Сапалы жол – тұрғындардың жайлы өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қала əкімі Ғ. Əбдірахымов бірқатар орталық қала көшелерінде қалыптасқан инфрақұрылымның бүгінгі ахуалымен танысты.

DSC 2140

Сапар барысында жол жүру қозғалысына кедергі келтіретін кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, Əл-Фараби көшесінде аяқ жолдың плита тақтайшалары толық қойылмаған. Жол жағасындағы арық-атыздың беттері темір торлармен жабылмағандықтан, жаяу жүргіншілер кедергілерден аттап өтуге мəжбүр. Сонымен қатар, бірнеше автобус аялдамаларында отыратын орындықтардың жоқтығы анықталды. Қала басшысы Шымкенттің көшелері заманауи мегаполис атына лайықты болу қажеттігін атап өтті. Сала мамандары алдағы уақытта орын алған кемшіліктерді жойып, жағдайды үнемі бақылауға алып отыруы тиіс.

Опубликовано в Қала
Пятница, 10 Июнь 2016 05:06

Мал өнiмдерi бақылауда болады

Саудаға шығарылған мал және мал өнімдері ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Бұл жөнінде қала әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Т. Баймұхановтың төр-ағалығымен ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінің қалыптасқан ахуалы бойынша өткен жиында кеңінен талқыланды.

24

Жиында Т. Баймұханов тиісті сала мамандарына жәрмеңкеде сатылатын ет және ет өнімдері талапқа сай температуралық режимде сақталмайтын болса, сатылымға шығармау қажеттігін қатаң түрде ескертті. Бұл ретте, кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Х. Камалов өнімдерді талапқа сәйкес сақтау үшін сатушылардың әрбірінде витриналық тоңазытқыш болу қажеттігін, бұл үшін сыйымдылығы 5 тонналық тоңазытқыш рефрижератор көліктің қызметін пайдалану керектігін жеткізді.

Өз кезегінде, қала әкімінің орынбасары Т.Баймұханов ауыл шаруашылығы өнімдерінің зертханалық сараптаудан өтуі, тексеру таразысының орнатылуы, арнайы витриналық тоңазытқыштармен қамтамасыз ету жағдайын ұдайы бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 13 Май 2016 09:33

358 нысан тексерілді

Аудан әкімдігінің қызметкерлері аудан аумағында орналасқан коммерциялық нысандардың маңдайша, жарнамалар және тағы басқа көрнекі ақпараттарды «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестендіру мақсатында жылдың басынан бері рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізуде.

1124

Ауданға қарасты 358 нысан тексерілді. Оның ішінде «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңына сай келмейтін 156 коммерциялық нысан иелеріне ескерту қағаздары беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тиісті мәліметтер жолданды. Жұмыстар жалғасын табуда.

Опубликовано в Қала

Аудан әкімдігі аудан аумағындағы мемлекеттік мекеме ғимараттарының сыртқы кіреберіс бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасының дұрыс орналастырылуына байланысты зерделеу шараларын жүргізді.

Зерделеу барысында, атап айтқанда Шәмші Қалдаяқов көшесінде орналасқан Абай аудандық полиция бөлімшесінде, Абай аудандық сотының, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің Шымкент қаласы Абай ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі орналасқан ғимарат ішіндегі Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңба талапқа сай орнатылған. 

Алдағы уақытта ауданда орналасқан мемлекеттік мекемелерде Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай болуына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, талапқа сәйкес орналастыру бойынша жүргізілген насихаттау жұмыстары жалғасатын болады.

 

Опубликовано в Қала
Пятница, 13 Май 2016 05:55

Заңсыз дүңгіршектер алынды

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың тапсырмасымен Шымкентте заңсыз сауда орындарын жою жұмыстары қолға алынғаны белгілі. Осы мақсатта Әл-Фараби ауданы әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ рейд өткізді.

IMG-20160505-WA01131

Рейд барысында Володарский көшесіндегі 2 дүңгіршек анықталып, алынып тасталды.
Әл-Фараби ауданы әкімдігі бүгінге дейін 23 заңсыз дүңгіршекті жойған. Оның 12-не хаттама толтырылып, 7-не ескерту беріп, 5-не айыппұл салыпты. Сондай-ақ, рейд жұмыстарының нәтижесінде 16 иесіз дүңгіршек анықталып отыр.
– Басты мақсат – заңсыз сауда орындарын болдырмау. Қала тұрғындарына кедергі келтіретін орын қалыптастырмау, қала көркін бұзбау. Жалпы аудан аумағындағы жол бойындағы, жүргінші жолдарындағы заңсыз дүңгіршек толығымен жойылады, – дейді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Серік Нұрманов.
Рейдте жұмысшы топ азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ҚР Әкімшілік кодексі бойынша айыппұл салынатынын ескертті.

