×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Заңсыз дүңгiршектер жойылуда Избранное

Среда, 27 Апрель 2016 05:20 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3719 раз

Әл-Фараби ауданы аумағында күні бүгінге дейін заңсыз сауда жасап келген дүңгіршектердің 90 пайызы өз жұмысын тоқтатқан. Ретсіз сауданы жою жұмыстары бойынша рейдтік шара ұйымдастырған аудан әкімдігінің қызметкерлері Төле би көшесінің бойындағы бүгінгі ахуалды саралап көрді. Шараға қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, полиция қызметкерлері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

– Соңғы 2 ай уақыт ішінде қолға алған ауқымды шаралар өз нәтижесін беруде, – дейді аудан әкімінің орынбасары Серік Нұрманов. – Өткен жылы аудан аумағында заңсыз жұмыс жасап келген 87 дүңгіршек жойылған болса, биыл тағы 32 дүңгіршек анықталып отыр. Жыл басынан бері оның 16-сы жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, бей-берекет орындарда сауда жасап келген 43 азамат әкімдік қызметкерлерінің ықпал етуімен сауда қатарларындағы тиісті орындарға орналастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.
Айта кетейік, аудан әкімдігі қызметкерлері тарапынан биыл жалпы саны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңнамасының 204-бабымен, яғни, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасау бойынша 413, 505-бабы, яғни, қаланың абаттандыру ережелерін бұзу бойынша 220 азаматқа хаттама толтырылған.