×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Сауал жолдаңыз, жауап беріледі Избранное

Пятница, 10 Февраль 2017 04:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 6399 раз

Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы бүгінгі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты туындаған қиындықтарын бірыңғай байланыс орталығы арқылы құзырлы орындарға жеткізе алады. Бұл бағытта облыс әкімдігі жанынан ашылған орталық азаматтардың арыз-шағымын тіркеуге алып, сол мезетте коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге жолдап отырады.

DSC 6269

Ең бастысы оның уақытылы орындалуы қатаң бақылауға алынады. Байланыс орталығы бір мезетте бірнеше телефон қоңырауын қабылдай алатын заманауи ақпараттық құралдармен жабдықталған. Онда 5 оператор жұмыс істейді. 

– Операторлардың клиенттерге сапалы қызмет көрсету барысын супервайзер маман үйлестіріп отырады. Телефон диалогтары жазып алынады, сондай-ақ, қызмет сапасына мониторинг жүргізіледі. Кері байланыстың автоматтандырылған жүйесі барлық сауалдар бойынша берілген жауаптардың сапасын тексеруге мүмкіндік береді, – дейді орталық директоры Еркеғали Балажан. 

Мұнда қоңырау шалған тұрғынға тиісті жауап беріліп, сала мамандары тарапынан айтылған шағым жедел арада шешімін табады.

DSC 6332

Айта кетейік, орталық ашылғалы бері 1 жарым жылға жуық уақыт мерзімінде 8 мыңнан астам қоңырау қабылданыпты. Сауалдардың басым көпшілігі жылу мен жарықтың сапасына қатысты болып келеді. Тек өткен жылда Шымкент қаласы бойынша 6061 қоңырау түскен. Оның 3386-на тиісті жауап беріліпті. Өзге сауалдар бойынша қазіргі таңда тұрғындардың сұранысы орындалуда. Орталық әкімшісі Әйгерім Бектариева әсіресе, қазіргі қыс маусымында күніне орта есеппен 25 қоңыраудың шалынатынын айтады. 

Тұрғындардың талап-арызына дер кезінде жауап беру әрі іске асыру мақсатында орталық ұжымы алдағы уақытта демалыссыз, аптасына 7 күн, тәулік бойы жұмыс істеуді ойға алып отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты туындаған қандай да бір сауалыңыз болса, орталықтың 39-55-55 нөмірі арқылы хабарласуыңызға болады.