Опубликовано в Қала
Среда, 27 Апрель 2016 05:20

Заңсыз дүңгiршектер жойылуда

Әл-Фараби ауданы аумағында күні бүгінге дейін заңсыз сауда жасап келген дүңгіршектердің 90 пайызы өз жұмысын тоқтатқан. Ретсіз сауданы жою жұмыстары бойынша рейдтік шара ұйымдастырған аудан әкімдігінің қызметкерлері Төле би көшесінің бойындағы бүгінгі ахуалды саралап көрді. Шараға қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, полиция қызметкерлері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

– Соңғы 2 ай уақыт ішінде қолға алған ауқымды шаралар өз нәтижесін беруде, – дейді аудан әкімінің орынбасары Серік Нұрманов. – Өткен жылы аудан аумағында заңсыз жұмыс жасап келген 87 дүңгіршек жойылған болса, биыл тағы 32 дүңгіршек анықталып отыр. Жыл басынан бері оның 16-сы жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, бей-берекет орындарда сауда жасап келген 43 азамат әкімдік қызметкерлерінің ықпал етуімен сауда қатарларындағы тиісті орындарға орналастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.
Айта кетейік, аудан әкімдігі қызметкерлері тарапынан биыл жалпы саны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңнамасының 204-бабымен, яғни, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасау бойынша 413, 505-бабы, яғни, қаланың абаттандыру ережелерін бұзу бойынша 220 азаматқа хаттама толтырылған.

Опубликовано в Қала
Пятница, 15 Апрель 2016 05:59

Тәртіп бұзғандарға – айыппұл

«Қырғы базарға» қарай жерасты өткелімен емес, көшені кесіп өтетіндер қатары көп. Соның салдарынан, көлік қозғалысына едәуір кедергі келтіруде. Осындай мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері бірқатар құзырлы мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, рейд жүргізді.

IMG 2687Шымкенттің бұл аумағында жаяу жүргіншілер қозғалысын қауіпсіз ету мақсатында салынған жерасты өткелі бұрыннан бар. Алайда, халықтың дені уақыт пен жолды қысқарту үшін рұқсат етілмеген жерден өтуді үйреншікті жағдайға айналдырған.
Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Серік Нұрманов жер асты өткелінің халық үшін тым ыңғайсыз халде екенін айтады. Мәселен, онда жағалай сауда дүңгіршектері орналасып, жаяу жүргіншілердің еркін өтуіне кедергі келтіруде.
– Бұл орайда, әкімдік тарапынан Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне арнайы хат жаздық. Алдағы уақытта орын алған мәселе шешімін табады. Жыл басынан бері әкімдік тарапынан мыңдаған адамға ескерту берілді. Бірақ құлақ асып жатқандар қатары кемде-кем, – дейді С.Нұрманов.
Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің айтуынша, ол маңда көлік апаты немесе адам қағу жайттары орын алмағанымен, жол жүру ережесі жиі бұзылады. Осы ретте Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері рейд жұмыстарын әлі де жалғастыратынын және мұнан соң ереже бұзған азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шара қолданылатынын ескертті.

Опубликовано в Қоғам

Шымкент қаласы әкімдігінде ретсіз сауда мәселесі және жылу беру маусымы қорытындысын талқылауға арналған мәжіліс өтті. Онда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тиісті сала басшыларының баяндамасын тыңдады.

akimattt

Алдымен қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. 

– 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Аудан әкімдері тарапынан жұмыс топтары құрылды. Қала аумағында ретсіз сауда орындарының негізгілері анықталып, биыл іс-шара жоспарына сәйкес 92 рейд жұмысы ұйымдастырылды. Жыл басынан бері Абай ауданында заңсыз орналасқан 6 дүңгіршек, Әл-Фараби ауданында 13 дүңгіршек, 2 киіз үй, Еңбекші ауданында 9 дүңгіршек, 2 киіз үй, Қаратау ауданында 8 дүңгіршек, 1 киіз үй алынды. Жалпы қала аумағында қаңтар-наурыз айларында жергілікті полиция қызметі тарапынан 1352 әкімшілік-хаттама толтырылған. 1203 азаматқа жалпы 1 млн 733 мың 917 теңге айыппұл салынды. 821 887 теңге көлемінде айыппұл өндірілді, – деді қала әкімінің орынбасары.
Дегенмен, әлі де жұмысты жандандыру керек. Мәселен, Абай ауданында «Бекжан», «Алаш», «Автонұр», «Сейхун» базарының маңында, Әл-Фараби ауданы бойынша «Қырғы базар»,

«Қазына» сауда орталықтарында, Төле би, Әйтеке би және Қазыбек би көшесі бойында әлі де атқарылатын жұмыстар бар. Ал Еңбекші ауданында
Ш. Уәлиханов, «Сайрам», Қойгелді батыр, Ж. Аймауытов және Ж. Адырбеков көшесінде тәртіпті күшейту керек.

