құрап, 2017 жылмен салыстырғанда өсім 30%, ал 2019 жылдың 9 айында көрсеткіш 185 370 адамды құрады, өсу қарқыны 47,4%, оның ішінде:

1) ішкі туризм бойынша туристер саны 159 348 адамды құрайды (өсу қарқыны 43,2%);
2) келу туризмі бойынша туристер саны 26 022 адам (өсу қарқыны 79,5%).

Туристік инфрақұрылым бойынша:
Елбасының «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасына сәйкес, қаланыздың 20 туристік көрікті орындарында 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ақпарат беретін QR-тақтайшалар орнатылды және IZI travel халықаралық туристік платформасында орналасқан 3 тілде 22 нысанның аудиогидтері әзірленіп жүктелді.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту:

2GIS электрондық навигациялық жүйесіне енгізілетін «Сайрамның сакралды объектілері», «Жастарға арналған», «Фотоаймақтар», «Red Bus» шолу экскурсиясы», «Шымкент бір күн ішінде», «Шымкенттің жарты тарихы» және «DendroPark», т.б. жаңа дербес маршруттары әзірленді.

Бұдан бөлек, «Рухани жаңғыру» мақаласы және «Өз өлкеңді таны» бағдарламасы шеңберінде 2019 жылғы 28 мамыр мен 8 маусым аралығында балаларға гид шеберлігін оқыту сабақтары мен танымдық экскурсиялар, 22 маусым және 14 қыркүйек күндері «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай мемлекеттік қызметшілерге Шымкент қаласы мен оңтүстік өңірінің сакралды аймақтарына ақпараттық-танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды.

Туристік өнімді жарнамалау:

DSC 0017

Туризмнің маңызды бағыттардың бірі – оқиғалы туризмді дамыту болып табылады. Осы орайда, 2019 жылдың 27 сәуірінде «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағында алғаш рет «Қызғалдақ жолы» мерекелік фестивалі өтті. Аталған шараға 10 000-нан астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Шара 30 республикалық және жергілікті БАҚ-та жарыққа шықты.
Сонымен қатар, мамыр айының 15-нен 31-і аралығында National Geographic Kazakhstan компаниясы Шымкент қаласында халықаралық экспедиция өткізді.
Экспедиция нәтижесі бойынша қала күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында 1 ай көлемінде «Шырайлы Шымкент» фотокөрмесін ұйымдастырып, «National Geographic Russia», «National Geographic Kazаkhstan» журналдары мен ресми сайттарында қала туралы мақалалары жарияланды. Аталған фотокөрмені 22 күнде 500 мыңнан астам адам көрді.
Ағымдағы жылдың 22 мамырында Батыс Қазақстан өңірінің туроператорлары үшін ақпараттық тур өткізіліп, Шымкент қаласының туристік бизнес өкілдерінің қатысуымен В2В кездесу ұйымдастырылды.
Қалаға келетін өзге де қонақтарға, оның ішінде БАҚ өкілдері, блогерлер, туроператорларға өңірдің көрікті жерлерін таныстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Маусым айында Румыния, Польша мемлекеттерінен танымал телеарналар келсе, тамызда Еуропа және Азияның 14 мемлекетінен 20 БАҚ өкілі және 7 елдің блогерлері танымдық турға қатысты.
Қала тұрғындары мен қонақтарын өңірдің туристік нысандарымен таныстыру мақсатында әлеуметтік желілерде Visit_shymkent_kz ресми туристік парақшасы іске қосылды. Аталған парақша қаламыздың туристік көрікті жерлері, тарихи орындары мен қалада өткізілетін мерекелік іс-шаралар жөнінде тұрақты түрде хабардар етіп отырады. Туристерге ақпараттық қолжетімділікті арттыру үшін бірқатар жарнамалық ақпараттық материалдар шығарылуда. Атап айтқанда, «Шымкент 24 сағатта», «Шымкент. Тарих ізімен», «Балаларға арналған Шымкент» тақырыбында 60 мың бүктеме, 77 мыңнан астам туристік карталар, «Шымкенттегі үлкен экскурсия» атты 350 кітапша шығарылды.

Коммуналдық-шаруашылық саласы

Ауыз сумен қамтамасыз ету 2019 жылы 9 ауыз су нысанның құрылысы жүргізілді.
Жыл соңына 4 ауыз су нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 4 нысанның ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Нәтижесінде, 2 620 тұрғын үй немесе 18,8 мың адам ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіліп, қамту көрсеткіші 93% - дан 94,7% - ға өсті.

