Қала өмірінің барлық саласында жүйелi жұмыс атқарылып, оң динамика көрсеттi. Атап айтқанда, инвестиция көлемі былтыр 60 пайызға көбейіп, 460 млрд теңгеге жетті. Биыл бұл көрсеткішті 538 млрд теңгеге жеткізу жоспарда бар. Қала экономикасының ірі саласының бірі – құрылыста жалпы 1 триллион теңге айналымда жүр. Қаладағы бірнеше индустриалды аймақта ірі жобалар жүзеге асырылуда. Елiмiзде алғаш рет жеке индустриалды аймақты Шымкентте жүзеге асыру көзделуде. Жалпы өңірлік өнім көлемін 3 млрд теңгеден асыру жоспарда бар.
Инфрақұрылымды жаңарту мақсатында №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы мен «Бозарық», «1-М-1 қосалқы» станцияларын іске қосудың нәтижесінде 2025 жылға дейін қала аумағын толықтай сапалы ауыз су, жарық және табиғи газбен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткiзу межеленіп отыр.
Құрметті қала тұрғындары!
Шымкенттiң гүлденуi мен дамуы бiздiң еткен еңбегiмiз бен шынайы жанашырлығымызға байланысты. Лайым, әрқайсымыз туған жерге, шырайлы шаһарға үнемi cүйiспеншiлiкпен қарап, оның өзiмiз үшiн қолайлы әрi таза қала болуына атсалысайық!
Әрбір отбасыға бірлік-береке, толағай табыс тілейміз!
Шымқаламыз көрікті, еліміз аман,
аспанымыз ашық болсын!
Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент қаласының әкімі
Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы