Пятница, 28 Июль 2017 05:45

Жедел желі іске қосылды

Елімізде азаматтарға дін саласы бойынша кеңес беретін «114 жедел желі» - www.114.kz ресми сайты іске қосылды, деп хабарлайды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

Онда мамандар телефон және сайттың онлайн желісі арқылы азаматтардың дін тақырыбындағы кез келген сауалдарына жауап береді, діни арандатушы әрекеттерден зардап шеккендерге психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетеді. Байланыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Биылғы жылдың соңғы үш айында «114 жедел желісі» мамандары 144-тен астам хабарласқан адамға жауап қайтарды. Көбінесе Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының азаматтары хабарласқан. Мамандар сұрақ қоятын азаматтардың қатары артқандығын айтады. 

Кеңес алу тегін және құпия түрде жүзеге асырылады. Қоңыраулар қала телефондарынан «114» нөмірі арқылы қабылданады. Қосымша қоңыраулар (хабарламалар, фото/видео материалдардан тұратын басқа да ақпараттар) WhatsApp +7 777 0000 114 нөмірі арқылы жүргізіледі.

Опубликовано в Әлеумет

Аптаның алғашқы күнінде 32 мың тұрғыны бар «Қайнарбұлақ» саяжайында «Қазпошта» АҚ-ның жаңа бөлімшесі пайдалануға берілді. Жаңа ғимаратта жергілікті тұрғындар үшін 100-ден астам қызмет түрі көрсетілетін болады.

SAM 3239

Айта кетейік, бірер ай бұрын Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жергілікті тұрғындармен кездесуінде бұл мәселенің өзектілігі сөз болған еді. Онда тұрғындар сәлемдеме жолдау, қаржылық аударымдарын жасау, зейнетақы мен жәрдемақысын алу үшін де қала орталығына баратынын айтып, мәселені оңтайлы шешіп беруді сұраған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ел игілігіне беріліп отырған осы бір шағын ғана ғимаратта азаматтар коммуналдық қызмет түрлеріне төлемдер жасап, тіпті, ұшақтар мен теміржол қызметіне де билеттерге тапсырыс бере алады. 

SAM 3255

– Жалпы, қала аумағында 35 ірі қалалық пошта байланысы, 100-ге таяу бөлімшесі бар кәсіпорын үшін бұл әрине, айрықша сәт. Тұрғындардың талап-тілегіне орай, барлық қызмет түрлерін ұсынатын боламыз, – дейді «Қазпошта» АҚ ОҚО филиалының директоры Әлия Сүгірбаева.

Опубликовано в Қала

ӘР ЕСІККЕ ЕЛЕҢДЕГЕНШЕ, ЖҰМЫСЫҢЫЗДЫ БІР ТЕРЕЗЕДЕН ТЫНДЫРЫҢЫЗ!..

Қаламызда «Халықтық кеңсенің» ашылғанына әне-міне дегенше жарты жыл болыпты. Алты ай мерзім ішінде бұл мекемеге 55 907, ал 2017 жылдың үш айында 23 786 арыз-шағым түсіп, бақылауға алынған. «Халықтық кеңсенің» «Халыққа қызмет көрсету орталығынан» айырмашылығы қандай? Қарапайым жұртшылық аталған мекемеге қандай сауалдарымен бара алады? Біз «Халықтық кеңсе» өмірін өз көзімізбен көріп қайтып едік. 

20170310 104625

«Халықтық кеңсеге» кірген бойда Анықтама қызметінен қажетті мәлімет аласыз. Қызметкерлер сізге «көрсеткіш тақтадан» (таблодан) кезек алуға нұсқайды. Кеңседе халыққа қызмет көрсететін, арыз-шағымын қабылдап, кеңес беретін 13 терезе таңғы сағат 9-дан кешкі 7-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді. 

– «Халықтық кеңседе» «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетіледі. Яғни, халық әуре-сарсаңға салынбайды, әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алады және құжаттардың қаралу мерзімі қысқарады. Мұнда қазіргі таңда, 40 қызметкер жұмыс істейді, – дейді кеңсе үйлестірушісі Гүлжамал Жұмабекова. 

20170310 105727

telfon2Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықтық кеңсесіне» түрлі мәселелер бойынша азаматтарға күнделікті қызмет көрсетіліп, бір күнде шамамен 607 арыз-шағым, өтініштер тіркеліп отырады. Кеңсе үйлестірушісінің айтуынша, оның 400-ге жуығы арыз-шағым болса, 200-і кеңес алуға келгендер. Мәселен, қала тұрғыны Айбибі Мұқанжанова 6-шы терезеге келіп, өзінің жер телімі туралы мәселеге байланысты арызын жазды. Айтуынша, сатып алған жер телімінің екі бірдей иесі бар болып шығыпты. Соны өзінің атына аударғысы келеді екен. «Халықтық кеңсенің» бас маманы Эльназ Табирова қала тұрғынының арызын қабылдап, құжаттарын әкімдікке жіберді. Екі күннен кейін Жер қатынастары бөліміне барып, хабар алуына болатынын жеткізді. Ал өтініштің жауабы екі аптадан кейін дайын болады екен. Негізі арыз-шағымды қарау мерзімі – 30 күн. Кеңсенің бас маманы қала тұрғынына төрт саннан тұратын штрихкод-талон берді. Енді Айбибі Мұқанжанова «Халықтық кеңсеге» келмей-ақ, үйінде отырып, ғаламтор арқылы мәліметтер базасынан әлгі төрт саннан тұратын құпия кодты теріп, біле алады. Өтініші қай сатыдағы қарауда жатқанына дейін де біліп алуына жағдай жасалған. «Бір терезе» қағидасы деген осы ғой. «Халықтық кеңсеге» бір рет барасыз да, жарты немесе бір айдың жүзі өтті-ау дегенде, үйдегі ғаламтордан жауабын білесіз. 

– Күрделілігіне қарай арыз-шағымдар қайта қаралып немесе кейбіреулерінің жауапқа қанағаттанбай жататын кездері де болады. Ондайда тұрғындардың түсіністікпен қарауына тура келеді. Өйткені, мұнда барлығы да Заң шеңберінде іске асады. Арыз-шағымдардың басым бөлігі – жер мәселесі, одан кейін несие алу, қаржыландыру жөнінде, – дейді Гүлжамал Ералықызы. 

20170310 105813

Күнделікті тіркелген арыз-шағым, өтініштерді орындау үшін тиісті аудан және бөлімдерге курьерлық қызмет арқылы жеткізіледі.

Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында азаматтарды жеке қабылдау регламентіне өзгерістер енгізіліп, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімдері мен құрылымдық бөлім басшыларының жеке қабылдауы «Халықтық кеңседе» өткізіліп жүр. 

Құжаттарды қабылдау жүйесі бір жерде жинақталған. 

Дайын құжаттарды тапсыру секторы смс және қоңырау шалу арқылы азаматтармен хабарласып, құжаттарының дайын екенін ескертеді және жауап хаттарын қолма-қол табыстайды. 

telfon

Еліміз бойынша бірінші рет Шымкентте ашылған «Халықтық кеңсенің» «Халыққа қызмет көрсету орталығынан» айырмашылығы мынада. ХҚКО – мемлекеттік қызметке қатысты арыз-шағым қабылдаса, ХК – қала әкіміне, оның орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, аудан әкімдері мен құрылымдық бөлім басшыларына арыз-шағым жолдайды.

Бұл бірегей нысан «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білімін жетілдіріп келген Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың бастамасымен ашылған болатын. – Қанша қоңырау шалсаң да, тұтқасын ешкім көтермейтін телефондардан шаршаған халық үшін бұл мекеме өте ыңғайлы, – деп еді әкімнің өзі. Расында, әр есікке елеңдемей, «Халықтық кеңсенің» бір терезесінен-ақ шаруаңызды тындыруыңызға болады.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 03 Март 2017 06:08

«Memkyzmet.kz» сайтын іске қосты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті «Memkyzmet.kz» сайтын іске қосты. Бұл жөнінде департамент басшылығы Шымкент қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлерге сайт қызметінің тиімділігін түсіндірді.

memkyzmet.kz

Енді кез келген азамат кешенді аттестация жайында толық мәліметті осы сайт арқылы біле алады.

– Аттестаттаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкердің жалпы, кәсіби деңгейін анықтау, біліктілігін айқындау, – дейді агенттіктің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев. 

Сайттан мемлекеттік қызметке орналасу үшін тапсырылатын тесттің қажетті заңдар жинағын тауып, сол арқылы тестілеуге тіркелуге де мүмкіндік бар. Сондай-ақ, департамент басшысы мобильді топ құрылғысы жөнінде де атап өтті. Яғни, мемлекеттік қызмет көрсету барысында қандай да бір құқықбұзушылық деректеріне немесе әкімшілік кедергілерге куә болсаңыз, 8 (7252) 51-51-51 сенім телефонына хабарласуыңызға болады.

Опубликовано в Қоғам

Шымкентте наурыз айының алғашқы жұлдызынан бастап, қалалық ақпараттық сервисі іске қосылды. Кез келген азамат қажетті ақпаратты алу үшін ендігі жерде заманауи бірыңғай сервис қызметін пайдалана алады. Ол үшін ғаламтор жүйесіне қосылудың қажеті де жоқ.

58b7a8d7b78b1Ақпараттық сервистік картасын пайдалану арқылы қала тұрғындары мен қонақтары 76 бағыт бойынша жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік қызметімен (жүру бағыты, кестесі, уақыты) танысу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, сервис қаладағы 11 мыңнан астам әкімшілік ғимаратын интерактивті үлгіде көрсетеді. Бұл қатарда кәсіпкерлік нысандарымен қатар, емханалар мен ауруханалардың, балабақшалар, спорт мектептері мен әлеуметтік қызмет көрсету орындары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарының мекенжайын анықтауға болады. Яғни, 15 800 мекеме жөнінде жан-жақты ақпарат (мекенжай, байланыс, жұмыс уақыты, төлем амалдары, суреттері) 3D-моделінде беріледі. 

Ақпараттық сервис қызметінің мобильді қосымшасын Google Play және App Store жүйесі арқылы ақысыз түрде жүктеп алуға болады.

Опубликовано в Қоғам

Ақпан айының алғашқы жұлдызынан бастап елімізде мемлекеттік қызметкерлерді кешенді тестілеу жүргізілуде. Бұл жолғы аттестация барысында мемлекеттік қызметкерлердің жүктелген жұмыстарды орындау қабілеті тексеріледі.

Мемлекеттік қызметкерлердің сынағынан алдымен департамент басшылары мен олардың орынбасарлары өтті. Емтихан екі кезеңнен тұрады. 2 сағаттың ішінде сынақ тапсырушылар 220 сұраққа жауап беруі тиіс. 

Жалпы, облыс бойынша 8 700-ге жуық мемлекет қызметкер болса, оның 6000-нан астамы кешенді аттестациядан өтеді. Сынақ арнайы автоматтандырылған бағдарлама арқылы тапсырылуда. Қорытындысы бойынша комиссия мүшелері қызметкердің лауазымын жоғарылату туралы шешім қабылдауға да құқылы.

Осылайша Елбасы жариялаған Ұлт Жоспарының 15-қадамында көзделген мақсат-міндеттер іске асырылмақ. Тест наурыздың соңына дейін жалғасады. Бірінші кезекте орталық аппарат қызметкерлері сынақтан өтсе, одан кейін облыстық және аудандық деңгейдегі «Б» корпусының өкілдері аттестация тапсырады.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 10 Февраль 2017 04:55

Сауал жолдаңыз, жауап беріледі

Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы бүгінгі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты туындаған қиындықтарын бірыңғай байланыс орталығы арқылы құзырлы орындарға жеткізе алады. Бұл бағытта облыс әкімдігі жанынан ашылған орталық азаматтардың арыз-шағымын тіркеуге алып, сол мезетте коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге жолдап отырады.

DSC 6269

Ең бастысы оның уақытылы орындалуы қатаң бақылауға алынады. Байланыс орталығы бір мезетте бірнеше телефон қоңырауын қабылдай алатын заманауи ақпараттық құралдармен жабдықталған. Онда 5 оператор жұмыс істейді. 

– Операторлардың клиенттерге сапалы қызмет көрсету барысын супервайзер маман үйлестіріп отырады. Телефон диалогтары жазып алынады, сондай-ақ, қызмет сапасына мониторинг жүргізіледі. Кері байланыстың автоматтандырылған жүйесі барлық сауалдар бойынша берілген жауаптардың сапасын тексеруге мүмкіндік береді, – дейді орталық директоры Еркеғали Балажан. 

Мұнда қоңырау шалған тұрғынға тиісті жауап беріліп, сала мамандары тарапынан айтылған шағым жедел арада шешімін табады.

DSC 6332

Айта кетейік, орталық ашылғалы бері 1 жарым жылға жуық уақыт мерзімінде 8 мыңнан астам қоңырау қабылданыпты. Сауалдардың басым көпшілігі жылу мен жарықтың сапасына қатысты болып келеді. Тек өткен жылда Шымкент қаласы бойынша 6061 қоңырау түскен. Оның 3386-на тиісті жауап беріліпті. Өзге сауалдар бойынша қазіргі таңда тұрғындардың сұранысы орындалуда. Орталық әкімшісі Әйгерім Бектариева әсіресе, қазіргі қыс маусымында күніне орта есеппен 25 қоңыраудың шалынатынын айтады. 

Тұрғындардың талап-арызына дер кезінде жауап беру әрі іске асыру мақсатында орталық ұжымы алдағы уақытта демалыссыз, аптасына 7 күн, тәулік бойы жұмыс істеуді ойға алып отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты туындаған қандай да бір сауалыңыз болса, орталықтың 39-55-55 нөмірі арқылы хабарласуыңызға болады.

Опубликовано в Қала
Среда, 28 Декабрь 2016 06:21

Күні-түні бір тынбай…

Шымкент жаңа жылға санаулы күндер қалғанда ақ шапанын киіп, қыстың көркін кіргізген еді. Маңайды әппақ әлемге ораған көрініс көңіліңді де көркейтеді. Әйткенмен қыстың бұл құбылысы коммуналдық сала қызметіне біраз әбігер туғызатыны бар. «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшылары күні-түні тыным таппайды. Олар қала халқының қауiпсiздiгiне жауапты екенiн жақсы біледі. Алайда «Қаланы қардан тазарттық-ау» деп еркiн тыныстай бергенде, осы сәтті күтіп тұрғандай аспаннан ақ «көбелек» қайтадан қона бастайтыны бар.

DSC 2974

Жауған қар тазалықшылармен жарысып жататындай болады. Жұмыс тоқтаусыз жүрсе де, көшелерде лас қар үйінділері қалады. Қазір мекеменің сала мамандары күшейтілген тәртіпке көшкен. Еңбек көрігін күні-түні тынбай, қыздырып жатыр. 

Өткен аптаның жұма, сенбі күндерінде «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшылары тәулік бойы тыным тапқан жоқ. Жолдарды аршып, көшелерді мұздан тазартты. Қазір жол тазалаушылардың жұмысы бұрынғыдан еселенген. Соған сай еңбеккерлерге айтарлықтай жағдай жасалған. Техникаға қажетті жанар май қоры да жеткілікті. Арнайы мекеме мамандары түнгі сағат 1.30-да жұмысқа шықты. Бұл сәтте қала тұрғындары қалың ұйқыда. Жұмысшылар түні бойы уақытпен санаспады. Жапалақтаған қармен жарыса жүріп, жолды аршумен болды. Осы орайда, жол полициясының қызметкерлері де көмекке келді. Олар қар сүретін ауыр техникаларды түні бойы бастап жүрді. 

DSC 2931

Жол тазалаушы Нұрлан Мұратбеков осы кәсіптің 3 жылдан бері нанын жеп жүр. Ол үшін адам өмірі басты орында. Ауа райының құбылуына қарай, күн демей, түн демей жұмыс істейді. «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің автотранс бөлімінің басшысы Асхат Әбдірешовтің айтуынша, мекемеге қарасты 84 көше бар. 42 қар күреу техникасы жұмылдырылған. Негізгі күш Астана, Бәйдібек, Республика, Темірлан тас жолы көшелеріне түседі екен. 

– Жасыратыны жоқ, кейде табиғат тосын сый жасайды. Бірақ әзірге артық мөлшерде қар жауған жоқ. Мекеме қызметкерлері мен жұмысшылары қыстың ауа райы құбылмалы әр күнінде үздіксіз жұмыс істеді. Қар басқан жерлер уақытысында аршылады, – дейді А. Әбдірешов.

Мекеме мамандары көше бойындағы қаз-қатар тізілген көліктердің көптігі жұмысқа елеулі қиындық туғызатынын алға тартты. 

DSC 2990

Жүргізушілер машиналарын қалай болса солай қойып кететін көрінеді. Бұл тазалаушы техникаларға айтарлықтай кедергі келтіреді. Егер көше бос болса, техниканың көмегімен жылдам бітіруге де болар еді. 

Қалың қар түскен өткен күндері «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкерлері күндізгі сағат 11-ге дейін көшелерді қардан толықтай тазартып болды. Жолдың бойы айнадай жарқырап жатты. Орталық көшелерді мұз, қардан аршып болған соң, көліктерге құм, тұз артып, «Достық», «Қайнарбұлақ» шағынаудандарының көшелеріне шашады. Синоптиктердің алдағы күндерге болжамына қарай жол тазалаушылар да жұмыстарын алдын ала жобалап, кез келген тосын жағдайға дайын тұрады. Көлік тізгініндегі Нұрлан Мұратбеков, Ақыл Айқынбаев және оның әріптестерінің жұмысы осындай қарбаласқа толы.

Опубликовано в Қоғам

Шалғай ауылдық округтерінің халқына ыңғайлы болу үшін құрылған Мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетілетін кеңестердің ауқымын кеңейтті. Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы департаменттерінің қызметкерлерімен бірге еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері шығатын болады.

DSC 0164

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын 530 мемлекеттік қызмет қазақстандықтарға мобильдік ХҚКОлары арқылы қолжетімді. Жобаны іске қосқан сәттен бастап 66 бірлескен сапар жүзеге асырылды, олардың барысында ауыл тұрғындары тек мемлекеттік қызметтерді ғана алып қоймай, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту мәселелері бойынша да кеңестер алды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбділмановтың айтуы бойынша мобильдік ХҚКОлар жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша бекітілген кестелер бойынша шығады. «Мобильдік ХҚКОлар ауыл тұрғындарының қаржысы мен уақытын үнемдеу үшін құрылған болатын. Көрсетілетін қызметтердің ауқымы мен сервистерін кеңейту, оларды ауыл тұрғындары үшін неғұрлым танымал етуде. 2016 жылғы 4 ай ішінде 4 755 сапар жүзеге асырылды, олар 1 316 елді мекенді қамтыды», - дейді Әбділманов.

 Республиканың 14 өңірінде 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Жыл басынан бастап мобильдік ХҚКОлар 127 063 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Сапарлар кестесін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясының ресми порталында, аудандық әкімдіктердің және өңірлік БАҚ сайттарында көруге болатынын атап өтеміз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
 КЕ АҚ Баспасөз қызметі 
тел.: 8 7172 55 85 99 

Опубликовано в Қоғам
Страница 2 из 2