70 аудиторлық ісшара өткізілді

Понедельник, 28 Декабрь 2020 10:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1435 раз

Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жыл 12 қараша "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" ҚР Заңына қол қойылған. Аталған заң, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін айқындайды, олардың өкілеттіктерін, мемлекеттік аудит принциптерін белгілейді.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын, мемлекет активтерін басқару және пайдалану тиімділігін, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

Ағымдағы жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша, Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі - Департамент) 70 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Тексерулердің жалпы санынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде 47 аудиторлық іс-шаралар өткізілді (жалпы 67 %), жоғары тұрған органдардың тапсырмасы бойынша – 7 (жалпы 10 %), жоспарлы іс-шараларға сәйкес 12 аудит жүргізілді (17 %), тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша - 4 (жалпы 6 %).

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 12307964,0 мың теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы 7599786,6 мың теңге немесе 61,7 %.

Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның прокуратура органдарымен және қылмыстық қудалау органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде Департамент қызметкерлерінен, тартылған мамандар ретінде 99 тексеруге қатысып, жалпы сомасы 4724122,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Заңға сәйкес қаржылық бақылаудың ден қою шаралары анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығару болып табылады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан 399608,5 мың теңгесі өтелуге/қалпына келтіруге жатады, оның ішінде бүгінгі күні бюджет кірісіне және тауар жеткізу жұмыстары мен қызмет көрсету арқылы 133714,8 мың теңге (жалпы 33,5%) қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, қылмыстық жазаланатын әрекеттер белгілерінің болуына байланысты құқық қорғау органдарына іс жүргізу шешімін қабылдау үшін 112356,8 мың теңге сомаға 11 аудит материалдары беріліп, оның ішінде 5 материал бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Заңды орынды іске асыру арқылы, бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін арттыруға және тиісінше халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

А.Турлыбекова,

Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің

бас маман-мемлекеттік аудиторы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.