Қаратау ауданында «Нұрсәт» шағынауданында, «Достық», «Қайтпас», «Ақжайық» елдімекенінде, Жібек жолы көшелері бойында ретсіз сауда орындары әлі де бар.

– Ретсіз сауда – күрделі мәселе. Жылдың қорытындысы бойынша үлкен базар аумақтарда заңсыз сауда орындары толықтай жойылуы тиіс. Жергілікті полиция қызметі, кәсіпкерлік бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі нақты жұмыстар атқару керек, – деді қала әкімі.
2015-2016 жылғы жылу беру маусымының қорытындысы жайын баяндаған қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов тұрғындар тарапынан арыз-шағымдардың азайғанын айтады. Өткен жылыту маусымында азаматтар тарапынан 328 арыз-шағым түскен.
Қала әкімінің орынбасарының мәлімдеуінше, биыл «Солтүстік», «Шығыс», «Сайрам» шағынауданындағы жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстары атқарылады. Соған сай жаз маусымында ыстық су беруде мәселелер туындауы мүмкін.
– Бүгінде «Нұрсәт» шағынауданындағы жылу қазандыққа тұтынушылар әлі толық қосылып біткен жоқ. Жұмысты жүйелі атқару үшін резервтік отын есебінде 800 тонна сұйық отын қажеттілігі туындап отыр. «Нұрсәт», «Теріскей», «Сайрам», «Отырар» шағынаудандарында әлеуетті қазандыққа қосылу үшін ұзындығы 2,5 шақырымдық жылу жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныс бар, – деді Б. Жанбосынов.
Қала әкімі жаңа шағынаудан тұрғындарына ыстық су берілуі керектігін нықтап айтты. «Бір аптадан кейін нақты жұмыстарды сұраймын. Ұсыныстарды беріңіздер. Жаңа шағынаудан тұрғындарына ыстық су берілуі керек», – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.
Келесі жылу маусымында жылу тарифі 14 теңгеге қымбаттайды.
Жиында қала тұрғындары жылу орталықтарына 994 млн теңге қарыз екені де мәлім болды. Ғ. Әбдірахымов бұл мәселені бір келісімге келіп, шешу керектігін айтты. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер толығымен зерделеніп, тиісті қаулы қабылданды.

Опубликовано в Саясат
Пятница, 08 Апрель 2016 03:56

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту орталығы және Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, І. Жансүгіров көшесі бойындағы өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы және «Өрлеу» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

1214

Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы негізгі үш бағыттан тұрады: бірінші бағыт – белсенділікті арттыру (тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту, кәсіби оқуды ұйымдастыру), екінші бағыты – ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту ( өз ісін ашу), үшінші бағыт – еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру (экономикалық белсенді аймақтарға жер алмастыру арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру).
Бағдарламаға қатысушылар санатына жұмыссыздар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар және өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтар кіреді. Отбасының қиын тұрмыс жағдайын жеңілдету мақсатында және бұрын-соңды жұмыс істемеген отбасы мүшелеріне жаңа өмірге беймделуіне, оқуына не қайта оқуына, сонымен қатар, жұмысқа орналасуына ықпал ету немесе жеке кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктерін қарастыру көзделген. «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасынының мақсаты – аз қамтылған еңбекке жарамды отбасылар тек қана жәрдемақы алып қоймай, әлеуметтік бейімделген және кәсіби хабардар болып, әрекетсіз ақшалай көмектен белсенді отбасыға ауысып және асыранды көңіл-күйді барынша азайту. Осы бағдарламалар бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгіне алатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Опубликовано в Қоғам
Среда, 30 Март 2016 05:00

Ретсiз саудадан тазартылды

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, жабайы сауда орындары мен заңсыз қызмет көрсетіп келе жатқан дүңгіршектерге қарсы күрес шаралары қызу жүргізілуде. Осыған орай Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті рет рейд өткізілді.

 alPharabi-reid  alPharabi-reid-2

Белгіленбеген орында жеміс-жидек сатушылар базар ішіне көшіріліп, ал жаяу жүргіншілер жолында орналасқан дүңгіршектер жүк көлігіне тиеліп, аумақ ретсіз саудадан тазартылды.
Аудан әкімінің орынбасары Серік Нұрмановтың айтуынша, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы ретсіз саудамен күресті күшейткен.
– Біз «Қырғы базардың» сыртында, көше бойында сауда жасайтын сатушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 42 сауда нүктесін базар ішіне көшірдік. Ал жыл басынан бері заңсыз тұрған 8 дүңгіршек алынып, 32 хаттама толтырылды. Оның 25-іне айыппұл салынды. Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күнделікті бақылап, рейд өткізудеміз. Ретсіз саудамен күрес жұмыстары жалғасатын болады, – деді С. Нұрманов.

Опубликовано в Қоғам
Страница 2 из 2