Табиғи газбен қамту

2019 жылы 3 табиғи газбен қамту нысандарының құрылысы жүргізілді. Сайрам тұрғын ауданының Тассай бөлімшесі газбен қамтылды. (1,2 мың адам) Табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 92,1% құрады.

Электр қуатымен қамтамасыз ету

2019 жылы 8 электр қуатымен қамту нысандарының құрылысы жүргізілді. Жыл соңына 3 нысанның құрылысы аяқталып, іске қосылды.
Нәтижесінде, 3634 тұрғын үй немесе 16,3 мың адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіліп, қамту көрсеткіші 91,2% - дан 93% өсті.

Жылумен қамту

2019 жылдың 25 қазанынан бастап қалада 2019-2020 жылдардың жылыту маусымы жарияланған.
Бүгінгі таңда барлық жылу қазандықтары сыртқы ауа райына сәйкес бекітілген жылу кестесі бойынша жылуды тұтынушыларға беруде.
Қала аумағындағы 1 889 көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі жүйелеріне қысымдау жұмыстары 100% жүргізілді.

476 бюджеттік мекемелер толық жылу маусымына дайындалып, олардың кіші қазандықтарының қысқы маусымда жұмыс атқаруы үшін 5,9 мың тонна көмір толығымен жеткізілген.
Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 91,9 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда, барлық тұрғындар көмірмен толығымен қамтасыз етілді.
Сонымен қатар, 2019 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында IoT технологиялары белсенді енгізілуде. Бұл жоба тұрғын жайдың шаршы метріне қарамастан тұтынылған қызметтердің нақты көлемін төлеуге мүмкіндік береді, бұл коммуналдық қызметтердің 25%-ға жуығын үнемдейді.

Осы негізде есепті жылы IoT технологиясы негізінде 127 әлеуметтік нысанда (мектептер, балабақшалар мен ауруханалар) энергия тұтыну, су және жылыту маусымына мониторинг жүргізу процесі автоматтандырылды.
70 көп қабатты тұрғын үйлерде осы технологияға негізделген «ақылды» есептеу құралдары орнатылды. Осы бағыттағы жұмыс жоспарға сәйкес жалғасын табады.

Санитарлық тазалық жұмыстары

DSC 2619

2019 жылы қаланың санитарлық тазалық жұмыстарына 2 988,4 млн.теңге қаралған. Оның ішінде, 1 515,7 млн.теңге механикалық жолмен тазалау жұмыстарына, 1 482,7 млн.теңге қолмен тазалау жұмыстарына, 20,0 млн.теңгесі инертті материалдар қорын толықтыруға қарастырылып, толығымен игерілді.
Жалпы ұзындығы 516,5 шақырымды 190 көшеде қолмен санитарлық тазалау және осы көшелердің 183-і механикалық тазалау жұмыстарымен қамтылған. Қыс айларында қардан тазалау, тұз араласқан құм себу және жаз айларында көшені жуу, су себу жұмыстары атқарылды.

Жасыл желектер отырғызу және күтіп ұстау жұмыстары

Қаланың орталық 125 көшесіндегі жасыл желектерді, Бадам өзені жағалауы мен Асар шағын ауданындағы гүлзарларды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, қала көшелеріне 16 168 дана (оның ішінде, 15469 дана жай жапырақты, 699 дана қылқан жапырақты) ағаш көшеттері, 1,1 млн. дана қызғалдақ қондырылды. Сонымен қатар, 753,5 мың дана - жаздық гүл, 48,3 мың дана - раушан гүл көшеттері егіліп, 5,8 га алаңға газон орналастырылды.

Саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау жұмыстары

Қала аумағымен саябақтардағы 22 тік ұңғыма, 22 су бұрқақтарды күтіп ұстау жұмыстарына 2019 жылы 97,2 млн.теңге қаралып, жұмыстар толығымен жүргізілді.
Төлеби көшесі Қырғы базар алдына гүлзар, аяқжол салынып, газон, қоршау, жарықшам орнатылды, 25 орындықтар мен аяқжол салынды, орнату және 485 дана декоративті ағаш-бұта көшеттерін отырғызу атқарылды.
Сонымен қатар, Байтұрсынов-Тәжібаев көшесі қиылысындағы гүлзарды қайта құру, оның ішінде аяқжол салу, газон құру, жарықшамдар, орындықтар орнату және фонтан құру жұмыстары атқарылды.

Түнгі жарықтандыру жүйелерді күтіп ұстау жұмыстары

Қала бойынша 175 көшелерде 40 684 астам жарық шам көздеріне күтім көрсетілуде. Оның ішінде, 14 мыңнан астамы жарық диотты шамдарға ауыстырылған.

Өзен-каналдар, ирригация жүйелерін күтіп ұстау жұмыстары

2019 жылы Қошқар-ата - 20,1 шқ, Қарасу – 5,4 шқ, Ақсай Қарабастау – 10,5 шқ, Шымкент каналы – 20,6 шқ, Жаңа-Шек - 11,8 шқ, Компыс – 3,5 шқ, Тоғыс – 13,4 шқ, Сасық – 8,7 шқ, Ынтымақ – 3,7 шқ барлығы 97,7 шқ өзен каналдарды механикалық және қолмен тазалау жүргізілді.
Су алу қауіпі бар 12 мекенжайдағы ирригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Жергілікті аудан әкімдерінің ұсынысымен 4 аудан көлемінде су алу қауіпі бар аумақтарды жоюдың қосымша іс-шаралар жоспары әзірленіп, 19 мекен жайға сметалық құжаттамалары әзірленіп, бекітілді.
Сонымен қатар, қаладағы жерасты және жерүсті өткелдерін күтіп ұстау жұмыстарына 9,0 млн.теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілді.

Ескерткіштер мен мәдени нысандарды күтіп ұстау жұмыстары

Қала аумағындағы 46 ескерткіш, монумент, мемориалдарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Темірлан тас жолы бойындағы «Ана мен бала» кешені, Ордабасы алаңындағы баспалдақтың және Наурыз алаңындағы аяқжолдың тірек қабырғасы қайта жаңғыртылды.

Аялдаманы күтіп ұстау жұмыстары

dsc-3284

2019 жылы Абай ауданына – 48, Әл-Фараби ауданына – 25, Еңбекші ауданына – 34, Қаратау ауданына – 53 аялдама орнатылды. Сонымен қатар, қала аумағындағы 180 аялдаманы жаңарту, 12 аялдаманы көшіріп орнату, 10 жаңа үлгідегі аялдама орнату жұмыстары жүргізілді.

ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ

2019 жылдың ішінде 722 қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат және 82 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы берілді.
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес 2019 жылы қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемдер түсімі 903,3 млн.теңге көлемінде жоспарланып, нақты өндірілген төлемдер 930,5 млн.теңгені құрады, жылдық жоспар 103 пайызға орындалды.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 32 жер қойнауын пайдаланушылар жұмыс атқаруда.
Келісімшарт міндеттемелерін орындамаған (тиісті төлемдерді жасамаған, есебін тапсырмаған) 9 жер қойнауын пайдаланушыға ескертпе хаттар берілді.

Бүгінгі күні өңірдің әлеуметтік саласына қарызы бар 16 жер қойнауын пайдаланушының ішінде 12-нен бюджет есебіне 77,4 млн.теңге өндірілді. Ал, қалған 4 жер қойнауын пайдаланушылардың (34,4 млн. теңге) қарыздарын мәжбүрлеп төлетуге талап-арыздар дайындалып, Нұр-Сұлтан астаналық сотына өткізілді.
Орман өртіне қарсы жаңадан минералды жолақтар жасау 100 км, минералды жолақты күтіп баптау 600 км қашықтықта орындалды. Орман патологиялық тексерулер 250 га жерге жүргізілді.

БЮДЖЕТТІК-САЛЫҚТЫҚ САЯСАТ

Қала бюджетінің көлемі 243,1 млрд.теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 66,4%-ға өсті. Әлеуметтік саланың маңыздылығы ескеріліп 146,2 млрд теңге бағытталды. Бұл жалпы бюджет көлемінің 60,1%-ын құрады.

Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 196,5 млрд.теңгені құрады.
Жергілікті бюджетке 97,9 млрд теңге түсіп, жоспардан 1,3%-ға, 2018 жылдан 18,1%-ға артты.
2019 жылы бюджеттің шығыстары 99,2%-ға игерілді.

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру

Бүгінгі таңда, қаламызда 396 коммуналдық заңды тұлға бар, олар:
242 мемлекеттік мекеме, 114 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, 33 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, мемлекеттің қатысуымен 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 3 акционерлік қоғам.

Сонымен қатар, құрылысы жаңадан аяқталған 21 тұрғын үй, 4 мектеп, 1 қазандық, 32 коммуникация жүйелері коммуналдық меншікке қабылданып, тиісті басқармалардың теңгеріміне берілді.
2019 жылы республикалық меншіктен 3 ғимарат, 6 пәтер, 1 автокөлік және 646 872 негізгі құралдар қабылданып, 1 автокөлік және 86 негізгі құралдар өткізілді.
Сондай-ақ, Түркістан облысынан 129 полиция бекеттері, 5 жол, 1 жобалық сметалық құжаттамасы қабылданып, 94 негізгі құралдар өткізілді.
2019 жылдың қорытындысымен 38 коммуналдық заңды тұлғалар 1125,4 млн.теңге табыспен шықты.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарына енген 4 ұйым, атап айтқанда, «Таза қала» МКК және мемлекеттік үлестері 49 пайызды құрайтын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Техникалық инспекция» ЖШС, «Шымкент Тұрғын үй қызмет» ЖШС-гі және 1 әкімшілік ғимарат, 18 автокөлік жекешелендіріліп, нәтижесінде қала бюджетіне 227,2 млн.теңге түсім түсті.

Қоғамдық-саяси ахуал

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша қалалық ақпараттық-насихаттық топ құрылып, тұрғындармен кездесулердің желілік кестесі мен медиа жоспары дайындалып, қала әкімімен бекітілді.

Қалалық ақпараттық - насихаттық топ қаланың 4 ауданының тұрғындарымен 433 кездесу өткізді.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында 2019 жылдың 1 сәуірінде «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі құрылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары қала әкімімен бекітілді.

Бағдарлама аясында 2019 жылы жалпы 742 іс-шара өткізіліп, оған 411 мың адам қатысты. Өңірлік жоспарға сәйкес, 54 іс-шара республикалық, аймақтық деңгейде ұйымдастырылды.
Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу бойынша республикалық және өңірлік БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда 1294 материал жарық көрді.
Халық пен билік өкілдерінің байланысын нығайтып, барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми «Shymkent.gov.kz» сайтында әкімнің «Виртуалды қабылдау» блогы іске қосылған. Сондай-ақ, қала әкімдігінің WhatsApp мессенджері мен Instagram, Facebook(akimat_shymkent, Шымкент қаласының әкімдігі) әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары жұмыс жасайды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша тікелей әлеуметтік желілер арқылы жалпы 629 сыни ақпараттар келіп түскен. Оның 558-не тиісті жауаптары берілген. Қалған сыни ақпараттар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қалада әлеуметтік проблемалық мәселелерді шешу және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын сақтау бойынша «Дағдарысқа қарсы штаб» жұмыс жасайды.
«Дағдарысқа қарсы штабтың» жыл басынан бері 6 отырысы өткізіліп, мәжіліс барысында «ҚДТ» қозғалысының жаппай митингіге шығу мәселесі талқыланып, іс-қимыл жасау алгоритмі бекітілген.
Онда наразылық топтардың шоғырлануының алдын-алу, олармен жұмыс жүргізу мәселелері қамтылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі

2019 жылы Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің 9 мәжілісі өткізілді. Мәжілісте 43 нормативтік құқықтық актілер мен жобалар қаралып, 22 мемлекеттік орган басшыларының есептері тындалды. Қоғамдық кеңестің қызметі туралы БАҚ-та жарияланды.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Жалпы полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 1,1 млрд теңге бөлінген. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 109 қызметтік автокөліктер алынды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста жалпы тіркелген қылмыс саны 2018 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға, оның ішінде аса ауыр 17,5% төмендеді.
Жол-көлік оқиғалары саны - 12,2%, жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар 1,3%-ға, жарақат алғандар 6,2% төмендеді.

Шымкент қаласы әкімдігіне келіп түскен арыз-шағымдар

Азаматтарды жеке қабылдау әр аптаның жұма күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Азаматтар Шымкент қаласы әкімінің жеке қабылдауына shymkent.gov.kz ресми сайты арқылы онлайн режимде тіркеледі.
2019 жылы қала әкімі 34 рет жеке қабылдау өткізіп, 374 азаматты қабылдады.

Қала әкімі орынбасарлары 86-рет жеке қабылдаулар өткізіп, 1140 азамат қабылдауда болды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуі 2019 жылғы 15 ақпанда өткізілді. Аталған кездесуге 1350 қала тұрғыны қатысып, 217 ұсыныс пен ескерту келіп түскен. Тұрғындар көтерген проблемалық мәселелер жинақталып, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары дайындалды. Жылдың қорытындысы бойынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жоспардың 186 сауалы оңды шешімін тауып, 86% толық орындалды. Қалған 31 сауал бойынша жұмыс жүргізу уақыт пен қаражат көздерін қажет ететін мәселелерге (қаладан шалғай орналасқан тұрғын алаптарда инфрақұрылым жүйелерін жүргізу) қатысты болғандықтан, олардың шешілу мерзімі келесі жылға ұзартылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.